Главная страница

Кіріктірілген білім беру бағдарламасы «Биология» пәні бойынша тест спецификациясы


Скачать 401.13 Kb.
НазваниеКіріктірілген білім беру бағдарламасы «Биология» пәні бойынша тест спецификациясы
Дата31.03.2016
Размер401.13 Kb.
ТипДокументы

«НАЗАРБАЕВ Зиярткерлік мектептері»

Дербес білім беру ұйымы

Педагогикалық өлшеулер орталығы


Кіріктірілген білім беру бағдарламасы

«Биология» пәні бойынша

тест спецификациясы

10-сынып

Астана, 2015

Мазмұны


1 Мақсаты 3

1.1 Халықаралық стандарттарымен өзара байланысы 3

1.2 Зияткерлік мектептеріндегі оқу бағдарламасымен өзара байланысы 3

1.3 Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделімен (КБКМ) өзара байланысы 3

2 Бағалауға шолу 4

2.1 Бағалау міндеттері 5

2.2 Калькуляторды қолдану 6

2.3 Формулалар мен деректер 6

Емтихан тапсыру кезінде оқушылардың емтихан жұмыстарының алғашқы бетіндегі формулалар мен деректер тізіміне көңіл бөлуі қажет. Оның ішінде оқушылар оқу бағдарламасы бойынша кездескен, бірақ есте сақтауды қажет етпейтін формулалар және деректер берілген. 6

3 3 Емтихан жұмыстарының сипаттамасы 7

3.1 1-емтихан жұмысы 7

3.2 2- емтихан жұмысы 7

3.3 Балдарды үлестіру 8

3.4 Бағалауды өткізу тілі 8

4 Емтихан өткізу үрдісін басқару 8

Осы Нұсқаулық барлық оқушылар, мұғалімдер, кезекшілер және менеджерлер емтихан өткізілуінің әділдігіне көз жеткізуі үшін, барлық мектептердегі емтихандардың стандартты түрде өткізілуіне кепілдік береді. 9

5 Балдарды қою 9

6 Бағаларды қою үрдісі 9

6.1 Бағалар дескрипторы 10

4 Сұрақтар үлгісі 12

4.1 1-емтихан жұмысы: А бөлімі сұрақтар үлгісі 12

7.1 1-емтихан жұмысы: B бөлімі сұрақтар үлгісі 13

7.2 2-емтихан жұмысы: Сұрақтар үлгісі 20



1Мақсаты



Назарбаев Зияткерлік мектептердегі (бұдан әрі – Зияткерлік мектептер) сыртқы бағалау – оқушылардың жиынтық бағалауда алған білімі мен біліктілігін, дағдыларын халықаралық деңгейде қамтамасыз ету мақсатында халықаралық стандарттың талабына сай өткізіледі. Емтихан нәтижесінде оқушылар бүкіл ел көлемінде, ал болашақта бар әлемде танылатын біліктілікке ие болады.

Бағалау мақсаты – оқу үрдісінде оқушының алған білімі мен біліктілігін, сондай-ақ мәселелерді шешу үшін жоғары деңгейде ойлауды және аналитикалық қабілеттерін қолданып, 21 ғасырдың жаһандану жағдайында пәндік дағдыларды пайдалана білуін анықтау.
Зияткерлік мектептеріндегі қосымша бағалау мақсаттары:

  • жоғарғы білім беру, үздіксіз білім беруді немесе конкурстық іріктеу негізінде жұмысқа орналасуды қалыптастыру;

  • бағалаудың дұрыс тәсілдерін жақсартуды қамтамасыз ету;

  • белгілі бір уақыт аралығында стандартты мониторигілеу үшін тиімді ақпараттарды ұсыну.



1.1Халықаралық стандарттарымен өзара байланысы



Бағалау халықаралық стандарттармен салыстырмалы түрде құрастырылған. 10-сыныптағы «Биология» пәні бойынша бағалау Ұлыбританияның Ұлттық Біліктілік жүйесіндегі (UK National Qualifications Framework) 2 орында тұрған Cambridge International IGCSE халықаралық деңгейіне сәйкес келеді.

1.2Зияткерлік мектептеріндегі оқу бағдарламасымен өзара байланысы



10-сыныптың жиынтық бағалауы 9 және 10 сыныптағы «Биология» пәні бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын қамтиды және оқушылардың білімдері оқу бағдарламасы аясындағы күтілетін оқу нәтижелерімен анықталады.


1.3Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделімен (КБКМ) өзара байланысы




Сыртқы жиынтық бағалау Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделінің бөлігі болып табылады, осы моделге сондай-ақ қалыптастырушы бағалау және ішкі жиынтық бағалау кіреді.




Осы құжаттағы бағалау міндеттері «Биология» пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының және оқу мақсаттарының мазмұнын көрсетеді. Қалыптастырушы бағалау және ішкі жиынтық бағалау да оқу мақсаттарына негізделген, бірақ оқушылардың біліктілігін басқа түрде тексереді.

