Главная страница

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты


Скачать 60.03 Kb.
НазваниеЛ. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты
Дата09.02.2016
Размер60.03 Kb.
ТипДокументы

Ыдырыс Г.Ж., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты

www.enu.kz

АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
В данной статье рассматриваются правовые отношения в гражданском иске в уголовном процессе, в частности правовые отношения истца, ответчика, третьих сторон, прокурора, судьи, а также других участников судопроизводства. Дается определение понятию и признакам гражданского иска в уголовном процессе.
Ключевые слова: гражданский иск в угловном процессе, отношения в гражданском судопроизводстве, субъекты в гражданском иске, нормы гражданского судопроизводства.
In this article I consider legal relations of the claimant, the respondent, the third parties, the prosecutor, the judge, and also other participants of legal proceedings. I make definition of concept and signs of civil suit in criminal case.
Keynotes: civil suit in criminal case, relations in civil legal proceeding, subjects in civil suit, norms of civil legal proceeding.
Азаматтық істі қарау мен шешу барысында сот пен басқа да іске қатысушылардың арасында қоғамдық қатынас туындайды. Бұл қатынастар азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттеліп, осының нәтижесінде азаматтық іс жүргізу қатынастары пайда болады.

Азаматтық іс жүргізу қатынастары – құқықтық қатынастардың бір түрі болып табылады. Сондықтан, оған кез-келген құқықтық нормаларына негізделіп, нақты тұлғалардың арасында пайда болып, жауап алады, екіншіден, онда қатысушылардың жүріс-тұрысы заңды бекітілген, үшіншіден, мемлекеттік мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілген.

Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынас тек азаматтық іс жүргізу кодексінде бекітілген нормалар негізінде пайда болды. [1, 21б.] Бұл құқықтық қатынастар тек екі субьектінің арасында пайда болуы мүмкін, яғни, істі қараушы сот пен кез-келген процестің басқа қатысушыларының арасында процессуалдық қатынас туындайды. Мысалы: сот пен талапкердің арасында немесе сот пен жауапкердің арасында.

Азаматтық іс жүргізу құқығы нормалармен реттелетін азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарына келесі ерекшеліктері тән:

  1. Процессуалдық құқықтық қатынастың міндетті субьектісі – сот болып табылады. Тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік органдар өз алдына бір-бірімен азаматтық процессуалдық құқықтық қатынаста бола алмайды.

  2. Процессуалдық құқықтық қатынастардың бір-бірімен тығыз байланыста болып, бірін-бірі алмастырып отыратын қатынастардан тұруы, яғни жүйелігі.

  3. Іске қатысушы тұлғаның кез-келген процессуалдық әрекеті кез-келген іске қатысушы басқа тұлғалардың процессуалдық жағдайына әсер етеді.

  4. Бір жақты ерік білдіруге байланысты туындайтын құқықтық қатынас.[2, 55б.]

Азаматтық іс жүргізуде бірнеше құқықтық қатынастар бар:

  1. Басты (негізгі) құқықтық қатынастар. Бұл талап өндірісінде сот пен тараптардың арасында пайда болатын процессуалдық құқықтық қатынас немесе ерекше өндірістегі сот пен арызданушының арасындағы процессуалдық құқықтық қатынас.

  2. Қосымша процессуалдық құқықтық қатынас. Бұл сот пен үшінші тұлғалардың, сонымен қатар, іс бойынша қорытынды беретін прокурор мен мемлекеттік басқару органдарының арасында пайда болатын процессуалдық құқықтық қатынас.

  3. Қызметтік-көмекші процессуалдық құқықтық қатынас. Бұл сотты өкілдермен, куәлармен, мамандармен, аудармашылармен байланыстыратын процесусалдық құқықтық қатынас.

Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынасы дегеніміз – нақты іс бойынша әділеттілікті жауап алу барысында сот пен процеске қатысушылардың арасындағы азаматтық іс жүргізу құқығы нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар.

Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастары келесі алғышарттар болған кезде ғана пайда болуы мүмкін. Олар:

  1. Азаматтық іс жүргізу нормалары;

  2. Процеске қатысушылардың құқықтық субьективтілігі;

  3. Заңды фактілер.

Азаматтық процессуалдық құқықтық қатынастар пайда болуы ең алдымен азаматтық іс жүргізу құқықтық нормалары болуы қажет. Бұл нормалар процессуалдық құқықтық қатынастың заңды негізі болып табылады. Процессуалдық нормасыз құқықтық қатынастың туындауы мүмкін емес.

Азаматтық іс жүргізу нормаларына мынадай белгілер тән:

  1. Тек мемлекетпен белгіленеді;

  2. Жалпыға бірдей міндетті болып табылады;

  3. Жалпыға юрисдикция соттарының тек азаматтық істерге байланысты әділеттілікті жүзеге асыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді;

  4. Жалпы мақсаты – азаматтық істерді дұрыс, әрі тез қарап шешу;

  5. Мемлекеттік мәжбүрлеуге сәйкес байланысты емес процессуалдық шараларды қолдануды қамтамасыз етеді.

