Главная страница

«вестник государственного университета имени шакарима города семей»


Название«вестник государственного университета имени шакарима города семей»
Дата31.03.2016
Размер91.3 Kb.
ТипДокументы

«СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ» -

«ВЕСТНИК ГОСУДАРСТВЕННОГО

УНИВЕРСИТЕТА ИМЕНИ ШАКАРИМА ГОРОДА СЕМЕЙ»

ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫНЫҢ АВТОРЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕ
Қазақ,орыс және ағылшын тілдерінде мақалаларды ғылыми журнал қабылдайды. Шығу жиілігі: жылына 4 рет. Жариялымның құны: қызметкерлерге- 2500 тенге, өзгелерге 4500 тенге. Пікір, эксперттік комиссияның актісі, автор туралы мәлімет, түбіртек көшермесі мақаламен қоса беріледі.
Журналға жіберілетін мақала мәтініне қойылатын талаптар:


  1. Журналға жіберілген мақала (ГОСТ 7.1-2003) «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдарды баспа талабымен рәсімдеу» стандартқа сәйкес болуы керек; сондай-ақ келесілер болуы тиіс:

  • ӘОЖ (УДК) (Әмбебаб ондық жіктеушісі бойынша мақалалар индексі);

  • түйін сөздер (4-5);

  • автордың аты-жөні, баяндаманың атауы, қазақша, орысша және ағылшын тілдерінде аннотация (4-5 жол);

  • мақаламен бірге библиографиялық мазмұндау (ГОСТ 7.1-2003) стандартына қойылатын талаптарға сәйкес рәсімделген библиографиялық тізім беріледі. Осы талаптарға сәйкес әдебиеті рәсімделмеген мақала қабылданбайды;

  • авторға байланысты, келесі мағлұматтарды берілуі тиіс: ЖОО атауы, ғылыми атағы және дәрежесі, ғылыми қызығушылығының бағыты, жұмыс орны, пошталық адресі, электрондық поштасы, телефон және факс нөмірлері;

  • әрбір автор ақпараттық хаттың 4-ші бетіндегі кестені толтыруы керек.

  1. Мақала көлемі, мәтін, сурет және кестені қосқанда 5 беттен аспауы тиіс (Times New Roman – 11, интервал – 1, беттің шетінен шегініс – 2,0 см.); WORD редакторының нұсқасы WORD 97 төмен болмауы керек.

  2. Бір мақаладағы авторлардың саны 4 адамнан аспауы керек.

  3. Барлық суреттер, карталар, фотолар, кестелер, формулаларды компьютерлік техника құралдары арқылы орындау және оларды мақалада көрсетілуі бойынша қолдану ұсынылады.

  4. Кескіндері бар материалдарға қойылатын негізгі талаптар:

  • суреттер, фотолар Adobe Illustrator 7.0-10.0, Adobe Photoshop 6.0-8.0 бағдарламаларында дайындалып немесе өңделіп, жинаққа жариялануы үшін (PC): TIF, JPG файл форматтарында жіберілуі тиіс;

  • фотолар ақ-қара түрде, сапалы, электронды түрде болуы керек;

  • барлық кестелер,схемалар және диаграммалар баяндамаға кірістіріліп онымен байланысты болып және бастыпқы дайындалған (Excel,Corel Draw 10.0-11.0) бағдарламаға сәйкес болу тиіс.

  1. Барлық қысқартылған сөздер толық жазылуы тиіс.

  2. Әдебиеттерді рәсімдеу тәртібі:

  • жұмыстар алфавиттік тәртіппен, қолданылған мәліметтердің бастапқы және соңғы беттеріне сілтеме бере отырып жазылады;

  • мәтін бойынша төртбұрышты жақшаларда сілтеме беріліп отырған әдебиеттің реттік нөмері көрсетіледі.

Қолданылған әдебиеттер тізімінде библиографиялық мазмұндау ГОСТ 7.1-2003. стандартқа сәйкес рәсімделуі керек. Мысал ретінде, кеңінен таралып қолданылатындары мақалалар, кітаптар, конференция материалдары, патенттер мен электронды ресурстары.

Мерзімді басылымдардың мақаласы:

  1. Митрофанова Е. Н., Айдарова З. Ш. Көркемдік білім беру бағыты бойынша бағдарлы оқыту // Бейнелеу өнері және сызу – 2006. – №5. – Б. 5-8

Кітап:

  1. Хлудов Н. Г. Шығармалар каталогы: кескіндеме және графика. – Алматы: Эффект, 2003. – Б. 11-14

Конференция материалдарының (семинар, симпозиум), еңбектердің жиынтығының баспадан шығуы:

  1. Бейсенбаева А. А., Абсатова М. А. XIX-XX ғасырлардағы Қазақстан мен Ресейдегі көпмәдениеттілік білім берудің дамуының тарихи-педагогикалық алғышарттар. // Қазақстан және қазіргі әлем: тарихы және қоғамдық-саяси дамудың өзекті мәселелері (Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жылдығына арналған): Халықар. ғыл.-тәжірибелік конф. материалдары: Семей мем. пед. инс-ты, 22-23 сәуір 2010 ж., Семей қ. – Семей, 2008. – Б. 53-55

Электронды ресурс:

  1. Соколовский Д. В. Дүниежүзілік тарихы контексіндегі пассионарлық теория [Электрон. ресурс].-2006. – URL:http\\bookchamber.kz\stst_2006.htm (алу уақыты: 12.03.2009).

