Главная страница

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау-білім сапасын басқарудағы негізгі критерий


Скачать 68.96 Kb.
НазваниеОқушылардың оқу жетістіктерін бағалау-білім сапасын басқарудағы негізгі критерий
Дата14.04.2016
Размер68.96 Kb.
ТипДокументы

Көкіжанова Дәмеш Көкіжановна
Қарағанды қаласының №17 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау-білім

сапасын басқарудағы негізгі критерий.
Қазақстанда білім сапасын бағалау әлі де бақылаушы және басқару органдарының бақылау қызметі ретіндегі іс-әрекет болып отыр. Ол сыртқы бақылау–тестілеу, бақылау үзігі және аттестациялау, лицензиялау арқылы жүзеге асырылады.

Білім сапасын бақылау сол оқу орындарының өзімен жүргізіледі. Атап айтқанда, оқушылардың күнделікті және жылдық үлгерімі, көшірілу және мемлекеттік емтихандар қорытындысы,оқу-тәрбие үрдісінің жеке параметрлерінің жағдайын талдау.

Тек соңғы жылдары біздің мемлекеттің дүние жүзілік білім беру кеңістігіне енуіне байланысты.

Шет елдің тәжірбиені зерттеу және білім сапасын бағалауда білім сферасындағы салыстырмалы талдау жүргізу нәтижесінде белгілі бір жүйелілік қалыптасып,жаңа әдістер мен іс-әрекеттер қолданыла бастады.Осыған орай оқу мекемелерінің өзін-өзі бағалау процедуралары кеңінен енгізіле бастады. Сонымен қатар сыртқы бағалаудың жаңа түрлері енгізілуде, ол (4,9) сынаптардың мемлекетаралық бақылау (МАБ), орта білім берудің жеке деңгейлерінің аяқталуынан кейін оқушылардың академиялық білімдерін (МАБ) мемлекетаралық бақылау және орта білім мектептерінің түлектеріне арналған “Бірыңғай Ұлттық Тестілеу”(БҰТ) (1).

Осы жоғарыдағы аталған мәселелерге байланысты мен де өз жұмыс жасап жүрген сыныптар аралығында оқушылардың білімдерін бағалауды білім сапасын басқарудың бір критерийі деп есептеймін.

Дәстүр бойынша оқушының оқу жетістігі –меңгертілу деңгейі балдық бағалар мен бағаланатын білім, білік және дағдыларды жинақтау үрдісінде меңгерілетіндердің көлемінің өсуі, олар жалпы пән бойынша (жалпы пәнді оқытудан күтілетін нәтижелер ретіндегі пәндік компетентіліктер) және әрбір сынып бойынша (жеке оқу курстарын оқытудан күтілетін нәтижелер ретіндегі) білім, білік және дағдылар тізбесі көрініс береді.

Білім сапасын бағалау үшін оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау мен олардың белгіленген стандартқа сәйкестілігі пайдаланылады. Шындығында, білім сапасы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау арқылы белгіленеді, яғни бағалау –білім саапасын басқарудағы негізгі критерий. «Оқушы жетістіктері» ұғымы білімнің құндылығы мен мақсатына және оның мазмұнына өзара байланысты (2).

Оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштерін анықтау үшін немесе бағалау үшін диагностикалау қажет. Диагностикалық іс-әрекет бақылауды, тексеруді, бағалауды қамтиды. Диагностикаланатын мақсаттар мен оқыту нәтижелерінің тепе –теңдігі оқыту сапасының критерийі, ал оның көрсеткіші оқушылардың оқу материалын меңгерудің белгілі бір деңгейіне жетуі болып табылады.

Бағалау жүйесінің обьективтілігіне диагностикалық маңыздылығына көңіл бөлінуі қажет.

