Главная страница

Программалауда қазіргі қолданылып жүрген технологиялар. Объектіге бағдарланған программалаудың негізгі қағидалары


НазваниеПрограммалауда қазіргі қолданылып жүрген технологиялар. Объектіге бағдарланған программалаудың негізгі қағидалары
страница7/7
Дата08.02.2016
Размер0.97 Mb.
ТипПрограмма
1   2   3   4   5   6   7


Жаттығу жұмыстары
Қарапайым есеп беруді құру

QuickReport есеп беру негізі көлденен сызық (bands) жиынында. Есеп беруді құру кезінде формаға бірнеше әртүрлі типтегі QRBand (Tpanel мұрагері) компоненттері орналасады.

Қарапайым есеп беруді құру үшін формаға келесі компоненттерді орналастырамыз /4.35-сурет/:

TQRBand – бұл компонент есеп берудің бір бөлігі - мәліметтерді орналастыратын контейнер болады (мысалға, есеп беру тақырыбы, беттің жоғарға немесе төменгі колонтитулы, топтың жоғарға немесе төменгі колонтитулы және т.б. ). TQRBand компоненттері олардың формада орналасуына байланысты емес, олардың қажетті жерде есеп беру типтеріне тәуелді баспаға шығарылады. Бұл компоненттің жиі қолданылатын қасиеті &ndash BandType, «сызық» типі (топтың немесе беттің колонтитулы, мәліметтер «сызығы» және т.б.). Мүмкін мәндері: : rbTitle &ndash есеп беру тақырыбы, rbPageHeader &ndash беттің жоғарғы колонтитулы, rbColumnHeader &ndash бағанның жоғарғы колонтитулы, көп бағанды есеп беруде, rbDetail &ndash кестелі мәліметтер сызығы (жолда есеп беру негізі болатын мәліметтер жинағында неше жол болса, сонша рет қайталанады), rbPageFooter &ndash беттің төменгі колонтитулы, rbOverlay &ndash беттің фоны, әр беттің сол жақ жоғарғы бұрышында баспаға басылады, rbGroupHeader &ndash топтың тақырыбы, rbSubDetail &ndash Detail-кестесі үшін кестелі мәліметтер «сызығы», rbGroupFooter &ndash топтың төменгі колонтитулы, rbSummary &ndash есеп берудің соңында баспаға басылады. Біз құрған компоненттің BandType қасиетіне rbTitle мәнін меншіктейміз.

TQuickReport (бұл компонент форманың есеп беруге айналуына жауапты).

QRBand1 орналасқан TQRLabel (бұл компонент статистикалық мәтінді шығаруға арналған, және оның Caption қасиетіне болашақтағы есеп берудің тақырыбы мәтінін беруге болады).


4.35-сурет. Есеп беру тақырыбын құру
Егер QuickReport1 компонентің тышқанның оң жақ батырмасымен басып, контекстті мәзірден Preview Report опциясын таңдасақ, тақырыбы бар есеп беру беті көрінетін көру терезесі пайда болады.

Есеп беруді модификациялау үшін QRBand1 компонентінің BandType қасиетін rbDetail-ге өзгерту керек және формаға Ttable компонентің қосу қажет. Әрі қарай оның DataBase қасиетіне псевдоним атын орнату қажет, мысалға, BCDEMOS, TableName қасиетіне кесте атын, мысалға, CUSTOMER.DB, сосын Active қасиетін true өзгерту керек. Осыдан кейін формаға TDataSource компонентін қосу қажет және DataSet қасиетіне алдында қосылған Table1 компоненті атын береміз, әрі қарай QuickReport компонентінің DataSource қасиетіне құрылған DataSource1 компоненті атын береміз. Осыдан кейін QRBand1-ге TQRDBText компонентін қосуға болады, оның DataSource қасиетіне алдында құрылған DataSource1 компоненті атын береміз және DataField қасиетінің мәніне керекті жолды таңдаймыз. Егер қажет болса басқа TQRDBText компоненттерін қосуға болады және есеп беруде көрінетін кесте жолдарын басқаша етіп таңдауға болады /4.36-сурет/.