Мақалалардағы әдебиеттерді рәсімдеуде басылымдардың барлық авторларының тізімдерін келтіру қажет (т.б. сөзінсіз).

  1. Қабылданатын тасымалдаушылар: СD, флэш.

  2. Файлдарды бастапқы автордың фамилиясымен атау қажет, мысалы, «Мусабаев. Алматы». Бір файлға бірнеше мақалаларды салуға болмайды.

Мақаланы рәсімдеу үлгісі

ӘОЖ: 372.881.151.212.2
Қ.Қ. Мұқанова

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
ҚАЗАҚ ТІЛІН КӘСІБИ БАҒЫТТА ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ
Мақалада қазақ тілін кәсіби бағытта оқыту мәселелері қарастырылады. Қазақ тілін кәсіби бағытта оқытуда қолданылатын тиімді әдістер ұсынылады.
Түйін сөздер: кәсіби білім, кәсіби бағытта оқыту, тілдік қатынас, қатысымдық бағыт, қатысым әдісі.
Уақыт ағымына сай жаңа педагогикалық технология жетістіктерін пайдалана отырып, тиімді әрі ұтымды тілдік білім беру бүгінгі күнгі басты мақсат.

Қай пәннің болмасын жалпы білім беру жүйесіндегі маңызын танытатын сипат сол пән мазмұны мен қоғамдық-әлеуметтік сұраныс арасындағы сәйкестік болып табылады. Осы тұрғыдан келгенде мемлекеттік тіл ретіндегі қазақ тілін кәсіби бағытта меңгерту мәселесі өзекті деп саналады. Жоғары білім беру жүйесіндегі мемлекеттік тілді оқытуда қолданылып жүрген технологиялар сабақтың жалпы тиімділігі үшін ғана емес, студенттердің өзіндік іс-әрекетін дамыту, кәсіби білімін жетілдіру үшін де қажет екендігі сөзсіз.

Қазақ тілін үйрету барысында студенттің кәсіби білімін жетілдіру мәселесін шешу, ең алдымен, оқытушыға, оқу құралдары мен оқулықтарға, бағдарламаларға байланысты. Сабақта студенттің кәсіби білімін жетілдіру мәселесін әдістемелік тұрғыда шешу оқу-тәрбие үрдісінің тұтастығымен де тікелей байланысты. Бұл ретте жүйелілік ұстанымы оқыту факторларын толық іске асыруға мүмкіндік бере алады. Оқыту факторларына мыналарды жатқызуға болады: оқу материалының мазмұны; оқыту құралдары; танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру үлгілері; оқу үрдісінде оқытушының қолданатын әдіс-тәсілдері, үлгілері; әртүрлі бақылау тәсілдері, үйренушілердің өзара және өзін-өзі бағалауы; студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын тұрақтандыру.

Көрсетілген факторлар әрбір студенттің сабақ барысында белсенді әрекет етуін қамтамасыз етеді. Осылардың ішінде оқытушының қолданатын әдіс-тәсілдері аса маңызды мәнге ие.

Қазіргі таңда тілді оқытудың ең басты бағыты – қатысымдық бағыт. Тілді қатысымдық тұрғыдан меңгертуге тілшілер де, әдіскер-ғалымдар да, ұстаздар да ерекше назар аударып отыр. Себебі, қатысымдық бағыт бүгінгі уақыт сұранысынан туып отырған заман талабына жауап бере алады. Қатысымдық оқытудың нәтижесі – тілдік қатынас. Тілдік қатынас дегеніміз адамдардың бір-бірімен тілдесуі, сөйлесуі, тіл арқылы тілдік қатынас жасауы деген сөз. Осы тілдік қатынас бойынша зерттеу жүргізіп, оның тілдерді оқытудағы тиімділігін көрсеткен, тілдік қатынастың тұжырымын жасаған ғалым Ф. Оразбаеваның сөзімен алсақ, тілдік қатынас – сөйлеу тілі арқылы ұғынысу, түсінісу дегенді нақтылай келіп, жай ғана қарым-қатынас дегеннен гөрі тамыры тереңге кеткен, өмірде өзіндік орны бар, қоғамның дамуы үшін ең қажетті қоғамдық-әлеуметтік ақпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың бір-бірімен пікір алмасуы, адамдар қатынасының түп қазығы дегенді білдіреді [1, 8]. Берілген анықтамадан көріп отырғанымыздай, тілдік қатынас – тек сөйлеу тілі арқылы тілдесу ғана емес, сондай-ақ, ол жалпы адамзатқа, қоғамға қызмет ететін, оны қоғамның өзі тудырған, оның әлеуметтік қажеттігін өтейтін күрделі құбылыс.