2Бағалауға шолу



Барлық оқушылар екі емтихан жұмысын орындайды


1-емтихан жұмысы

90 минут

Берілген жұмыс А және В екі бөлімнен тұрады. Барлық сұрақтар міндетті болып табылады.

А бөлімі көп жауап таңдауы бар 25 сұрақтан тұрады. Әр сұраққа жауаптардың төрт нұсқасы беріледі. Оқушылар соның ішінен біреуін таңдауы тиіс.
Сұрақтар оқушылардың пәннің мазмұнын білу мен түсіну, ақпаратты қолдау, өндеу және бағалау қабілетін тексереді. Оқушыларға емтихан жұмысының А бөлімін орындау үшін 30 минуттан артық уақыт берілмейтіні туралы ескерту қажет.
В бөлімі 6-9 құрылымдық сұрақтардан тұрады.

Жұмыс әртүрлі балл берілетін құрылымдық тармақтарының саны өзгеріп тұратын сұрақтардан тұрады. Тапсырманың сұрақтарын орындау оқушының білімін және ақпаратты өңдеу, қолдану және бағалау біліктілігін бағалайды.

Оқушыларға емтихан жұмысының В бөлімін орындау үшін 60 минуттан артық уақыт берілмейтіні туралы ескерту қажет.

Барлық балл санының 70%




2-емтихан жұмысы

75 минут

Оқушыларға берілген емтихан жұмысы биологияның әр түрлі тарауларынан екі немесе үш тәжірибе жасаудан тұрып, тәжірибе мен бақылау жасау дағдыларын қамтиды. Оқушылардың тәжірибелік дағдыларын білу және түсіну, сонымен қоса жоспарлау, бағалау, талдау және бағалау қабілеттерін тексереді.

Барлық балл санының 30%


2.1Бағалау міндеттері





БМ1

Білу және түсіну

Оқушылар:

• ғылыми феномен, фактілер, заңдар, анықтамалар, тұжырымдамалар мен теорияларды

• ғылыми лексика, терминдер, шартты белгілерді (соның ішінде белгіленулер, шамалар және өлшем бірліктерді)

• ғылыми құрал-жабдықтар қолданысын пайдалану және қауіпсіздік ережелерін ескеруді

• ғылыми шамалар мен олардың анықтау тәсілдерін

• әлеуметтік, экономикалық және экологиялық нәтижелерді назарға ала отырып ғылым мен технологияны қолдануды білуі тиіс.
Биология пәнінің оқу бағдарламасы оқушылардың еске түсіруіне және түсіндіруге тиіс нақты білімдерін анықтайды.
Бұл критерийлер бойынша жауап беретін сұрақтар келесі сөздерден басталады: анықтаңыз, тұжырымдаңыз, сипаттаңыз немесе түсіндіріңіз.

БМ2

Ақпаратты өңдеу және тапсырмаларды орындау

Оқушылар сөзбен немесе басқа жазбаша пішінінің (белгілер, графикалық және сандық) қолдана отырып:

• түрлі дереккөздерден алынған ақпараттарды анықтау, таңдау, жүйелеу және көрсете білуді

• ақпаратты әр түрлі формада беруді

• сандармен және басқа берілген нәтижелерді түрлендіре алуды

• жүйені анықтау үшін, тенденцияны айқындау және қорытынды шығару үшін ақпаратты қолдануды

• болжамдар жасау және гипотезалар/жорамалдар шығаруды

• білімдерін жаңа жағдайларда қолдануды

• ақпарат және гипотезаларды бағалауды

• биологиялық теориялар мен моделдердің шектеулі екенін білетіндігін көрсетуі тиіс.
Оқушыларға ақпарат үшін берілген сұрақтардың тексерілетін дағдылары белгісіз болуы мүмкін. Оқушылар жауаптарында оқу бағдарламасында берілген тұжырымдамалар мен қағидаларды пайдаланып, оларды жаңа жағдайларда логикалық, дәйекті немесе дедуктивті жолмен қолдана білуі тиіс.
Бұл критерийлер бойынша жауап беретін сұрақтар келесі сөздерден басталады: болжаңыз, шамалаңыз, қорытынды жасаңыз, есептеңіз немесе анықтаңыз.

БМ3

Тәжірибе мен бақылау жүргізу дағдылары

Оқушылар:


  • құрал-жабдықтарды және материалдарды қалай пайдаланудың амал-тәсілдерін білуі (мүмкіндігінше нұсқаулық бойынша)

  • өлшеулер мен жуық есептеулер жүргізу және бақылауларды жазуы (алынған мәліметтер бойынша кестені толтыруы, графиктер мен сызбаларды қоса алғанда)

  • тәжірибе аумағында алынған бақылаулар мен нәтижелерді түсіндіруі және бағалауы (қорытынды жасау үшін)

  • зерттеулерді жоспарлауы, әдістерді бағалауы және тәжірибені жасаудың жақсарту жолдарын ұсынуы (оның ішінде әдіс, құрал-жабдықтар мен материалдарды таңдауы) тиіс.



