Главная страница

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Аккредитация, рейтинг және сапа басқармасы Рейтинг бойынша жұмыстардың нәтижелілігі


Скачать 123.76 Kb.
НазваниеҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Аккредитация, рейтинг және сапа басқармасы Рейтинг бойынша жұмыстардың нәтижелілігі
Дата03.04.2016
Размер123.76 Kb.
ТипДокументы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Аккредитация, рейтинг және сапа басқармасы
Рейтинг бойынша жұмыстардың нәтижелілігі
Әлемдік білім беру жүйесіне интеграциялану, яғни университеттің барлық қызметін интернационализациялау бағытына соңғы жылдары көп көңіл бөлінуде. Осыған орай университеттің 2014-2018 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары қабылданып, қолданысқа енгізілген болатын.

Бұл жоспарда көрсетілген 5 стратегиялық бағыттың ең біріншісі Халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандар дайындау болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстарды іске асыру үшін белгіленген мақсаттардың алғашқысы - Білім деңгейін көтеру және әлемдік білім беру кеңістігіне енуді қамтамасыз ету болып табылады.

Белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін мына критерийлерді орындау қажеттілігі нақты көрсетілген: Университеттің әлемдік QS рейтингіне енуі (төрт жыл ішінде дүниенің алдынғы қатарлы 800 ЖОО тізіміне кіру), Ұлттық институционалдық рейтингте университеттің орнын жоғарылату және Білім беру бағдарламалары бойынша рейтингте алғашқы үштікке кірген мамандықтар үлесін арттыру.

Аккредитация, рейтинг және сапа басқармасы жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін рейтинг бойынша қажетті жұмыстарды ұйымдастыратын және жүзеге асыратын бірден бір құрылымдық бөлім болып табылады. Рейтинг бойынша соңғы үш жылда бірқатар жұмыстар өз нәтижесін көрсетті.

Соңғы бес жылда оқу орнымыздың рейтингі жыл сайын құлдырап төмендеп, 5-орыннан 7, 8, 10, 16 орындарға түсіп кеткені баршамызға белгілі. Былтырғы оқу жылынан бастап бұл көрсеткіштер түзеле бастады. 2013, 2014 жылы «Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігі» (БСҚА) ұйымдастырған рейтингте университетіміз 16, 10-шы орынды иеленген болса, 2015 жылы 9-шы орынға жоғарылау байқалды.

Ахмет Ясауи университетінің Қазақстандағы көпсалалы

ЖОО арасындағы рейтингтік көрсеткіштері (2010-2015 жж)




Университеттің әлемдік QSWorld University Rankings рейтингіне қатысуын қамтамасыз ету де Стратегиялық жоспарда көрініс тапқан. Алайда, қатарынан екі жыл бойы оқу орнымыз түрлі себептермен бұл рейтингке іліне алмай келді. Өткен оқу жылында QS Ltd. Агенттігімен тікелей іскер қарым-қатынастарды жолға қойып, тұрақты түрде жүйелі жұмыстар жүргізіліп, тиісті көрсеткіштер бойынша статистикалық мәліметтер жинақталды және аталған агенттіктің платформасына енгізіліп отырылды. 2015 жылдың қазан айының 21-жұлдызында QS Quacquarelli Symonds компаниясының зерттеуі бойынша жасалған әлемдік QS EECA рейтинг нәтижелері жарияланды. Оқу ордамыз алғаш рет QS EECA «Дамушы Еуропа және Орталық Азия» рейтингінің тізіміне енді. Рейтингке Ресей, Болгария, Румыния, Чехия, Польша, Венгрия, Түркия сияқты 20-ға жуық елдерден 500-ге тарта ЖОО қатысты. Жалпы тізімге ілінген 241 ЖОО арасынан біздің университетіміз 142-ші орынды иеленді.


QS рейтингте университетіміздің орны

(QS University Rankings: EECA 2015)

2013 ж.

2014ж.

2015ж.





