Главная страница

Исмағұлова Зауреш Мұқашқызы Павлодар қаласы


НазваниеИсмағұлова Зауреш Мұқашқызы Павлодар қаласы
Дата30.03.2016
Размер91.6 Kb.
ТипДокументы

Исмағұлова Зауреш

Мұқашқызы



Павлодар қаласы


Исмағұлова Зауреш Мұқашқызы 1956 жылы Павлодар облысындағы әйгілі Маралды жерінде дүниеге келген. Өскен жері, өркендеп қанат қаққан ауылы Павлодар ауданына қарасты Заря совхозы.

Павлодар қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық №3 мектеп-интернаттың түлегі. 1979 жылы Алматының шет ел тілдері педагогикалық институтының неміс тілі факультетін бітірген. 2004 жылы Павлодар Университетінің қазақ тілі мен әдебиеті факультетін сырттай аяқтаған. 30 жылдан аса Білім беру саласында қызмет етіп келеді. Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі.

Павлодар қаласындағы №7 мектепте 21 жыл мұғалім, директордың орынбасары болып қызмет етті. Кейін қалалық Білім беру бөлімінің әдіскері болды. 2007 жылдан орыс тілді дарынды балаларға арналған №3 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

1986 жылдан өлеңдері, мақалалары, аудармалары баспасөз бетінде жарияланып келеді.


***

Қорлан деп ән шырқатқан Естай ақын,

Мұзафар жырлап өткен елін, халқын.

Осындай ұлы жерде туып-өскен,

Қызымын Маралдының ашық-жарқын.
Туған жер рухынан мен нәр алғанмын,

Жырлауға сұлулықты жаралғанмын.

Қолға алып қаламымды жырға қосам,

Халқымның ақ тілегін, ақ арманын.
Талай жыл қызмет еттім ұстаз болып,

Шәкірттер кетіп жатыр өсіп-өніп.

Кейіннен соларменен кездескенде,

Көңілім қалады әркез тасып-толып.

1994 жыл

Ауыл

Ауыл деген не деседі?

Ауыл деген – даналық.

Ауыл деген – жастық шағың,

Ауыл деген – балалық.

Ауыл деген – жомарттық ол,

Ауыл деген – мейірім.

Ауыл деген – жанашыр дос,

Ауылдың кең пейілі.

Ауыл деген – ізеттілік,

Ауыл деген – сыйластық.

Ауыл деген – пәк сезім бір,

Ауыл деген – қимастық.

Ауыл десем еске түсед,

Жаз жайлауым Жанбабам.

Таң нұрымен бірге оянып,

Еңбек еткен ата-анам.

Ауыл десем еске түсед,

Көрші-қолаң жайдары.

Ауыл десем еске түсед,

Айлы кештер қайдағы…

«Ауыл жылы» дейді биыл ,

Үш жыл оған сыйлаған.

Сол ауылдан шыкты емес пе?

Қанша дарын, сыйлы адам.

Шықты ауылдан әнші, күйші,

Шықты ауылдан балуан.

Шықты ауылдан ұстаз, ғалым,

Мамандар - сан алуан.

Ауыл - менің мақтанышым,

Ауыл - менің тірегім.

Ауыл десе әрқашанда

Елжірейд ет жүрегім.

Ауыл - сенсің пір тұтарым,

Ауыл, саған табынам!

Ауылдастар, абзал жандар,

Сіздерді әр кез сағынам!

2003 жыл
Қалмады бірде отбасы...

Айбынды Ұлы Жеңіске

Елу бес жыл болады.

Жеңіскүл мен Жеңістер,

Елу беске толады.
Ұлы Жеңіс жемісін,

Көріп жүрміз біз әлі.

Бірақ соның соңында,

Қанша тағдыр тұрады?!
Қалмады бірде отбасы,

Шалынбай соғыс өртіне.

Сол бір оттың шаласы,

Айналды талай жандардың,

Айықпас өмір дертіне.
Ұзатып ұлын майданға,

Үмітпен ана қарады.

Отан үшін десе де,

Егіліп жүрек барады.
Қиян-кескі ұрыста,

Қанша жан тапты ажалын?

Құлақтан мәңгі кетпейді,

Қайғы-шерлі азалы үн.
Қан майданда соғыста,

Қыршын жас болды жаралы.

Сүйген жардан айрылып,

Жас сұлу қалды қаралы.
Аяқ-қолдан айрылып,

Талай жан қайтты еліне.

Қуанды туыс-ағайын,

Жетті деп туған жеріне.
Сұрапыл қанды соғыста,

Қанша адам кетті хабарсыз?

Бас тікті олар өлімге,

Соңымнан қалған ұрпағым,

Сүрсін деп өмір алаңсыз.
Хабарсыз кеткен жауынгер,

Бірі - менің нағашым.

Ауылдасы біледі,

Нағашымның бағасын.
Жалғыз ұлын күтумен,

Әжем де өтті өмірден.

«Ермекбайым, құлным» - деп,

Жүруші еді күбірлеп.
Зұлмат соғыс, қан-төгіс,

Болмасыншы мәңгілік!

