Главная страница

Юнеско әлихан бөкейханды шынайы бүкіләлемдік дара тұЛҒа деп таныды


Скачать 14.07 Kb.
НазваниеЮнеско әлихан бөкейханды шынайы бүкіләлемдік дара тұЛҒа деп таныды
Дата06.02.2016
Размер14.07 Kb.
ТипДокументы

ЮНЕСКО ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНДЫ ШЫНАЙЫ БҮКІЛӘЛЕМДІК ДАРА ТҰЛҒА ДЕП ТАНЫДЫ
2016 жылы Әлихан Бөкейханның 150-жылдық мерейтойы ЮНЕСКО аясында өтеді. ЮНЕСКО өзінің кезекті 38 сессиясында осындай қаулы қабылдады. Енді сөз кезегі 1905-1930 жылдардағы тарихи оқиғаларды, оның ішінде әсіресе Алты Алаш көсемінің өмірі мен сан қырлы қызметін және құн жетпес мұрасын зерттейтін ғалымдарда. Әйтсе де соңғы сөзді Қазақстан үкіметі айтуға тиіс.

ХХ ғасыр басындағы Алты Алаштың көсемі – Әлихан Бөкейхан

(05.03.1866 – 27.09.1937).
ЮНЕСКО Бас конференциясының 2-18 қараша аралығында болып өткен 38-сессиясы «мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл толуына арналған мерекелік шараларға қатысу туралы» өзінің Атқарушы кеңесінің ұсынысын түпкілікті мақұлдады. Ол туралы Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы өкілетті уәкілі Сатыбалды Бұршақов хабарлады. ЮНЕСКО-ның Атқарушы кеңесі өзінің ұсынысын 196-сессиясының биылғы 17 наурыздағы жиынында қабылдаған болатын (сессия хаттамасының 22 тармағы).

Атап өтетін жайт: ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы Атқарушы кеңесінің ұсынысын

айрықша жағдайларда ғана мақұлдамайды. Демек, Қазақстан үкіметі 2016 жылы Әлихан Бөкейханның 150-жылдығын ЮНЕСКО аясында лайықты тойлау үшін мерейтойлық іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру туралы тиесілі қаулы қабылдап, оған жеткілікті қаражат қарастыруға кірісуге тиіс.

Ә.Н.Бөкейхан (05.03.1866-27.09.1937) – ХХ ғасыр басындағы даңқты мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушы, идеологы, саяси көсемі, Қазақтың автономиялық Алаш мемлекетін құрушы, оның басшысы әрі премьер-министрі. Ғұлама ғалым – тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, заңгер, экономист, агроном, көсемсөзші. Оның кейінгі ұрпаққа қалдырған ғылыми-публицистикалық мұрасы қазір 16 томнан астам жинақты құрайды.

Сұлтан Хан АҚҚҰЛЫ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

«Алаш» ҒЗИ директоры.