2.2Калькуляторды қолдану



1,2-емтихан жұмыстарында калькуляторды қолдануға рұқсат беріледі.
Калькулятор:

• өлшемі қолдану үшін қолайлы;

• батарея немесе күн батареялары негізінде жұмыс істейтін;

• қақпақсыз, қаптамасыз болу, формулалар және нұсқаулық мәліметтері жабындарында жапсырылмауы керек.

Оқушы:

• калькулятордың қуат көзі үшін;

• калькулятордың жұмыс істеу жағдайына жауапты.

Келесі функциялары бар калькуляторды пайдалануға тиым салынады:

• аудару;

• алгебралық амалдарды орындау;

дифференциалдау немесе интегралдау;

• басқа құрылғылар немесе ғаламтормен байланыс.

Калькуляторда жеңіл шығарылатын ақпараттар болмауы керек, оның ішінде:

• деректер қоры;

• сөздіктер;

• математикалық формулалар;

• мәтіндер.


2.3Формулалар мен деректер




Емтихан тапсыру кезінде оқушылардың емтихан жұмыстарының алғашқы бетіндегі формулалар мен деректер тізіміне көңіл бөлуі қажет. Оның ішінде оқушылар оқу бағдарламасы бойынша кездескен, бірақ есте сақтауды қажет етпейтін формулалар және деректер берілген.

33 Емтихан жұмыстарының сипаттамасы



Оқушыларға 2 емтихан жұмысы беріледі.

1 -емтихан жұмысы сұрақтар жинағы түрінде, ал 2-емтихан жұмысы практикалық жұмыс болып табылады. 1-емтихан жұмысында БМ1 және БМ2 бағаланады. 2-емтихан жұмысында БМ3 бағаланады.


3.1 1-емтихан жұмысы



Оқушыларға 90 балмен бағаланатын емтихан жұмысын орындау үшін 90 минут беріледі. Барлық сұрақтардың орындалуы міндетті болып табылады.

Бұл жұмыста сұрақтар БМ1 және БМ2 бағалау міндеттері бойынша 9 және 10 сыныптардың физика пәнінің оқу бағдарламасын оқушылардың білуі, түсінуі және олардың ақпаратты өңдеу, қолдану және бағалау біліктілігі бағаланады.


Бағалау міндеттері

Балдар

Сипаттамасы

БМ1 (57%)

БМ2 (43%)

БМ3 (0%)

51

39

0

А бөлімі

Бұл жұмыс әрқайсысында төрт жауап нұсқасы (A-D) бар 25 сұрақтан тұрады.
В бөлімі

Бұл сұрақтар жауаптың түрлі тәсілдері мен амалдарын талап етеді: бір сөзді жауап; қысқаша сипаттамалар және анықтамалар, күрделі және көлемді негізделген пайымдаулар, кесте құру немесе толтыру, график сызу және түсіндіру, графиктер сызбасын құрастыру.

БАРЛЫҒЫ

90





3.2 2- емтихан жұмысы



Оқушыларға 2 немесе 3 сұраққа жауап беру үшін 75 минут беріледі. Жұмыс 40 балмен бағаланады. Барлық сұрақтардың орындалуы міндетті болып табылады. Бұл жұмыста сұрақтар БМ3 бағалау міндеттеріне сәйкес келеді және оқушылардың тәжірибелік дағдылар мен зерттеушілік қабілеттерін тексереді. Кесте төменде келтірілген.


Бағалау міндеттері

Балл саны

Сипаттамасы

БМ1 (5%)

БМ2 (25%)

БМ3 (70%)

2

10

28

Бұл жұмыс зертханалық-практикалық жұмыс болып табылады. Практикалық жұмыс кесте бойынша орындалады
2-емтихан жұмысы тәжірибелік әдістемелер және бақылау кезінде туындаған мәселелерге негізделген 2 немесе 3 сұрақтан тұрады.
Оқушылар тапсырманы орындау кезінде кестелер толтырады, графиктер сызады және талдау үшін деректерді көрсетудің, есептеулер жүргізудің және сәйкес қорытынды шығарудың басқа да жолдарын қолданады деп күтіледі.

Бір немесе бірнеше сұрақтарда оқушылардан қателіктің көзін табу және өзгерту үшін ұсыныс енгізу талап етіледі.

БАРЛЫҒЫ

40





3.3 Балдарды үлестіру



Әрбір емтихан жұмысының бағалауы мен балл үлестірілуі кестеде берілген.