4.36-сурет. Кестелік есеп берудің модификациясы
Егер QuickReport компонентінің контекстті мәзірінен Preview Report опциясын таңдасақ, модифицирленген кестелік есеп беруді көруге болады.

Енді тақырыпты есеп беру және колонтитулды есеп беруді құрып көрейік. Ол үшін есеп беруді құру кезінде TQRBand-тің бірнеше әртүрлі компоненттерін қолданамыз.

Тақырыптық және колонтитулдік есеп беруді құру кезінде жаңа форма құру қажет, формаға төрт TQRBand компонентін орналастырамыз (олар үнсіздік бойынша QRBand2,...., QRBand5 атын алады) және BandType қасиетіне сәйкесінше rbTitle, rbColumnHeading, rbDetail және rbPageFooter орнатамыз. Ары қарай формаға TTable компонентін қосу қажет және DatabaseName қасиетіне BCDEMOS береміз, TableName қасиетіне Customer береміз, сосын Active қасиетіне true қоямыз. Формаға TDataSource компонентін қосу қажет және DataSet қасиетіне алдында қосылған Table1 атын береміз және QuickReport компонентінің DataSource қасиетіне құрылған DataSource1 атын береміз. Сосын есеп беру тақырыбы және сәйкесінше TQRBand компоненттері бағандары үшін бірнеше TQRLabel компонентін қосу керек, әрқайсының Caption қасиетіне қажетті мәндерін беру керек.

Сосын QRBand компонентіне үш QRDBText компонентін орналастыру керек, BandType қасиетіне DetailBand меншіктеп және олардың DataSource қасиетіне DataSource1 меншіктейміз, ал DataField қасиетіне Company, Phone және Fax меншіктейміз. Беттің нөмірі көріну үшін TQRSysData компонентін (бұл компонент мәліметтер құрамына тәуелсіз, бет нөмірі, жыл, уақыт және т.б. арналған) BandType қасиеті rbPageFooter тең TQRBand компонентіне орналастыру қажет және оның Data қасиетіне qrcPageNumber, ал Text қасиетіне &ldquoСтр. &ldquo береміз.

Осыдан кейін форма 3-суреттегідей болады.

Қайтадан Preview Report опциясын таңдап, жаңа есеп беру мазмұнын көруге болады.


4.37-сурет. Тақырыпты және колонтитулды есеп беру
Өзіндік жұмысқа тапсырма


  1. "master-detail" есеп беруін құру

  2. Есеп беруде графикалық және мемо-жолдардың көрінуін қамтамасыз ету

  3. Есеп беруді алдын-ала көру


14 - зертханалық жұмыс.

Қосымшаның анықтамалық жүйесін құру
Әдістемелік нұсқаулар
С++Builder- де жасалатын қосымшаның анықтамалық жүйесін құру келесі 4 кезеңдерден тұрады:

  1. Басқару элементтерінің /форма және ондағы компоненттер/ контекст номерлерін тағайындау;

  2. Мәтіндік редакторды /мысалы, Word-ты/ пайдаланып анықтамалық жүйенің мәтіндік файлын жасау;

  3. Арнаулы компилятор көмегімен анықтама файлын жасау;

  4. Анықтама файлын қосымша жобасына апарып қосу.

Компоненттердің контексттік номерлерін тағайындау.

Форма және онда орналасқан компоненттер анықтамалық жүйеге сәйкес контексттік номер ала алады, ол үшін компоненттің HelpContext қасиетіне анықтама файлындағы сәйкесінше тақырыптың номері беріледі. Қосымша орындалған кезде компонентті белгілеп алып F1 пернесін бассаңыз анықтама терезесінде сол компонентке қатысты анықтаманы көре алатын боласыз, егер оған сәйкес бөлім немесе тақырып тағайындалмаған болса сәйкесінше хабарлама шығады.

