Главная страница

L. N. Gumilyov Eurasian national university баспасөз хабарламасы


Скачать 19.95 Kb.
НазваниеL. N. Gumilyov Eurasian national university баспасөз хабарламасы
Дата06.02.2016
Размер19.95 Kb.
ТипДокументы




L.N. Gumilyov Eurasian national university


БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2015 жылы 11 желтоқсан күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (Қаныш Сәтбаев көшесі, 2. Бас ғимарат, 259 ауд.) ҚР Білім және ғылым минстрлігінің Алқа отырысынан кейін Қазақстан жоғары оқу орындарының ректорлары Кеңесінің үшінші мәжілісі өтеді.

Кеңес жұмысына ҚР Білім және ғылым министрлігі, халықаралық байланыс және ЖОО-дан кейінгі білім беру департаментінің өкілдері мен еліміздегі жоғары оқу орындарының (ұлттық, мемлекеттік, акционерлік қоғамы) 39 ректоры қатысады деп күтілуде.

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының ректорлары Кеңесі мәжілісін Кеңес төрағасы – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов жүргізеді.

Ректорлар Кеңесі 2015 жылдың 10 мамырында ҚР Білім және ғылым министрлігінің №288 бұйрығымен жоғары білім беру жүйесін жетілдіру, болашақ мамандарды даярлаудың өзекті мәселелерін шешу және отандық ғылымды дамыту бойынша жоғары оқу орындар арасында қарым-қатынасты нығайту мақсатында құрылған болатын.

Осы бұйрық бойынша ректорлар Кеңесі және ректорлар Кеңесінің құрамы бекітіліп, Кеңес құрамына қызмет бойынша еліміздің 39 жоғары оқу орындарының ректорлары енген-ді.

Консультативті кеңес беру органы ретінде үш жылға дейін мерзімі бар Ректорлар Кеңесінің бұған дейінгі отырысында бірнеше сұрақтар қарастырылып, жоғары оқу орындарын лицензиялауға және аккредиттеуге, білім беру ұйымдарының рейтингісіне, ЖОО-ларды жаңғырту жөніндегі және ректорларды іріктеу, тағайындау, аттестаттау жөніндегі комиссия жұмысына қатысты мәселелер бойынша шешім қабылданған-тын.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы ЖОО ректорлары Кеңесі төрағасының орынбасары мен хатшысы, ректорлардың аймақтық Кеңестерінің құрамы да алдыңғы отырыста бекітілген болатын.

Ректорлар Кеңесінің үшінші мәжілісінің Күн тәртібіне қойылып отырған мәселелер де маңыздылығымен өзекті. Күн тәртібінде:

Қазақстан Республикасы ЖОО ректорлары Кеңесінің жұмысының қорытындысы; Қазақстан Республикасы ЖОО ректорлары Кеңесінің 2016 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту, т.б.


Пресс-служба Баспасөз қызметі Press office

ЕНУ им.Л.Н.Гумилева Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ L.N.Gumilyov ENU

Казахстан,г.Астана,ул.Мирзояна 2 Қазақстан,Астана қ.Мирзоян 2 к-сі Kazakhstan,Astana,Mirzoyan st 2

Тел: +7 (717) 270-95-48 Тел: +7 (717) 270-95-48 Tel: +7 (717) 270-95-48

www.enu.kz www.enu.kz www.enu.kz

lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com