Бағалау міндеттері

1-емтихан жұмысы

2-емтихан жұмысы

БАРЛЫҒЫ

БМ1

51

2

53 (40%)

БМ2

39

10

49 (38%)

БМ3

0

28

28 (22%)

Барлығы

90 (70%)

40 (30%)

130 (100%)



Бұл кестеде 1-емтихан жұмысын БМ1 және БМ2 бағалау міндеттері бойынша және 2-емтихан жұмысында барлық бағалау міндеттері бойынша балдарды үлестіріуі туралы ақпарат көрсетілген. Әр емтихан жұмысындағы балдардың дәл үлестіріуі кестеде көрсетілгеннен біршама өзгеше болуы мүмкін.


3.4 Бағалауды өткізу тілі


Бағалау тілі – орысша немесе қазақша.

  1. Емтихан өткізу үрдісін басқару



Бағалау үрдісі емтиханды өткізу ережелерінің, материал қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларының және бағалардың валидтілігін қатаң сақтай отырып, өткізілуі қажет. Зияткерлік мектептерде емтихандарды өткізу бойынша ПӨО нұсқаулық шығарған. Ол төмендегілерді қамтиды:

  • емтихан материалдары және олардың қауіпсіздігі;

  • әкімшіліктің, кезекшілер және мұғалімдердің міндеттері;

  • емтихан өткізуге арналған материалдар мен аудиторияларды дайындау;

  • жазбаша және практикалық емтихандарды өткізу үшін сәйкес келетін кабинеттерді дайындау;

  • курстық жұмыстарды тіркеуді рәсімдеу;

  • курстық жұмыстарды модерациялау және реттеуді рәсімдеу;

  • емтихан тапсырушыларға бақылау жасау рәсімін сипаттау;

  • балл қоюға арналған материалдармен қоса, емтихан аяқталғаннан кейінгі рәсімдерді сипаттау.



Осы Нұсқаулық барлық оқушылар, мұғалімдер, кезекшілер және менеджерлер емтихан өткізілуінің әділдігіне көз жеткізуі үшін, барлық мектептердегі емтихандардың стандартты түрде өткізілуіне кепілдік береді.




  1. Балдарды қою



Балдарды қою схемасы емтихан сұрақтарымен бір уақытта құрастырылады.

Балдар оқушылардың емтихан жұмысының жауап парақтарында бір орталықта қойылады. Емтиханшы-сарапшылар оқушылардың емтихан жұмыстарында немесе олардың көшірмелерінде балдарды қояды. Емтиханшылардың емтихан жұмыстарын тексеруге қажетті деңгейіне сәйкес оқушылармен жұмыс істеу тәжірибесі болуы керек. Емтиханшыларға қойылатын негізгі талаптар: пән бойынша құзіреттілігі және үш жылдық оқыту тәжірибесі. Емтиханшылар өздерінің міндеттерін қажетті деңгейде атқару үшін арнайы тренингтен өтеді.

Емтиханшылар балл қою қағидаларын түсініп, балл қою схемаларын қолдану мысалдарымен таныстырылуы тиіс және осы білімдерін іс жүзінде қолдана алуы керек. Егер емтиханшылар біреуден артық болса, онда емтиханшылардың балл қою схемасын бірдей қолдануын қамтамасыз ету үшін балл қоюды стандарттау қажет. Жұмыстарды тексеру алдында сынама балл қою өткізіледі. Емтиханшылар жұмыстарды тексеруін іске асыру және өз шешімдерін негіздей алуы үшін оларды бағалауды басқарудың қажетті процедураларына үйретеді. Емтиханшылар бағаларды стандарттау үрдісінен өтпегенше, оларға балл қоюға рұқсат етілмейді.

Барлық емтиханшылар стандарттау үрдісінде белгіленген балл қою сызбасының бірдей нұсқасын пайдаланады.

Қателерді немесе балл қою схемасының дұрыс қолданылуынан ауытқушылықты анықтау мақсатында емтихан алушының жұмысы мұқият тексеріліп тұрады.

  1. Бағаларды қою үрдісі



Бағалау нәтижелері әр оқытылған пән үшін қойылған баға ретінде ұсынылады. Оқу жетістіктері келесі деңгейлерге бөлінеді: A*, A, B, C, D және E, мұндағы A* оқу жетістігінің ең жоғарғы, ал E – ең төменгі деңгейі болып табылады.

U деңгейі (қанағаттанарлық емес) оқушының пәнді меңгермегенін білдіреді.

Оқушының оқу жетістіктерінің деңгейі әрбір емтихан жұмысының бағаларымен өлшенбейді, ал барлық емтихан жұмыстары бойынша алған жалпы балдан (бекітілген спецификацияға сәйкес қойылған) тікелей есептеледі.