Жаттығу жұмыстары
Анықтамалық жүйенің мәтіндік файлын жасау.

Анықтамалық жүйенің мәтіндік файлы кез-келген мәтіндік редакторда, бірақ *.rtf форматта жасалады. Мұны жасау үшін Microsoft Word процессорын да пайдалануға болады. Мәтіндік файл жеке тақырыптарды білдіретін бөлімдерден /немесе парақтардан/тұрады.

Microsoft Word -та анықтама мәтіндік файлындағы бөлімдердің атрибуттары сноскалар түрінде беріледі, бөлімге сносканы қою үшін курсорды бөлімнің тақырыбының алдына /немесе соңына/ апарып, Вставка->Сноска / Word 2003/ немесе Ссылки->Вставить сноску / Word 2007/ командаларын орындайды.

1-кезең. С++Builder ортасында екі санды қосуды орындайтын қрапайым қосымша құрыңыз, қосымша терезесі келесі түрде болсын /4.39-сурет/ және қосымшаны жеке бумаға сақтап қойыңыз. Суреттегіге сәйкес форма тақырыбын, Label, Edit және Button компоненттерінің сәйкес қасиеттерін өзгертіңіз. Жоғарыда құрылған ProbHelp.rtf файлындағы бөлімдердің номеріне сәйкес Edit1 компоненттің контекст номеріне яғни HelpContext қасиетіне 2 мән береміз, себебі оған сәйкес анықтама бөлімі Kosilgiw1 –дің реттік номері 2-ге тең, тура сол сияқты Edit2 мен Edit3 –тің HelpContext қасиеті сәйкесінше 3 пен 4 болады да, Button1 компонентінің HelpContext қасиеті өзіне сәйкес бөлімнің реттік номері 5-ші номерді алады.


2-кезең.Бұл кезең Microsoft Word редакторын пайдаланып, бастапқы *.rtf форматтағы анықтаманың мәтіндік файлын құруды қамтиды. Программадағы элементтерге сәйкес оның жалпы көрінісі келесі түрде болады /4.38, 4.39-сурет/ және бұл файлды, қосымша үшін ашылған буманың ішінен MyHelp деген жаңа бума ашыңызда сонда ProbHelp.rtf деген атпен сақтаңыз. Бұл құжаттың терезесінде 4.38- суреттегідей мәтіндерді теру керек /анықтама терезесінде шығатын мәтін өзгеріп кетпес үшін ағылшын әріптері пайдаланылды/ және мұнда ең алғашқы бөлім «Programma turali» Word-тағы Заголовок1 стилімен теріледі, ал қалған бөлімдердің тақырыптарын жай «қалың бояулы» шрифтімен жаса жеткілікті. Мәтін теріліп болған соң әрбір бөлімге сәйкес «сноскалар» қойылады/4.40-сурет, сол жақтағы терезе/. Келесі қадамда курсорды бөлімдерде орналасқан жай мәтіндер мен келесі бөлім тақырыбының арасына қойып, Вставка->Разрыв страницы командасын орындайсыз сонда 5 бөлімге сәйкес 5 терезе шығады /4.40-сурет, ортада және оң жақтағы терезелер/. Файлды *.rtf форматта сақтауды ұмытпаңыз.

3-кезең.

3.1. Microsoft Word -та жасалған MyHelp/ProbHelp.rtf форматтағы мәтіндік файлды анықтамалық жүйенің *.hlp файлына айналдыру үшін арнаулы Microsoft Help Workshop компиляторын ашу керек, ол үшін Programm Files/Borland/СBuilder6/ HELP/TOOLS каталогында Microsoft Help Workshop компиляторының hcrtf.exe файлын іске қосамыз, сонда келесі терезе пайда болады /4.42- сурет/.