Тілдік қатынасқа түсушілердің ең басты қызметі – қатысымдық қызмет. Қатысымдық қызмет бойынша хабар таратушы мен хабар қабылдаушылар тілдік қарым-қатынастың барлық түрлерін іс жүзіне асыра отырып, хабар арқылы бір-бірімен қарым-қатынастық қызмет атқарады.
ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. Оразбаева Ф. Ш. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. – Алматы: РБК, 2000. -207б.

  2. Дьяченко В.К. Сотрудничество в обучений. – М.: Просвещение, 1971. -191 с.

  3. Артюнов А.Р. Коммуникативный интенсивный курс РКИ для заданного контингента учащиехся (мет. пособие). – М. – 1989, -97с.

  4. Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говарению. – М.: Просвещение, 1985. -208с.


ПУТИ ФОРМИРОВАНИЯ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ НАПРАВЛЕННОСТИ

В ПРОЦЕССЕ ОБУЧЕНИЯ КАЗАХСКОМУ ЯЗЫКУ

К.К. Муканова
В данной статье рассматриваются пути формирования профессиональной направленности в процессе обучения казахскому языку.

K.K Mukanova

ADUANTAGLABLE MENTHOLS OF TEACHING

KAZAKH IN PROFESSIONAL DIRECT
Ways of formation of professional direction in process of teachinq kazakh lanquaqe is considered in this article.


Қосымша

Мақала туралы мәлімет

(журналда мақалаға автормен толтырылады)




Мәлімет (баяндама)



ӘОЖ (Әмбебаб ондық жіктеушісі бойынша мақалалар индексі)






Негізгі автор






Қосалқы автор






Автор жұмыс орны (толық атауы)






Мақаланың атауы






Түйін сөздер






Орыс тілінде аңдатпа






Қазақ тілінде аңдатпа






Ағылшын тілінде аңдатпа






Әдебиеттер тізімі






Журналда мақала материалы мен мақаланың әдебиеттерін рәсімдеу


  1. ӘОЖ

  2. Автордың (авторлардың) аты-жөні*

  3. Автордың (авторлардың) жұмыс орны**

  4. Мақаланың атауы

  5. Жарияланатын материалдың мәтіні тіліндегі аңдатпа (Мысалы: қазақша)

  6. Түйін сөздер

  7. Мақаланың толық мәтіні

  8. Әдебиеттер тізімі***

  9. Жарияланатын материалдың тілінен өзгеше басқа екі тілде резюме (мысалы: орысша, ағылшынша)


*Автордың (авторлардың) аты-жөні әрбіреуінің жұмыс орынмен индекстейді – А.В. Витавская 1, Н.И. Пономарева 2, Г.К. Алтынбаева 3

**Автордың (авторлардың) жұмыс орны – Алматы технологичиялық университеті1, Ғылыми-техникалық ақпараттық Ұлттық орталығы2, Руднен индустриальды институты3

***Әдебиеттер тізімінде библиографиялық мазмұндау ГОСТ 7.1-2003 стандартқа сәйкес рәсімделеді
Сіздің хатыңыздың қабылданғанына көз жеткізіңіз!

Сіз материалды жіберген электрондық мекен жайға растау жіберіледі.

Егер Сіз үш жұмыс күні ішінде растауды алмаған болсаңыз баяндаманы қайтадан жіберіңіз.
ТАЛАПТАРҒА САЙ РӘСІМДЕЛМЕГЕН МАТЕРИАЛДАР ЖИНАҚҚА ЕНГІЗІЛМЕЙДІ.

ҚОЛЖАЗБАЛАР РЕЦЕНЗИЯЛАНБАЙДЫ ЖӘНЕ АВТОРҒА ҚАЙТАРЫЛМАЙДЫ.

Адрес және реквезит
071400, Қазақстан Республикасы, Семей қаласы, Глинки 20 «А» көшесі

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті», «Редакциялық – баспа орталығы»

тел: 8-7222 359-587

E-mail: rio@semgu.kz
ШЖҚ РМК «Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті»

БИН 130 840 007 973

ИИК в АО «АТФ Банк»

KZ79826F1KZTD2002319

БИК ALMNKZKA

КБЕ 16

Код по ОКПО 30958953

Осн. вид деят-ти ОКЭД 85420