Оқушының оқу жетістігін өлшеу дәлдігі оның білімдік жетістіктерімен тұлғалық жетістіктерінің сапасына әсер ететінін байқауға болады. Ол үшін оқушының оқу жетістіктерінің өлшеуіштері мазмұны мен құрылымы жағынан ұтымды тыңдалуы тиіс. Өлшеуіштерге оқушы жетістіктерінің сапалық және сандық сипатының алдын ала берілген параметрлері білім салалары бойынша оқушылардың оқу дайындықтарының деңгейін айқындайтын құралдар мен тәсілдер жатады. Педагогикалық өлшеуіштер тәсілдерінің ішінде ең көп тарағандары бақылау, білімді ауызша тексеру формасы, білімді тексерудің жазбаша формасы, интервью түріндегі әңгімелесу, сауалнама т.б (3).

Оқытудың әрбір сатысы бойынша анықталған нәтижелерге оқушылардың жетуін, жетістіктерін бағалау мақсатында қорытынды бақылау жүргізу үшін бақылау жұмыстары, тест формасындағы тексеру құралдары жасалады. Ал оқушылардың білім салалары бойынша интеграцияланған оқу жетістіктерін, яғни білімдік оқу жетістіктрін сүзгіден өткізу өлшеуіш- тапсырмалар жүйесі арқылы жүзеге асырылып, бағаланады (Кесте).
Кесте-Оқушылардың оқу жетістіктері.

.Дәстүрлі бағалау жүйесі

Педагогикалық өлшеу

Оқушылардың оқу жетістіктерін сапалы бағалау

Оқушылардың оқу жетістіктері деңгейінің сандық көрсеткіштерін алу

Артықшылықтары

Кемшіліктері

Артықшылықтары

1.Оқушы мен педагогтың өзара әркеттестігіне негізделеді, яғни оқушылардың коммуникавтік қабілеттері дамытылады

2.Тәсілдердің қарапайымдылығы

3.Нәтижелерді алудың шапшандылығы



1.Компетенттілік тұрғыда оқытуға қатысты бақылау құралдарының жеткіліксіздігі

2.Педагогикалық өлшеу элементтерің кейбіреуінің көрініс бергенімен, олар оқушылардың бағаланатын қасиеттерінің сапалы эквиваленттерін сандық өлшеуді емес, оларды бағалауды мақсат етеді, сондықтан мұндай бақылау нәтижелерін бір—бірімен салыстыруға болмайды

3.Педагогтар тарапынан субъективизмнің көрініс беруі

4.Бағалаудың бірыңғай шкаласы мен критерийлерінің болмауы

5.Оқу әрекеті нәтижелерін өзіндік түзету жасауға толық мүмкіндік бермейтіндігі


1.Компетенттілік тұрғыда оқытуға қатысты бақылау құралдарының жеткіліктілігі

2.Оқыту сапасын бағалау квалиметриялық (сандық) тұрғыда негізделеді, яғни оқушының пәндік (пәнаралық) дайындығы сипатындағы өлшенетін айнымалының теңестірілетін сандық эквиваленттер алынады

3.Әсіресе “мектеп – ЖОО (жоғары оқу ортаны)” кезеңінде бақылау – бағалау жүйесіне жаңа негіз қалайды

4.Педагогикалық процесс барысы, әрбір оқушының оқу жетістіктері жөнінде ақпарат алып отыруға болады

5.Оқыту барысына және оның нәтижесіне әсер ететін қандай да болмасын факторлардың ықпалын айқындауға болады

6.Объективтіліктің толық көрініс беруі


Дәстүрлі бақылау құралдары

Компетенттілікке берілген тапсырмалар мен стандартталған тесттер

Кемшіліктері


Артықшылықтары

1.Оқытушылық потенциялының төмен болуы

2.Оқытудың инновациялық әдістерінің дамуын тежеуі

3.Өзіндік бақылау мен өзін-өзі басқару үшін қажетті жағдаймен қамтамасыз етпеуі


1.Оқытушылық потенциялының жоғары болуы

2.Оқытудың инновациялық әдістерінің дамуына мүмкіндік жасауы

3.Өзіндік бақылау мен өзін-өзі басқару үшін қажетті жағдаймен қамтамасыз етуі

4.Саралау қабілеттілігі


Қазіргі кезде тест бағалау формасын тәжірибеден өткізген шет ел мамандары олқылықтарды жою үшін, өткен ғасырдың 80 жылдарынан бастап түзету іздестіруде. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың бір шешімі ретінде.АҚШ-та портфолио идеясы кең өріс ауда.Ал Ресейде болса бүгінгі күнде бұл бағалау әдісі қолданылап та келеді.