3.2. Келесі қадамда File->New командасы орындалады , пайда болған терезеден Help Project таңдалынады.

3.3. Пайда болған Project File Name терезесінде, әуелі манағы даярланған ProbHelp.rtf форматтағы мәтіндік файл сақталған MyHelp бумасын ашып алу керек, сонан соң барып Имя файла тұсындағы терезеге жоба файлының атын, мысалы HelpProjFile1 теріп жазамыз /4.43-сурет./




3.4. «Сохранить» батырмасы басылғаннан кейін пайда болған терезеде HelpProjFile1.hlp файлының параметрлерін тағайындау басталады /4.44-сурет/.

Бұл терезеде келесі параметрлер өзгертіледі:

  • Files параметрі, бұл манағы даярланған ProbHelp.rtf файлына баратын маршрутты беру үшін қолданылады, ол үшін терезедегі сол Files батырмасына шертеміз, сонда Topic Files терезесі шығады, сол терезедегі Add батырмасына шертсеңіз ProbHelp.rtf файлы сақталған MyHelp бумасы ашылу керек, сол бумадағы жалғыз файл ProbHelp файлын белгілеп «Открыть» командасын орындайсыз, нәтижесінде 4.44- суреттегі терезеде келесі жол, Files параметрі пайда болады /4.45-сурет/;

  • Window парметрі, бұл программадағы анықтама шығатын терезенің атын беру үшін қолданылады, бұл параметрді тағайындау үшін Window батырмасына шертіледі, пайда болған Create a Window терезесіндегі курсор тұрған жерге main деп терезенің типін жазасыз, OK басылғаннан соң келесі терезе қасиеттерін беретін Window Properties терезесіндегі Title bar text тұсына терезенің атын, мысалы «АНЫҚТАМА ТЕРЕЗЕСІ» деп жазады, нәтижесінде 4.46- терезеде Window парметрінің жолы пайда болады;

  • Map параметрінің терезесінде ProbHelp.rtf анықтама файлындағы әрбір тақырыпшаға « #» таңбасы арқылы берілген идентификациялық атаудың /ID_1, ID_2, ... , ID_5/ оның « арқылы берілген реттік номерлеріне /1,2, ... , 5/ сәйкестігі тағайындалады, ол үшін терезедегі Map батырмасына шертіп, пайда болған терезедегі Add командасы орындалады, пайда болған келесі Add Map Entry терезеде Topic ID параметріне ID_1, ID_2, ... , ID_5 идентификациялық атауларды, ал Mapped Numeric Value парметріне сәйкес 1,2, ... ,5 номерлерді бір-бірлеп жазып және олардың әрқайсысы үшін ОК орындалып отырады, нәтижесінде 4.46-терезедегі Map параметрі пайда болады;

  • Config параметрінің қызметі анықтама файлының конфигурациясына өзгерістер енгізу, мысалы, анықтама файлында >> немесе << батырмаларын пайдаланып алдыға не кейінге оралуды жүзеге асыру үшін ол файлға BrowseButtons() функция-макросын қосу керек болады, ол үшін терезедегі Config батырмасына шертіп, пайда болған Configuration Macros терезесінде Add командасын орындалады, сонон соң шығатын Add Macro терезеде BrowseButtons() деп жазып, ОК басылады, нәтижесінде 4.46-терезеде Config параметрі шығады;

  • Соңғы қадам бұл параметрлері тағайындалған анықтама файлының жобасын компиляцияға жіберу ол үшін терезедегі Save and Compile батырмасына шертесіз, егер жобада қате болмай бәрі дұрыс болса нәтижесінде 4.47-суреттегі терезе шығады.






Өзіндік жұмыстарға тапсырмалары
Келесі мазмұндағы программалардың анықтамалық жүйесін құрыңыз:

1 тапсырма

  1. Пирамиданың көлемін табу.