Емтихан жұмысының сұрақтары дайындалғанда, құрастырушылар өткен жылдардағы сұрақтардың күрделілік деңгейін ескеруі тиіс. Бірақ тәжірибе негізінде сұрақтардың күрделілігін білім алушылар емтихан тапсырмағанша өлшеуге болмайды. Сондықтан өткен жылы оқушыға қойылған бағалар осы жылмен салыстырғанда ескерілмейді. Емтихан парағына қойылатын талаптар әр түрлі болуы мүмкін; балл қою да қатаң немесе жеңіл бола алады. Осы және тағы да басқа факторлар оқушының баллдары бағаға көшірілгеннен бұрын ескерілуі тиіс.
Демек, емтихан жұмыстары тексеріліп балл қойылғаннан соң бағалау үрдісі әр бағалаудың шектерін орнату үшін әр пән бойынша орындалуы тиіс (курстық жұмыс немесе практикалық жұмыстарды қоса). Оқушы сұраққа жауап беріп баға алу үшін кем дегенде берілген бағаның ең төмен баллын алу қажет. Орнатылған спецификациялар бойынша бағалардың шек көрсеткішін белгілеудің бірінші мақсаты өткен жылғы стандарттарды қамтамасыз ету болып табылады. Ал жаңа спецификациялардағы мақсат болжанған стандартты орнатып, болашақ сессияларда осы стандартты пайдалану болып табылады
Бағалардың шек көрсеткіші екі категорияға бөлінеді: пайымдап қарастырылатын және арифметикалық. Бағалардың пайымдап қарастырылатын шек көрсеткіштері статистикалық дәлелдер мен кәсіби пайымдаудың қосындысы арқылы жүзеге асырылады. Бағалардың арифметикалық шек көрсеткіші арифметикалық ережелерді қолдану арқылы қойылады.
Тест спецификациясында белгіленген негізгі деңгейлер А, С және Е болып табылады, оларға дескриптор қоса беріледі. Бағаларға берілетін дескрипторлардың қолдану себебі білім, түсінушілік және дағдылар осы баға арқылы ерекшеленеді және B мен D бағалары континуумда тұрады. Бұл Кембридж баға жүйесімен сәйкес келеді және Зияткерлік мектептерге халықаралық тану мен тусінуге жол береді.
Бағалардың пайымдап қарастырылатын шек көрсеткіштері белгілеу үрдісі күрделі әрі көп жұмысты қажет етеді. Сондықтан шекаралы балды Біліктілік ұйымы анықтайды. Егер бағалардың пайымдап қарастырылатын шек көрсеткіштері бекітілсе, онда арифметикалық шек көрсеткіштері де саналуы мүмкін. В арифметикалық шек көрсеткіші А мен С арасындағы көрсеткіші, сондай-ақ D көрсеткіші С мен Е арасындағы арифметикалық шек көрсеткіш болып табылады.

6.1 Бағалар дескрипторы



Негізгі бағалар дескрипторы оқушылардың мүмкіндік деңгейін анықтайтын белгілі бір стандарт жөніндегі жалпы түсінігін қалыптастыру үшін беріледі. Тәжірибе жүзінде оқушыға берілген баға оның бағалау тапсырмаларын қалай орындағанына байланысты болады. Оқушылардың емтихан парағының кейбір бөлімінде көрсеткен төмен нәтижесі басқа бөлімінде жоғары нәтиже көрсетуімен теңесуі мүмкін.


Бағасы

Бағалар дескрипторы

A

Пәнді өте жақсы білетінін және түсінетінін көрсетеді.

Болмашы кемшіліктері бар болғанына қарамастан пәнді терең әрі жете біледі және пәнге негізделген қағидаттар мен қызметін нақты түсінеді.
Қағидалар таныс, сондай-ақ таныс емес жағдайларда қолданылады. Жауаптары жақсы түсіндірілген, нақты және сұраққа қатысты; сонымен қатар қиын есептеулердің шешімі дәл және дұрыс берілген.

Оқушылар:

  • фактілерді қағидаттармен және теориямен, және керісінше теорияны фактілермен байланыстыруды

  • анықталған тәсілдер берілген рәсім және іс-әрекеттер үшін неліктен артық көрінетінін сендіруді

  • бірнеше дереккөздерден алынған ақпараттарды салыстырып, таңдап алу және оны айқын логикалық түрде ұсынуды

  • шамалардың кең таңдауын қолдана отырып, есептердің шешімін табуды

  • тапсырма үлгілері мен бағыттарын анықтау үшін бірнеше дереккөзден алынған мәліметтерді өндеуді

  • гипотезаны құру, болжам жасауда теорияны және құбылыстарды түсіндіруді, берілген ақпаратты тиімді бағалаудан кейін жаңа болжам жасай алу қабілетін жүзеге асыра алады.

C

Оқушы пәнді жақсы білетінін және түсінетінін көрсетеді.

Пәнді жалпылама білуін және осы пәнге негізделген қағидаларды нақты түсінуін, оның жұмыс істеу тәсілін көрсетеді. Қағидаларды таныс, сондай-ақ өте таныс емес жағдайларда қолдануы мүмкін; ақпарат пен болжамды бағалай алатын жеткілікті қабілеті бар.

Жауаптар жақсы түсіндірілген, нақты және сұраққа қатысты; сонымен қатар есептеулердің шешімі жартылай дұрыс.

