Главная страница

L. N. Gumilyov Eurasian national university


Скачать 29.89 Kb.
НазваниеL. N. Gumilyov Eurasian national university
Дата06.02.2016
Размер29.89 Kb.
ТипДокументы




L.N. Gumilyov Eurasian national university


БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

ҚАЙРАТ КАМАЛҰЛЫ ҚАДЫРЖАНОВТЫҢ 70 ЖАСҚА ТОЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА
2015 жылы 4-желтоқсан күні сағат 15.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ( Қ.Сәтпаев к/сі 2, бас оқу ғимараты, 259 ауд) белгілі ғалым, ҚР ҰҒА құрметті академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Камалұлы Қадыржановтың 70 жасқа толуына байланысты салтанатты шара өтеді.

Шара аясында Қайрат Қадыржановтың «Менің есімде...» («В памяти моей…») атты кітабының тұсаукесер рәсімі болады.

Біріккен ядролық зертеу институтынан арнайы шақырылған қонақтары Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми-зерттеу кешені үшін мейлінше қысқа мерзімде Астана қаласында DC-60 циклотроны негізінде үдеткіш кешен жобаланып, жасалғанын және іске қосылғанын айтып береді.

Бұл Энергия диапазоны мен кең спектрлі үдетілген иондар шоғын алуға мүмкіндік беретін DC-60 ауыр иондар циклотроны ядролық физика, радиациялық технологиялар және жоғары білікті физик-мамандар даярлау жөніндегі эксперименттік кешеннің негізі болды. ҚР ҰЯО ЯФИ және БЯЗИ ПҒЗК үдеткіш кешеніндегі бірлескен жұмыстар қысқа уақыт ішінде физиканың, химияның және жоғары технологиялардың ең озат бірқатар бағыттары бойынша Қазақстанның жеке кадрлық мектептерін құруға мүмкіндік берді. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, ҚР ҰЯО және БЯЗИ арасында 2007 жылы Пәнаралық ғылыми-зерттеу кешені негізінде Халықаралық инновациялық-білім беру консорциумын құру туралы Меморандумға қол қойылған болатын. Консорциумның жоғары білікті мамандар даярлау жөніндегі міндеттерін жүзеге асыру үшін «Ядролық физика, жаңа материалдар мен технологиялар» халықаралық кафедрасы құрылды.

Шара барысында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев, мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбеков, Словакия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Петер Юза, сонымен қатар ҚР Парламенті Сенатының депутаттары мен Біріккен ядролық зерттеу институтындағы (Дубна қ.) әріптестері мерейтой иесі Қайрат Қадыржановты 70 жасқа толу мерейлі жасымен құттықтайды.

АНЫҚТАМА ҮШІН:

Қайрат Қамалұлы Қадыржанов 1945 жылы 5 желтоқсанда Талдықорған қаласында дүниеге келген. Мәскеу инженерлік-физика институтын, КСРО Ғылым академиясы И.Курчатов атындағы Атом энергиясы институтының аспирантурасын бітірген. Физика-математика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Инженерлік Академиясының және Халықаралық Инженерлік Академиясының академигі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Ядролық физика институтының директоры қызметтерін атқарған. 2006 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының бас директоры. Қазір Еуразия ұлттық университеті ректорының кеңесшісі.

«Физические основы ионных технологий», «Фазовые преобразования в имплантационных системах металл-металлоид», «Nuclear Physial Methods in Radioecological Investigations of Nuclear Test Sites» (бірігіп жазған), «Физические основы ионных технологий создания стабильных многослойных металлических материалов» атты кітаптардың, 400-ден астам ғылыми жарияланымдардың, соның ішінде 12 монографияның авторы.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен, «Е.П. Славский» (Ресей) медалімен, «Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» Алтын белгісімен марапатталған. Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Ғылым Академиясының академигі Шапық Шокин атындағы сыйлықтың иегері. 2009 жылы Словакия Республикасының Құрметті консулы атағы берілген.



Пресс-служба Баспасөз қызметі Press office

ЕНУ им.Л.Н.Гумилева Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ L.N.Gumilyov ENU

Казахстан,г.Астана,ул.Сатбаева 2 Қазақстан,Астана қ.Сәтбаев 2 к-сі Kazakhstan,Astana, Satbayev st 2

Тел: +7 (717) 270-95-48 Тел: +7 (717) 270-95-48 Tel: +7 (717) 270-95-48

www.enu.kz www.enu.kz www.enu.kz

lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com