  2. Үш қабырғасы бойынша үшбұрыштың ауданын есептеу.

  3. Параллелипедтің көлемін есептеу.

  4. Тізбектің жалпы кедергісін есептеу (параллель қосылған).

  5. Трапецияның ауданын есептеу.


2 тапсырма

  1. Азық-түлік дүкенінің ассортименті туралы мәлімет беретін;

  2. Поликлиниканың дәрігерлері туралы мәлімет беретін;

  3. Математикалық формулалар анықтамалығының қызметін атқаратын;

  4. Кітапханадағы картотека қызметін атқаратын;

  5. Атына сәйкес түстерді көрсете алатын;


3 тапсырма




Матрица

Тапсырмалар

Шектеу

1

A(5,7)

Матрицаның әрбір бағанының оң элементтерінің қосындысын және олардың санын есте сақтау. Нәтижесін екі жол түрінде шығару.

Aij>0

2

A(N,M)

Матрицаның әрбір жолының оң элементтерінің қосындысын және олардын санын есептеп есте сақтау.Нәтижесін екі баған түрінде баспадан шығару.

N<=4

M<=5

3

B(N,N)

Матрицанын бас диагоналындағы және одан төмен орналасқан элементтердің қосындысын және элементтер санын есептеу.

N<=6

4

B(N,N)

Матрицаның бас диагоналынан төмен орналасқан оң элементтерінін қосындысын және олардың элементтер санын есептеу.

N<=4

Bij>0

5

D(K,K)

Матрицаның жұп орындағы элементтерінің элементтерінін орнына нольдерді жазып және матрицаны баспаға шығару.

K<=5

6

D(4,4)

Матрицаның теріс элементтерінің орнына нөльдерді, ал оң элементтер орнына бірлерді жазу.

Dij<0


7

F(N,M)

Матрицаның әрбір жолындағы максималь және минималь элементтерді тауып оларды сәйкесінше осы жолдың бірінші және соңғы элементтерінің орнына жазу керек. Матрицаны баспаға шығару керек.

N<=5

M<=3

8

F(4,3)

Элементтері бүтін сан болатын матрицанын әрбір жолынын төртке еселі элементтерінің санын және нәтижелерінің ең үлкенін табу керек.

(Nij / 4)*Nij

9

N(5,3)

Элементтері бүтін саң болатын матрицанын әрбір жолынын беске еселі элементтерінің санын және нәтижелерінің ең үлкенін табу керек.

(Nij / 5)*Nij

10

N(5,5)

M(3,Kmax) матрицасын құру керек, мұндағы Kmax- N матрицасының оң элементтерінің ең үлкені. Мұндағы M матрица элементтері N матрицаның оң элементтерін ғана ала алады, ал теріс элементтердің орнына ноль жазу керек.




15 - зертханалық жұмыс.

Қосымшаны таратуға даярлау. Дистрибутивтер. Орнатушы инсталляциялық пакетті Install Shield Express утилитасы арқылы жасау
Әдістемелік нұсқаулар
Install Shield Express - инсталлятор құрудағы қуатты және ыңғайлы құралдардың бірі. Бұл түсінікті интерфейске, және деминимальды жады көлемін алатын профессионалды инсталляторларға тән керекті функциялар жиынтығына ие.

Install Shield Express арқылы инсталляциялық қосымша құру үшін Install Shield Express орындалуга жібереміз. Жаңа жоба құру кезінде жобаның атын енгізіп, қосымша файлдары орналасқан каталогты көрсету қажет /4.49-сурет/.


4.49-сурет. Жаңа дистрибутив құру
"Include custom setup type" жалаушасын таңдаймыз. Осыдан кейін InstallShield-тың басты экраны пайда болады, онда дистрибутивтi жасауы үшiн орындау керек болатын адымдардың тiзбегi көрсетiлген /4.50- сурет/.