Оқушылар:

  • фактілерді оқу бағдарламасында алдын ала ойластырылмаған жағдаятпен байланыстыруды

  • көптеген сатылардан тұратын рәсімдерді сипаттауды

  • ақпаратты бірнеше дереккөздерден таңдау және оны айқын логикалық түрде ұсынуды

  • берілген ақрпараттың үлгілері мен бағыттарын анықтауды

  • бір сатыдан артық тұратын, бірақ айнымалылары шектеулі тапсырмаларды шешуді

  • болжам жасау, фактілер мен мәліметтерді түсіндіруді жүзеге асыра алады.

E

Пән бойынша базалық білім көрсетеді. Болмашы кемшіліктері бар пәннің негізгі бөлімінің қарапайым аумақтарын көрсетеді және пәнге негізделген қағидаттар мен қызметін аса түсінбейді. Қағидаттарды негізінен белгілі жағдайаттарда ғана қолданады.
Жауаптардың ішінен ескеретін моменттері бар, бірақ қажетсіз ақпараттар көбірек қамтылған. Кейде қарапайым есептерді шешу барысында қолайлы тәсілдерді анықтап, оларды шешім табу үшін қолданады. Кейбір жағдайларда өздерінің жауаптарын мәнмәтінге сәйкес түсіндіреді. .
Оқушылар:

  • оқу бағдарламасында қамтылған шамаларды қолдануды

  • бір іс-әрекетті жүзеге асырудың дұрыс рәсімін анықтауды

  • берілген ақпарат көзінен біреуін таңдау және ұсынуды

  • бір немесе бірнеше тәсілмен есептерді шығаруды

  • берілген фактілер ескерілмеген жағдайдағы үлгілер мен бағыттарды анықтауды

  • берілген фактілер қатарын екі гипотезаның қайсысы түсіндіретіндігін анықтауды жүзеге асыра алады.



4Сұрақтар үлгісі



Әр сұрақтың соңында жауапқа берілетін балл саны тік жақшамен, мысалы [2] түрінде көрсетілген.

Балл қою схемасында әр тапсырма үшін баллдарды қалай бөлу керектігі жайлы нақты нұсқау беріледі. «Биология» пәні бойынша балл қою схемасы келесі белгілеулерді ескере отырып құрастырылған.

4.11-емтихан жұмысы: А бөлімі сұрақтар үлгісі



Әр сұраққа төрт түрлі жауап ұсынылады, A, B, C және D. Дұрыс деп санайтын біреуін таңдаңыз.
1 Төменде өсімдіктің сипаттамасы берілген.


  • Гүлдің 6 күлтесі бар

  • Жапырақтардың параллель жүйкеленуі

  • Өткізгіш шоқтар сабақ бойымен шашыраңқы орналасқан


Бұл қандай өсімдік түріне жатады?
A балдыр

B қос жарнақты өсімдіктер

C саңырауқұлақ

D дара жарнақты өсімдіктер


A




B




C




D




[1]

2 Қанның қай бөлігі гормондарды тасымалдайды?
A плазма

B тромбоциттер

C қанның қызыл жазушалары

D қанның ақ жазушалары


A




B




C




D




[1]

3 Адамның шығару жүйесінің қай бөлігі қанды сүзгіден өткізеді?
A қуық

B нефрон

C бүйрек көктамыры

D несепағар


A




B




C




D




[1]
4 Графикте контейнер ішінде өсіп жатқан микробтардың популяциясы көрсетілген.
Графиктің қай бөлігінде өсудің ең жоғары қарқыны?




A




B




C




D




[1]


Сұрақ

Жауап

Балл

Қосымша нұсқаулық

1




D

[1]




2




A

[1]




3




B

[1]




4




B

[1]




    1. 1-емтихан жұмысы: B бөлімі сұрақтар үлгісі



1 Көптеген биологиялық химиялық заттар полимер болып табылады.
Крахмал мен целлюлоза көміртек полимерлердің мысалы болып табылады.
(a) (i) Крахмалдың мономері не болып табылады?




[1]


(ii) Мономерлер крахмал полимерлерін қалыптастыру барысында қандай басқа заттың молекулалары бөлінеді?




[1]


(iii) Мономерлерден крахмал мен целлюлозаны қалыптастыратын реакция түрі қалай аталады?




[1]


(iv) Крахмал мен целлюлозаның құрылымын сипаттаңыз және атқаратын қызметпен байланысын түсіндіріңіз
крахмал қор заты ретінде

Құрылымы:













түсіндірмесі:










[2]


целлюлоза құрылымдық тірек ретінде

Құрылымы:













түсіндірмесі:










[2]



(b) (i) Липидтер, майлар және стероидтер биополимерлердің қай түріне жатады?




[1]


(ii) Қаныққан және қанықпаған май қышқылдардың арасындағы екі айырмашылықты сипаттаңыз?






















