Главная страница

Диссертацияда М.Қаратаевтің мұралары


Скачать 35.33 Kb.
НазваниеДиссертацияда М.Қаратаевтің мұралары
Дата10.02.2016
Размер35.33 Kb.
ТипДокументы

Ізденуші Күлназия Аманжолованың «Академик М.Қаратаевтің ғылыми-көсемсөздік және эпистолярлық мұрасы» атты кандидаттық еңбегінің орындалуы жөніндегі

ПІКІР
Академик М.Қаратаевтің кітапханасы мен мұралары 2002 жылы «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының қорына алынды. Арнайы ғылыми сыпаттама жазылып, ғалымның зерттеулері мен күнделіктері кітаптану тұрғысынан зерттеле бастады. Ізденуші К.Аманжолова осы қордың мұраларымен тікелей айналысты. Соның нәтижесі осындай зерттеу тақырыбына алып келді. Сондықтан да ізденушінің тақырыпты зерттеу обьектісі етіп алуы заңды ғылыми ізденістің жемісі болып табылады.

Қолжазба мұралармен тікелей айналысқандықтан да К.Аманжолова зерттеу тақырыбын толық меңгерген. Қордан тыс академик ғалымның үйіндегі «Күнделіктерімен» танысып шықты. Қазір бір томдық «Күнделік» «Қазақ қолжазбаларының» он томдығына кіргізілу үшін ғылыми басылым ретінде дайындалып жатыр. Мұның өзі зерттеудің тәжірибелік қолданымының жоғары екенін танытады.

Диссертацияда М.Қаратаевтің мұралары:

жан-жақты жинақтала жүйеленген;

тақырып бойынша топтастырылып талданған;

қазақ әдебиеті сынына қатысты пікірлерді әдеби үрдістің даму кезеңдеріне байланыстыра отырып қарастырған;

эпистолярлық мұралар бірінші рет ғылыми айналымға түсірілген;

«Күнделіктер» де алғаш рет ғылыми назарға ілігіп отыр.

Диссертацияның орындалуы сауатты, мәнері анық.

Талдауы да талапқа сай.
Ескерту:

А)Ішінара емілелік қателер мен селкеу сөздер кезігеді.

Ә) Негізгі тақырыптың бірі болғандықтан да М.Қаратаевтің публицистикасы аз қамтылған сияқты.

Б) Әр тараушаға өзінше шағын түйін мен қорытынды керек сияқты. Содан барып Тұжырым жасалуы тиіс.

Жалпы алғанда, қорғауға ұсынуға толық болады деп есептеймін.
Профессор Т.Жұртбай

12.12. 20107

Наурызхан Ғазизұлының «Монғолиядағы қазақ поэмасының даму жолждары» атты кандаидаттық еңбегінің орындалуы жөніндегі жетекшінің

ПІКІРІ

Бұл тақырып 2003 жылы академик Р.Нұрғалидің жетекшілігімен бектілген болатын. Жетекші ғалым дүниеден өткен соң кафедраның ұйғарымы бойынша ол міндет маған жүктелді. 2010 жылдың тамыз айында диссертация толықтай жазылып бітіп, маған танысуға ұсынылды. Танысу барысында:

1. Ізденуші өзінің зерттеу обьектісін толық меңгергені;

2. Диссертацияға қажетті дастандарды толыққа жуық жинастырғаны;

3. Оларды тақырып бойынша жүйелегені;

4. Теориялық тұрғыдан мәселені қоя алатындығы, талдай алатындығы, поэзияның мәтінін түсінетіндігі және жазу мәнерінің қалыптасқаны аңғарылды.

Сонымен қатар: тақырыпты жүйелеу, талдау барысында кейбір пікір жеңілдігі мен үстірттік жіберілгені және емілелік қателіктер мен стильдік селкеуліктердің барлығы байқалды. Осыған орай тиісті ескертпелер жасалып, ізденуші тарапынан түзетіліп, үш ай еңбектенгеннен кейінгі нәтижеге сүйене отырып, ғылыми ізге түскен диссертациялық еңбек кафедраның талқылауына ұсынылды.

Жетекші ретінде:

ізденуші өзінің тақырыбын толықтай дәрежеде қамти алған;

монғол қазақтары әдебиетіндегі дастандардың дәсүрлік, тақырыптық, түрлік ізденістері жүйеге түсіріліп, ғылыми мәселе қоя білген;

сол мәселені талдауда зерттеуші ретінде біліктілік танытқан;

монғол қазақтары әдебиетіндегі дастандардың көркемдік ерекшеліктері талданған;

ол ерекшеліктер қазіргі қазақ әдебиетінің даму үрдісімен сабақтастырыла қарастырылған;

бүгінгі әдебиеттану ілімінде бұрын қарастырылмаған тақырыпты кандидаттық диссертация деңгейінде орындап шыққан – деп қорытынды жасап, талқылауға ұсынуды мақұл санадым.

Әрине, кемшіліксіз емес. Соның ішінде:

  1. «Қорытынды» бөлімді қайта жазу туралы ұсыныс айтылды. Ізденуші бұл жұмысты кафедрада айтылған ескертпелермен қоса түзейтін болады.

  2. Бөлімнің тақырыптарына ішінара өзгерістер енгізілу ұсынылды.

  3. Диссертацияның ішіндегі адам аттары мен оның қолданымын бір ізге түсіру және емілелік қателерді қатты қадағалау тапсырылды.

Жалпы алған, диссертациялық еңбекті негізінен алғанда қорғауға жіберілуге болады. Сондықтан да қолдауларыңызды өтінемін.
Ғылыми жетекші, ф.ғ.д., проф. Т.Жұртбай

29. 11. 2010