4.50-сурет. InstallShield Express басты терезесі
Set the Visual Design бөлiмiнде қосымша туралы мәлiметтерi бар өрiстерді толтыру керек: программалық топта көрінетін қосымша аты, орындалатын файл аты, қосымша орнататын каталог /4.51-сурет/.


4.51-сурет. Қосымша параметрлерін орнату
Install Shield қолданушы компьютерінің дискілерімен каталогтарын идентифицирлейтін бірнеше айнымалыларданады:

  • - қолданушы көрсетуі арқылы орнатуға арналған каталог

  • - құрамында Windows бар каталог

  • - Windows\System каталогы

  • - құрамында Windows бар диск

  • - Windows\System каталогы бар диск


  • - Program Files каталогы.

Main Window бүктемесі арқылы инсталляционды қосымша тақырыбын, фон түсін және логотипін орнатуға болады /4.52-сурет/.



4.52-сурет. Инсталлятор экранының ішкі түрін орнату
Features бүктемесін шерту арқылы жалғыз Automatic Uninstaller опциясын көруге болады. Оны таңдалынған түрінде қалдыру қажет.

Келесі бөлім - Specify InstallShield Options for Borland C++ - BDE, SQL Links және т.б. қосымшалармен жиi қойылатын компоненттердi таңдауға арналған. Қажетті компонентті таңдап (біздің жағдайда BDE) және Settings батырмасын басу арқылы, BDE бөлімдерін таңдау және бүркеншiк аттарды жасау үшiн төрт диалогтiк терезелер тiзбегiн аламыз /4.53-сурет/.


4.53-сурет. BDE-нің орнатылатын бөлімдерін анықтау
Бүркеншек ат параметрлерін орнату барысында бүркеншек ат типін және мәліметтердің орналасатын жерін таңдауға болады. Қалған параметрлерін мәтіндік редакторде көрсетуге болады /4.54-сурет/:


4.54-сурет. BDE бүркеншек атының параметрлерін орнату
Advanced Options бүктемесін шерту арқылы қосымша компоненттер (біздің жағдайда BDE) файлы тізбегімен және олар туралы мәліметтермен танысуға болады.

Келесі бөлім - Specify Components and Files - қосымшаның компоненттерi және файлдар топтарын анықтауға, орнату түрлерiне арналған. Groups бүктемесін шерту арқылы дистрибутив компоненттерін жасау үшін файлдар тобын құруға болады. Сонымен қатар Explorer қолдануға болады және одан қажетті файлдарды drag-and-drop әдісімен (ол үшін Launch Explorer батырмасын басу қажет) көшіруге болады. Топтарды бос тастап кетуге ұсынылмайды.


4.55-сурет. Файлдар тобын құру
Components бүктемесін шерту арқылы, дистрибутив компоненттерін анықтауға болады және олардың қандай файлдар топтарынан тұратынын көрсетуге болады. Топтарға кірмейтін компоненттерді қалдыруға болмайды.


4.56-сурет. Дистрибутив компоненттерін құру
Келесі бүктеме - Setup Types –орнату түрін анықтауға арналған. Егер онда шертсе, Typical орнатудың бір варианты (мысалға, сіз "Include custom setup type" жалаушасын белгілеуді ұмыттыңыз). Бұл жағдайда Select User Interface Components бөлімін таңдау қажет және Components бүктемесін шертіп, Dialog Boxes тізімінен Setup Type және Custom Setup опцияларын белгілеу қажет. Осыдан кейін Setup Types бүктемесіне оралып, инсталляция түрін анықтауға болады. Ереже бойынша Custom және Typical құрамында барлық компоненттер, ал Compact – қосымшаның жұмыс жасауына қажетті минимальды компоненттер жинағы бар.