[2]



(c) Ферменттер полимерлердің үшінші түріне жатады.
Фермент құрылымын сипаттаңыз.














































[4]


[Барлығы: 14]

2 (a) Төменде жасушалық циклінің кезеңдері берілген.
анафаза интерфаза метафаза профаза телофаза
(i) Әр кезеңді белгілеп сызбаны толтырыңыз.





[2]
(ii) Тізімдегі сөздерді пайдаланып келесі сөйлемдерді анықтаңыз.
Хромосомалар қысқаратын және жуандайтын фаза ............................. деп аталады. [1]

Жаңа ядролық мембрана …………………..кезінде хромосомалардың әр тобының төңірегінде қалыптасады. [1]
Хромосомалар бір сызықпен жасуша ортасының бойымен ........................... кезінде тұрады. [1]
ДНҚ тізбектері .....................................кезінде екі еселенеді. [1]
(b) Митоз және мейоз – бұл жасуша бөлінуінен пайда болатын екі түрлі үдеріс.
Митоз ағзаның өсуі мен дамуы кезінде орын алатын үдеріс.
(i) Мейоз қай кезде өтеді?




[1]


(ii) Митоз бен мейоз арасындағы айырмашылықтарды көрсетіп кестені толтырыңыз.





Аналық жасушасындағы хромосомалардың саны

Еншілес жасушалардың саны

Бір еншілес жасушасындағы хромосомалардың саны

Митоз

2n







Мейоз










[3]
(iii) Жасушалардың көбісі диплоидтік деп сипатталады.
Диплоидтік дегеніміз не?




[1]



(c) Жасушаның жетілуі митоздан кейін болады.
Жасушаның жетілуі дегеніміз не?




[1]


[Барлығы: 12]



Сұрақ

Жауап

Балл

Қосымша нұсқаулық

1

a) (i)

глюкоза

[1]







(a) (ii)

су

[1]

H2O қабылданады




(a) (iii)

конденсация

[1]







(a) (iv)

глюкоза -

құрылымы – ұзын тармақталмаған шынжырлар, спиральдің орамы
түсіндірмесі – жинақы молекула / ерімейтін
целлюлоза -

құрылымы – параллельді тармақталмаған шынжырлар
түсіндірмесі – шынжырлар арасындағы айқасқан байланыстар жоғары төзімділікті қамтамасыз етеді


1

1


1

1

[4]


альфа глюкоза/байланыстар қабылданады

бета глюкоза/байланыстар қабылданады





(b) (i)

липидтер

1







(b) (ii)

Төменде берілгеннің ішінен кез келген екеуі:
Қанық липидтердің еру нүктелері төмендеу / қанықпаған липидтердің еру нүктелері жоғарылау
Қанықпаған липидтер әдетте майлар болып табылады / қанық липидтер – әдетте бөлме температурадағы қатты майлар
Қанықпаған липидтер көміртек атомдарының арасындағы қос байланыстарды қамтиды / қанық липидтерде көміртек атомдарының арасындағы қос байланыстары болмайды



1


1

1
[2]







(c)

ақуыз
аминқышқыл шынжыры
күрделі қабатталған
белсенді жағы бар

4

бірінші/ екінші/ үшінші құрылымға дұрыс сілтемелер қабылданады
пептидтік байланыстарға дұрыс сілтеме қабылданады
формалары /екінші құрылымы/үшінші құрылымы бар сутекті байланыстар қабылданады










14






Сұрақ

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

2

(a) (i)





2

4 дұрыс = 2 балл
2/3 дұрыс = 1 балл
1 дұрыс = 0 балл




(a) (ii)

Хромосомалар қысқаратын және қалыңдайтын фаза профаза деп аталады.
Жаңа ядролық мембрана телофаза кезінде хромосомалардың әр тобының төңірегінде қалыптасады.
Хромосомалар бір сызықпен жасуша ортасының бойымен метафаза кезінде тұрады.

ДНҚ тізбектері интерфаза кезінде екі еселенеді.

1

1


1

1

[4]







(b) (i)

Гаметалардың қалыптасуы

[1]

Шәует/ гүл аталығы, аналық жасуша/ жыныстық жасушалар қабылданады




(b) (ii)




Аналық жасушасындағы хромосомалардың саны

Еншілес жасушалардың саны

Бір еншілес жасушасындағы хромосомалардың саны

Митоз

(2n)

2

2n

Мейоз

2n

4

n




[3]

5 дұрыс = 3 балл

4 дұрыс = 2 балл

2 немесе 3 дұрыс = 1 балл




(b) (iii)

Жасуша хромосомалардың екі жиынын қамтиды

[1]







(c)

Жасуша (туралы ұғым) арнайы болып келеді

[1]





    1. 2-емтихан жұмысы: Сұрақтар үлгісі




1 Сізге жапырақтын кесіндісі және микроскоп берілді.
(a) Окуляр линзаларының үлкейтуін жазып алыңыз




[1]



(b) (i) Микроскоптың кіші ұлғаюына дәлдеп жапырақ құрылымының жоспарын салыңыз.