Азаматтық процессуалдық қатынас туындау үшін оның қатысушы субьектілерінің азаматтық процессуалдық құқықтық субьектілігі болуы қажет, яғни, олар азаматтық процессуалдық құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыруды білуге қажет. Процессуалдық құқықтық қабілеттілік дегеніміз – процессуалдық құқықтар мен міндеттерге ие болу. Ал процессуалдық әрекет қабілеттілік дегеніміз – сотта өз құқықтарын өзі жүзеге асыруға және оны жүзеге асыруды өкілге беруге қабілетті.

Заңдық фактілер азаматтық процессуалдық құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарты болып табылады. Заңдық фактілерге азаматтық іс жүргізу құқығында процеске қатысушылардың және соттың әрекеттері жатады. Белгілі бір оқиға істе фактілермен реттеуде қаралмайды. Ол тек белгілі бір әрекетті жүзеге асыруға негіз болады. Мысалы: сотпен талапкер арасындағы процессуалдық құқықтық қатынас екі әрекеттің нәтижесінде туындайды.

  1. Талапкердің талап-арыз беруі;

  2. Соттың талап-арызды қабылауы.

  3. Азаматтық құқықтық қатынастың обьектісі болып осы құқықтық қатынас неге бағытталса, сол оның обьектісі болып табылады. Әрбір жеке құқықтық қатынастың өзінің арнайы обьектісі болады. Мысалы: сот пен куәнің арасындағы қатынастың обьектісі болып іс үішн маңызы бар фактілер туралы мәліметтер табылады.

Жалпы азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастың обьектісі болып азаматтық іс танылады.

Азаматтық процессуалдық құқықтың субьектілері болып сот, азаматтар мен ұйымдар табылады. Заң бойынша азаматтық процессуалдық құқықтың субьектілері болып шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар, шетел ұйымдары мен халықаралық ұйымдар есептеледі. Бұл аталған тұлғалардың барлығы процеске қатыса алады.[3, 92б.]

Әрбір процеске қатысушылардың өзінің көздеген мақсаты болады. Және соған сәйкес оның нақты жағдайы: яғни, ол талапкер, жауапкер, үшінші тұлға және т.б. екендігі анықталады. Өздерінің құқықтық жағдайына сәйкес олар тиісті құқықтар мен міндеттерді иеленеді.

Азаматтық процессуалдық құқықтық қатынас субьектілерін 3 негізгі топқа бөлуге болады:

  1. сот;

  2. іске қатысушы тұлғалар;

  3. әділетті жауап алдыруға көмек көрсететін тұлғалар.

  1. Процестің негізгі қатысушысы болып сот табылады. Сол әділеттілікті жауап алдырушы мемлекеттік биліктің органы және басқа процеске қатысушылардың ішінде ерекше орынға ие.

Сот процесті басқарып, процеске қатысушылардың өздерінің процессуалдық әрекеттерін жауап алдыруына бақылауды жасайды. Сондай-ақ, екінші инстанция соттары да табылады.

  1. Іске қатысушы тұлғалар азаматтық процестегі маңызды рөл атқарады. Заңға сәйкес іске қатысушы тұлғаларға мыналар жатады:

- тараптар;

- үшінші тұлғалар;

- прокурор;

- мемлекеттік органдар. [1, 23б.]

  1. Істің дұрыс және тез шешілуіне көмектесу үшін процеске куәлар, мамандар, сарапшылар, аудармашылар, өкілдер тартылады.

Келтірілген алғышарттардың қатарында Понарин талап-арыздың сотта қаралуға жатуын атап көрсетпейді. Өзінің пікірін негіздеу ретінде автор мынадай тұжырымды дәйектерді келтіреді: «Біздің пікірімізше, қылмыстың кесірінен материалдық зиян шеккен тұлға соттың қылмыстық іспен қатар қарастырып отырған, қылмыстық іс бойынша азаматтық талап-арыз беруге құқылы болатындықтан, азаматтық сот өндірісіне тән бұл процессуалдық алғышарт қылмыстық процесте қолдануға келмейді. Бұл тұрғыда ешқандай шектеулер жоқ. Осы себепті де, олардың субьектілері заңды тұлға ма немесе жеке тұлға ма, оған қарамастан, қылмыстық сот өндірісінде осы қылмыстан өршитін материалдық сипаттағы кез-келген талап-арыздар шешімін табуы тиіс» [4, 62б.].
Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі.

  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 1т. 395 б.

  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне түсініктеме –Алматы. 2003 ж.

Мазалов А.Г. Гражданский иск в уголовном процессе. – М.: 1977 ж