4.57-сурет. Орнату нұсқаларының құрамын анықтау
Select User Interface Components бөлімінде қолданушы инсталляция кезінде қажетті ақпараттарды енгізетін (мысалға, компания және өзі туралы мәліметтер, өнімдердің сериялық нөмірі) диалогтарды таңдайды, readme файлы және лицензионды келісімдермен танысады, инсталляция каталогын көрсетеді, орнату түрін таңдайды және т.б. Preview батырмасын басу арқылы диалогтарды алдын ала көруге болады.

Келесі бөлім - Make Registry Changes – қолданушы компьютерінде тізілімнің жаңа кілттерін (Keys бүктемесі) және олардың мағыналарын (Values) құруға мүмкіндік береді. Бұл пайдалы болуы мүмкін, егер сіз қосымшада ActiveX компоненттері немесе OLE-сервер құруда қолдансаңыз.



4.58-сурет. Қолданушы компьютеріндегі реестр

мәндерін және кілттерді анықтау
Келесі бөлім - Specify Folders and Icons – болашақ программалық топ құрамын анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар командалық жол (Advanced бүктемесі) параметрлерін анықтайды.


4.59-сурет. Программалық топ құрамын анықтау

Соңғы бөлім - Run Disk Builder. Инсталляциялық скрипт сақталғаннан кейін (InstallShield басты терезесіндегі инструменттер панелінен дискеттің суреті бар батырманы басу арқылы) және тасымалдаушының түрін таңдау қатқыл дискіде дистрибутивті дискет бейнесінде құрылады. Осыдан кейн Create Distribution Media бөлімін таңдап, құрылған дистрибутивті дискетке жазуға болады.


4.60-сурет. Диск бейнесін құру.
Test Run опциясын инсталляционды қосымша жұмысын тексеру үшін қолдануға болады. бірақ бұны қосымша құрылып жатқан компьютерде тексеру ұсынылмайды. Дұрысы сіздің қолданушылардың компьютеріне ұқсас компьютерлерде тексерген жөн. Бұдан басқа осы компьютерге Windows көшірмесін жасаған дұрыс, инсталлятор дұрыс жұмыс жасамаған жағдайда программалық жабдықты қайта қалпына келтіретіндей.

Инсталляциялық программаны орындалуы Select User Interface Components бөлімінде таңдалған диалогтар тізбекті пайда болады /4.61-сурет/.



4.61-сурет. Орнату программасының

диалогтарының біреуі осындай түрде болады
Инсталляциялық қосымша жұмысының нәтижесі қосымшаны және оның жұмысына қажетті файлдарды қолданушы компьютеріне орнату, программалық топ құру, тізілімге қажетті кілттерді енгізу /4.62-сурет/.


4.62-сурет. Инсталляциялық қосымша

жұмысының нәтижесі
Егер дистрибутивті құру кезінде Automatic Uninstaller опциясын таңдасақ, орнатылған қосымшаны деинсталляциялау қажет болған жағдайда Windows панелдерін басқарудағы "Установка и удаление программ" утилитасын қолдану керек.

Осындай жағдайлардан кейін InstallShield Express көмегімен функциональды және дизайны жағынан қазіргі заман талаптарына сай инсталляциялық қосымша дистрибутивтерін жылдам құруға мүмкіндік береді.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары


  1. Азық-түлік дүкенінің ассортименті туралы мәлімет беретін қосымшаға инсталляциялық қосымша дистрибутивін құру;

  2. Поликлиниканың дәрігерлері туралы мәлімет беретін қосымшаға инсталляциялық қосымша дистрибутивін құру;

  3. Математикалық формулалар анықтамалығының қызметін атқаратын қосымшаға инсталляциялық қосымша дистрибутивін құру;

  4. Кітапханадағы картотека қызметін атқаратын қосымшаға инсталляциялық қосымша дистрибутивін құру;

  5. Атына сәйкес түстерді көрсете алатын қосымшаға инсталляциялық қосымша дистрибутивін құру;


1   2   3   4   5   6   7