[3]
(ii) Сіздің сызбаңызда берілгендей өсімдіктерге фотосинтез үдерісіне көмектесетін екі бейімделу тәсілін сипаттаңыз.

1

























2






















[4]

(c) (i) Микроскопты жоғары үлкейтуге дәлдеп хлоропласттары бар жасуша құрылымын салыңыз, белгілерімен қоса.

Әр белгі жасуша бөлігінің атауы мен қызметін қамтуы тиіс.

[5]
(ii) Микроскоппен үлкейту кезінде ұлғайту коэффициенті қандай болады
ұлғайту коэффициенті = окулярдың ұлғайтуы x объективтің ұлғайтуы



ұлғайту =




[2]

2 Сізге жапырақтардың бірнеше түрлері берілген.
Олар әр түрлі биіктікте өсті.
Сізге жапырақтың өлшемі оның қай биіктікте өскеніне байланысты екендігі жайлы болжамды дәлелдеу қажет.
(a) Сіз жасаған өлшеулерді және өлшеу тәсілдерін сипаттаңыз.


































[3]



(b) Өз нәтижелеріңізді кестеге енгізіңіз.


[3]

(c) Нәтижелеріңіздің графигін салыңыз.


[5]

(d) Болжам дұрыс па?
Жауабыңызды дәлелдеңіз.






















[2]




Сұарқ

Жауап

Балл

Қосымша нұсқаулық

1

(a)

Окулярдың дұрыс ұлғаюы

[1]

бақылаушыдан




(b) (i)

айырып танылатын TS қос жарнақты өсімдік жапырағының жоспар-сызбасы

қабаттар айқын анықталған
өткізгіш тін мен саңылаулар бар

1
1
1

[3]

Жасушалармен толтырылмаған әр секциядағы кейбір мысал жасушалары қабылданады.
таңбалар ескерілмейді




(b) (ii)

1 балл белгі үшін, 1 балл түсіндірме үшін:

мысалы,
жіңішке жапырақ

барлық жасушыларға жарықты өткізеді
жапырақтың жоғарғы бөлігінде орналасқан жасушылар жарықты көбірек сіңіреді
тығыз орналаспаған жасушалар / төменгі қабаттағы ауа қуысы көмір қышқыл газының айналмасына көмектеседі
өткізгіш шоғырлар

суды/қантты тасымалдайды
саңылаулар

транспирацияға/ газ айналымына көмектеседі (көмір қышқыл газ немесе су)


[4]

хлоропласттардың бөлінуі ескерілмейді

кутикула/ қабық қабылданады, өйткені ол селдір болып келеді






(c) (i)

Әр дұрыс салынған және белгіленген сипат бағаланады:
жасушалық қабырға – форманы/ қаттылықты / төзімділікті қамтамасыз етеді
цитоплазма – химиялық реакиялар/үдерістер орны
вакуоль – сақтау орны
хлоропласт – фотосинтез өту орны
ядро – жасуша белсенділігін бақылайды / ДНҚ/генетикалық материалды қамтиды


1
1

1
1
1
[5]


қабылданады: жасушалық мембрана – жасушаға өтетін және одан шығатын материалдарды бақылайды [1]




(c) (ii)

дұрыс алмасып ауыстыру

дұрыс ұлғайту

1

1

[2]

бақылаушыдан


Сұрақ

Жауап

Балл

Қосымша нұсқаулық

2

(a)

аудан
әдіс, мысалы, миллиметрлік қағазға сызыңыз
квадраттарды санап шығыңыз

1
1
1

[3]

ұзындығы мен ені үшін 1 балл және сызғыш пайдаланғаны үшін 1 балл қабылданады




(b)

нақты таңбалары бар әр көрсеткіш үшін бағаналар (жер үстінен биіктігі жәнеаудан/ұзындығы
бағаналарды атауларында өлшеу бірліктерін дұрыс пайдалану
сонымен қатар барлық жапырақтарға арналған өнделмеген мәліметтер


1


1
1

[3]

мысалы

жер үстінен биіктігі (см)


аудан (см2)

















(c)

x осі: өлшеу бірліктерімен бірге дұрыс белгіленген
y осі: өлшеу бірліктерімен бірге дұрыс белгіленген
сезінерлік, сызықтық шәкілдер
дұрыс салынған нүктелер
өте жақсы жарайтын лайықты түзу

1
1
1
1
1
[5]

Егер бағаналық график сызылса, балдардың тек үштен бірі мен төрттен бірі беріледі.





(d)

Нәтижелер болжамды қалай дәлелдейтіні жайлы дұрыс дұрыс тұжырым
Тұжырымдаманы қолдайтын сандық мағлұматтар

1

1
[2]

Білім алушы жасаған нәтижелерге негізделуі тиіс