ҰБТ (Ұлттық Бірыңғай Тестілеу) мен бағдарлы оқыту енгізілуіне байланысты бұл Қазақстанда да қолданысқа кіргізілмекші. Ол туралы 12 жылдық оқытуға арналған жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізгі ережесінде көрсетілген.

Онда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың мұндай түрлері енгізіледі : сыртқы баға, ішкі баға және портфолио.

Портфолио әдеттегі білім, білік, дағдыдан басқа оқушының компетенттілігін тексеруге, бағалауғакөмектеседі. Портфолио бағалаудың бір түрі ғана емес, сондай –ақ ол оқушылардың оқу мотивациясына көмектеседі , оқу мумкіндіктерін кеңейтеді. Портфолионың міндеті–баланың неге қабілетті екендігін көрсету.Ол –жаңа оқу процесін ұйымдастыру құралы, оқушының бұрыңғыға қарағанда білімі мен білігіндегі ілгерілеу жолдарынайқындайтын көрсеткіш. Портфолио өзінің мақсатына сай әр түрлі болады : тақырыптық, пәндік, тілдік т.б.

Тақырыптық портфолиода оқушының мәлім бір тақырып төңірегіндегі белгілі бір мерзім ішінде жеткен жетістіктері жиналады.

Пәндік портфолиода, оқушының өзіне ұнайтын, не болмаса көбірек қабілеті бар мәлім бір пән бойынша жеткен жетістіктері жиналады.

Ал тілдік портфолиода (бұл портфолио түрі Еуропа кеңесінде көбірек қолданыста) оқушылардың тілдік компетенттілігі жинақталады, яғни тілдік компетенттіліктің дәрежелері өлшеу кестесі арқылы оқушының белгілі бір тілді қаншылықты игергенін анықтауға болады (4).

Сондай –ақ жалпы портфолио болады. Оған оқушының бір емес, бірнеше сала, бірнеше пән бойынша немесе жалпы өмірінде жеткен жетістіктері жинақталады.

Портфолионың құрамына :

-реферат;

-пікірлер;

-зерттеу жұмыстары, жобалар мен жұмыс жүргізу туралы мағлұматтар;

-әр түрлі тақырыптарға жазылған баяндамалар;

-шығармашылық жұмыстар;

-практикалық, лаболаториялық жұмыстары туралы еcебі;

-қоғамда болып жатқан құбылыстарға берген бағалары т.б. кіреді.

Біз қазіргі қоқам талабына сай бәсеклестікке төтеп бере алатын жан –жақты дамығын тұлғаны қалыптастырып және оқушы жетістіктерін қосымша бағалау үшін әрине, портфолионың да рөлі ерекше екендігін аңғардық.Яғни, портфолиода оқушылардың білім сапасын, жетістіктерін бағалау–білім сапасын басқарудағы негізгі критерийдін бірі.
Әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті Білім беру стандарты.-Астана, 2006-72 Б.

2. Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңы // Қазақстан Республикасындағы Білім туралы заңнама. –Алматы: Юрист, 2004. – 224 Б.

3. Жадрина М.Ж. Дидактические аспекты дифференциации содержания школьного образования. –Алматы: РИК, 2000. – 91-98 с.

4. Михеева В.И. Портфолио и построение образовательного рейтинга выпускника основной школы//Педагогика.-2009.- №2.