Ардагерлер сіздерді,

Жүрейік біз ән қылып.

2000 жыл

Жетінші мектеп

Құтты болсын мерейтой,

Сүйікті менің мектебім!

Өзіңмен бірге гүл жарып,

Өзіңмен бірге көктедім.

Жиырма бір жыл аяңда,

Өтті ғой күзім, көктемім.
Үш жетіге жылдарды,

Бөліп мен бір қарадым.

Бірінші жеті тілдерді,

Үйрету болды талабым.
Оқытудың тәсілін,

Үйренуге асықтым.

Екінші жеті шыңдалып,

Завуч боп шықтым асылы.
Білім беру ісінің,

Үздігі мен атандым.

Үшінші жеті жеткізді,

Марапатқа Отандық.
Қарасаң көзің тоймаған,

Ерекше, сәнін жоймаған,

Ізденіске бойлаған,

Бала қамын ойлаған,

Құтты болсын мектебім,

Ғасыр тойың тойлаған!
Жеті саны киелі,

Жеті санын сүйемін.

Жетелеген биікке,

Жетінші мектеп ұжымы,

Сіздерге бас иемін!

2005 жыл


Дарынды балалар

Таңданам балалардың дарынына,

Тұлпардай алға тартқан арынына.

Білуге, үйренуге тым-ақ құштар ,

Әрқайсы ерекше бір дара тұлға.
Көздері оттай жанып жалын ұшқан,

Ұстаз бар сол ұшқында алаулатар.

Бәйгеден озып шығып келген кезде,

Шаттанып облыс пен қалам жатад.

2006 жыл

Құтты болсын мерейтой!
Дарындылық бастауы, дарындылық дастаны,

Құтты болсын, ақ орда, 50 жылдық асқарың!

Еңбегіңмен шаттыққа бөлеп жүрген ортаны,

Құтты болсын әріптес, мерейтойың торқалы!
Тереңдете оқытуды елу жыл бұрын бастаған,

Белестерді асулы жеңіспен артқа тастаған.

Дарындыны дамытып таныта да алатын

Әріптестер, сеніммен алға тағы бас қадам.
Ұстаздарым, ізгі жандар, білікті де сауатты,

Технология деп ойлаумен ұйқысыз көп таң атты.

Дарындылар мектебінен білім алған шәкірттер,

Бүгінгі күн ізденіспен жер-жаһанға тарапты.
Құтты болсын мерекең, гимназиям еңселі,

Салтанатты тойыңмен құттықтаймын мен сені!
2007 жыл

Әкеме

Жаз жайлауым Жанбаба да,

Қыс қыстауым Заря еді.

Жаз бен қысты жалғастырған,

Қара мұртты шал еді.
Бар қызығы, қуанышы,

Балалары болатын.

Басын қосып жиналғанда,

Көңілі әркез толатын.
Тағы да бір тағзым етер,

Қос анасы бар еді.

Сүйеніші, серігі оның,

Анамыздай жары еді.
Пәк арманы болушы еді,

Балаларын оқыту.

Білім нәрін бойға құйып,

Көңіліне тоқыту.
Әкеміздің ақ арманын,

Жалғастырды анамыз.

Талай жылдар аялады,

Асқар таудай панамыз.
Анама

Сағынып нұр жүзіңді,

Келгенімде үйге мен.

Өзіңді ана көргенде,

Ерекше бір күйге енем.
Бізді өсіріп жеткізген,

Өмір жолың жыр-аңыз.

Құтты болсын, анашым,

Мерейлі той, қуаныш!
Ана сенің арқаңда,

Асқар шыңға жетемін.

Ана сенің алдыңда,

Басымды иіп өтемін.

Менің атым жайында
Сұрасаң руымды Қаракесек,

Берейін атым жайлы мен бір есеп.

Дос-жаран, туыс-туған Айсұлу десе,

Курстас, әріптестер Зәуреш десед.
Екі есім қойылу тарихы бар,

Қызыққан жан болса егер, мені тыңдар.

Нұрсұлу үлкен апам болғаннан соң,

Қазақтың ұйқас қою дәстүрі бар.
Атаған Айсұлу деп қыздың атын,

Әкеміз әкеліпті үшбу хатын.

Сол кезде бастығы болмапты да,

Хатшы қыз жиналыпты алып затын.
Хатшының әрқашанда жұмысы көп,

Бұлдағы қала берген бір ісі боп.

Куәлік алатұғын кез келгенде

Тынысы тарылғандай болыпты тек.
Бастыққа баяндапты істің жайын,

Біледі не дегенін бір құдайым.

Әкеміз куәлікке келген күні,

Болыпты Зауреш деген атпен дайын.
Қарадым сөздікті алып мендағы бір,

Байқасам екі есімнің мағынасы бір.

Айсұлу-айдай сұлу әсем болса,

Заурешім арабша ол жарқырап тұр.


Жолдасым Қадырға (40 жас)

Жылқының мініп тұлпарын,

Биікке самға сұңқарым.

Өзіңсің жазар жырым да,

Өзіңсің әнім шырқарым.
Үш қызыңды аялап,

Әрқашан болдың сая бақ.