142


«Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігі» (БСҚА) 2015 жылғы қазақстандық ЖОО интернет-ресурстарының рейтингін жариялады. 2015 жылғы рейтинг нәтижесінде Ахмет Ясауи университеті 60 ЖОО арасынан 19-орынды иеленді. 2014 жылғы рейтингте университетіміз 66-орында болған.


Қазақстандық ЖОО интернет-ресурстар рейтингте

университетіміздің орны

2014ж.

2015ж.

66

19




Webometrics” рейтингісінде университетіміздің орны

2012ж.

2013ж.

2015ж.

4912

7422

15865


Көрсетілген мәліметтер Аккредитация, рейтинг және сапа басқармасында рейтинг бойынша атқарылып жатқан барлық жұмыстардың айтарлықтай нәтижелі екендігін аңғартады және басқарманың бұл бағытта әлі де ауқымды жұмыстарды жүзеге асырып, бұдан да жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндігі бар деген ой қалыптастырады.
Рейтинг секторының меңгерушісі А.А.Байсейтова

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕЙТИНГІ
Халықаралық қазақ-түрік университеті әрқашан да білім беру сапасын арттыруға ұмтылады, сондықтан ол жергілікті және халықаралық рейтингтерге қатысады. Халықаралық қазақ-түрік университеті Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі жүргізетін ұлттық және бағдарламалар бағыты бойынша рейтингтеріне, сонымен қатар Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы ұйымдастыруымен өтетін бағдарламалар рейтингіне жыл сайын қатысады.
Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұлттық және бағдарламалық рейтингі

2015 жыл

Мерзім

Рейтингтік агенттік

Рейтинг аты

Позиция

Шілде 2015 ж.

ҚР Тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігі (НААР)

ҚР ЖОО білім беру бағдарламалары бойынша ұлттық рейтинг

Мамандықтар бойынша:

1-ші орын – 6D060100 «Математика»
2-ші орын – 6М060100 «Математика»

2-ші орын – 6D011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
3-ші орын – 5В040300 «Вокалдық өнер»

3-ші орын – 5В020600 «Дінтану»

3-ші орын – 6M020600 «Дінтану»

3-ші орын – 6M070500 «Математика және компьютерлік модельдеу»

3-ші орын – 6D010300 «Педагогика және психология»

3-ші орын – 6D050700 «Менеджмент»

Шілде 2015 ж.

Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА, НКАОКО)

Қазақстан ЖОО-ның институционалдық рейтингі

Көп салалы университеттер арасында 9-шы орын


Шілде 2015 ж.

НКАОКО

Қазақстан ЖОО-ның веб-сайттар рейтингі

ҚР университеттерінің

60 веб-сайт арасынан 19-орын


Шілде

2015 ж.

Cybermetrics Lab, Consejo Superior de Investigaciones Cientificas (CSIC) зерттеу тобы, Испания

«Webometrics» халықаралық веб-сайттар рейтингі: әлемдегі 20000-нан көп университеттер қатысады

ҚР университеттерінің

106 веб-сайттарының арасынан 66-шы орын

Қазан

2015 ж.

QS Quacquarelli Symonds компаниясы

Әлемдік QS EECA (Дамушы Еуропа және Орталық Азия елдері университеттері) рейтингі

241 ЖОО арасынан 142-орын

Шілде

2015 ж.

Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА, НКАОКО)

Республика бойынша ОПҚ-ның «ТОР-50» рейтингі


43-орын – Меирбеков

Абдилда Турынханович

50-орын – Турметов

Батирхан Худайбергенович

50-орын - Нурдиллаева

Раушан Нурдиллаевна

2014 жыл

Мерзім

Рейтингтік агенттік

Рейтинг аты

Позиция

Шілде 2014 ж.

ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы (ЦБПиАМ, бұрынғы БҒМ Ұлттық аккредитация орталығы)

ҚР ЖОО бакалавриат мамандықтары бойынша ұлттық рейтинг

Мамандықтар бойынша:

1-ші орын – «Алғашқы әскери дайындық»

1-ші орын – «Дінтану»

2-ші орын – « Педагогика және психология»

2-ші орын – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

2-ші орын – «Тарих»

2-ші орын – «Шет тілі: екі шет тілі»

2-ші орын – «Қазақ тілі мен әдебиеті»

3-ші орын – «Филология»

3-ші орын – «Математика»


Шілде 2014 ж.

Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА, НКАОКО)

Қазақстан жоо-ның ұлттық рейтингі

Көп салалы университеттер арасында 10-шы орын


Шілде 2014 ж.

НКАОКО

Қазақстан жоо-ның веб-сайттар рейтингі

71 веб-сайт арасынан 66-орын


Шілде 2014 ж.

НКАОКО

ЖОО бакалавриат білім беру бағдарламалар бағыты бойынша рейтинг

5-ші орын «Білім беру: жаратылыстану ғылымдары» бағыты бойынша

5-ші орын «Жаратылыстану ғылымдары» бағыты бойынша


Шілде 2014 ж.

НКАОКО

ЖОО магистратура білім беру бағдарламалар бағыты бойынша рейтинг

5-ші орын «Жаратылыстану ғылымдары» бағыты бойынша


Мамыр 2014 ж.

«Эксперт РА» рейтингтік агентігі, Ресей

ТМД үздік жоо рейтингі

ХҚТУ Университеті ТМД үздік 153 университеттінің тізіміне енді

Шілде

2014 ж.

Cybermetrics Lab, Consejo Superior de Investigaciones Cientificas (CSIC) зерттеу тобы, Испания

«Webometrics» халықаралық веб-сайттар рейтингі: әлемдегі 20000-нан көп университеттер қатысады

13-ші орын ҚР университеттерінің 112 веб-сайттарының арасынан

2013 жыл

Мерзім

Рейтингтік агенттік

Рейтинг аты

Позиция

Тамыз 2013 ж.

ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы

ҚР ЖОО бакалавриат мамандықтары бойынша ұлттық рейтинг

Мамандықтар бойынша:

2-ші орын – «Математика»

2-ші орын – «Биология»

2-ші орын –« Туризм»

3-ші орын – «Шет тілі: екі шет тілі»

3-ші орын –«Филология»

3-ші орын –« Музыкалық білім»


Тамыз 2013 ж.

Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі

Қазақстан жоо-ның ұлттық рейтингі

Көп салалы университеттер арасында 16-шы орын


2012 жыл

Мерзім

Рейтингтік агенттік

Рейтинг аты

Позиция

Шілде 2012 ж.

ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы

ҚР ЖОО бакалавриат мамандықтары бойынша ұлттық рейтинг

Мамандықтар бойынша:

2-ші орын – «Математика»

2-ші орын –« Туризм»

2-ші орын –«География»

3-ші орын –«Биология»

Шілде 2012 ж.

Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі

Қазақстан жоо-ның ұлттық рейтингі

Көп салалы университеттер арасында 8-ші орын


ЖОО ұлттық және бағдарламалық рейтингтері бойынша қосымша ақпараттар төмендегі агенттіктер сілтемелерінде келтірілген:

  1. ҚР Тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігі (НААР) – http://www.iaar.kz//docstation/com_docstation/107/r2015_1.pdf

  2. Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (НКАОКО) - http://nkaoko.kz/ru/

  3. «Эксперт РА» рейтингтік агенттігі-  http://raexpert.ru/rankings/vuz/vuz_sng/part2/

  4. Әлемдік университеттер веб-сайттарының рейтингі - http://www.webometrics.info/Asia/Kazakstan?page=1

  5. Әлемдік QS (Quacquarelli Symonds) рейтингі - http://www.topuniversities.com/university-rankings/eeca-rankings/2015?utm_source=tu_house_banners&utm_medium=web_banner#sorting=rank+region=+country=104+faculty=+stars=false+search=