Главная страница

Регламенті Жалпы ережелер «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»


Скачать 25.24 Kb.
НазваниеРегламенті Жалпы ережелер «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
Дата01.04.2016
Размер25.24 Kb.
ТипРегламент

Павлодар облыс әкімдігінің

2012 жылғы 13 желтоқсандағы

№349/12 қаулысымен бекітілді
«Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»

мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасында негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі — білім беру ұйымдары) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шіл-дедегі «Білім туралы» Заңының 4-бабы 9-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы» № 1310 қаулысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарттарына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қа-зақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ түлғаларға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.

5. Білім туралы құжаттың телнұсқасы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
6. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, күнделікті сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібінде көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметтің көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті алушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – жиырма минуттан аспайды;

2) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берген сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайда мемлекеттік қызмет-тен бас тартады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер (өзара әрекеттер) тәртібінің сипаттамасы
10. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар тізімін ұсынуы қажет.

11. Тұтынушы қажетті құжаттардың барлығын уәкілетті органға тап-сырғаннан кейін Стандарттың 14-тармағында көрсетілген мәліметтерімен қолхат беріледі.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функ-ционалдық бірліктер (бұдан әрі – бірліктер) қатысады:

1) білім беру ұйымының маманы;

2) білім беру ұйымының басшысы;

13. Құрылымдық функционалдық бірліктер әрбір әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара байланыстылығы мен өзара іс-қимылының мәтіндік кестелі сипаттамасы әрбір әкімшілік әрекеттің (рәсімдердің) орындалу мерзімінің көрсетілуімен осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

14. Құрылымдық функционалдық бірліктер мен іс-әрекеттерінің логи-калық реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін кесте осы регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген.
4. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
15. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар мемлекеттік қыз-мет көрсету барысында қабылданатын шешімдерге және әрекеттерге (әрекетсіздікке) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте жауап береді.