Әкелеп олар тебірене,

Құшақтарын жаяды ақ.
Тілейтінім әрдайым,

Болмасыншы мұң - уайым.

Ілтипатты ыстық сезіммен,

Кластас қызың, жұбайың.
Қызым Әсемгүлге(13 жас)
Тұңғышым, қуанышым, Әсемгүлім,

Есімде іңгәлаған сәби үнің.

Алаулап қызғалдақтай жайқала бер,

Өзіңсің қырдың нәзік қызыл гүлі.
Әсемгүл, ақ боташым, Әсемтайым,

Ойлантар ата-анаңды сенің жайың.

Пәк сезім, адал өмір тілейміз біз,

Өсе бер қуанышқа әр күн сайын.
Қос сіңлің соңыңдағы Айнұр, Дана,

Санасын әрқашанда сені пана.

Әрдайым биіктен сен көріне бер!

Тілегі анашыңның осы балам.


Қызым Айнұрға(Мүшел жас)
«Қыз өссе, елдің көркі» дейді қазақ,

Жаралған ай мен нұрдан атың ғажап.

Білімге жас күніңнен құштар болдың

«Тіл-көзден сақта!» деген атам қазақ.
Айнұрым, айымсың сен көгімдегі,

Нұрсың сен, сәуле шашқан төрімдегі.

Мәртебең үстем болсын, аппақ қызым!

Бел асып, асқар шыңнан көрін тегі.


Қызым Данаға
Айналайын Данашым

Ерке-назды баласың.

Аман-сау боп өссін деп,

Тілейді ата-анашың.
Данатайым, Данашым

Болармысың пана шын?

Өзіңе үміт артады

Ата менен анашың.

Біздің группа

Оқыдым Алматыда Инязда

Студент кезде шіркін жиын аз ба?

Бірақта алғы мақсат оқу болды,

Стипендия тағы керек тиын аздау.
Қалмаушы ек лекциядан топта біздер,

Көрген жоқ ешбір ұстаз жоқтап - іздеп.

Арнайы деканаттан тексергенде,

Тізіліп тұрушы едік мына біз деп.
Сабақты оқып едік төрт пен беске,

Жаттадық жаңа сөзді күні кешке.

Синоним, омоним, антонимдер,

Түспейтін керек кезде кейде еске.
Үйретті Ақжарқын апай немісше өлең.

Қатысқан конкурста приз беред.

«Дружба-Freundschaftқа» басушы едік,

Залда бір отырғандай өңкей керең.
Бір күні дауысымыз шықпай қалды,

Жұрт түгіл, өзімізде ұқпай қалдық.

Бұл соңғы концерт болды спортфакта,

Содан соң сахнаға шықпай қалдық.
30 жылдан соң кездесуге келгенде

Павлодарым көрікті,

Ертіске сән беріп тұр.

Павлодардың қыздары,

Кездесуге келіп тұр.

Кездесу жайлы сөз қозғап,

Телефон соқтым басында.

30 жыл ма? 30 жыл!

Болып қапты-ау расында.

Деп аяқтап Гүлбарам,

Бірден айтты: мен барам.
Алтын айтты көремін,

Жауабын сосын беремін.

Біле алмай оның тұрғаны,

Қызмет бабы дер едім.
Есептейін уақытты,

Айтқаны осы Бақыттың.

Жиналайық біз жылдам

Күттірмейді уақыт тым.

Деп қайталап қоймадым,

Кездесуді ойладым.


Эльдорадоға жол

(Эдгар Подан аударма)

Беліне белдік байланып,

Жолға жіті сайланып,

Қорықпаған еш уақта,

Аптап па, аяз, бұршақ па?

Көңілді әнге салған ер

Өзі батыр, батыл дер.

Шыға келді атой сап,

«Эльдорадо қайда?»- деп.
Әсем әні таусылып,

Жүрегі оның шаншылып,

Қырау шалып шашын да

Айналғандай басы да

Жер шары да тым үлкен,

Болмады бір бұрыш тең

Ұқсас Эльдорадоға
Аты да жоқ, жаяу қап,

Жүрісі де баяулап,

Тұрғанында ойланып,

Көрінді дәл жолда анық

Жолаушы.

Сұрады ол одан кеп:

«Ғажап ел Эльдорадо

Қайда екен?»- деп
Күн-түнге қарамай,

Жүре бер сен талмай,

Құстың да жолымен.

Іздесең шынымен

Жұмақтың төрінен

Табарсың Эльдорадоны

Асылым. (В.Шекспирден аударма)

Алыс жолға дайындалып,

Әшекейді кілтке салдым.

Шақырусыз қонақ тым көп,

Білмей жүрмен кім алғанын.
Ең қымбатты өмірден де,

Жұбанышым, күйінішім.

Асыл, алтын түкке тұрмас,

Ұрлап кетсе сені нақ шын.
Сыр сандыққа тықсам ба екен?

Өмір бойы сақтап сені.

Жүрегімнің түкпірінен,

Шығам десең, сенің еркің.
Қандай адам болсадағы

Қызықтырса сендей алмас

Көз жанарын тайдыра алмас.

2009 жыл