|
Баспасөз хабарламасы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
2015 жылы 11 желтоқсан күні сағат 12.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (Қ.Сәтбаев көшесі, 2. Бас ғимарат, №303 ауд.) Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Түркология. Тарихи-археологиялық аспект» және «Жайсан – Шу өзені түріктердің жері» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі болады.
«Түркология. Тарихи-археологиялық аспект» кітабының авторы тарих ғылымдарының докторы, профессор Айман Досымбаева. Аталмыш еңбек курсқа оқылған лекциялардың негізінде топтастырылған: түркі халықтарының саяси, экономикалық, мәдени дамуының әлемдік тарихтағы орны салыстырмалы түрде талданып, қазіргі Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттердің қалыптасуына әсер еткен этногеографиялық феноменнің қыры ашылады.
«Біз тас мүсіндерден бастап, олардың жерлеу дәстүрімен байланысты көптеген ескерткішті зерттедік, мысалы Түрік қағанатының бірінші астанасы Ыстықкөлде болса, Мерке Түрік қағанатының екінші астанасы болған» дейді кітап авторы.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Айман Досымбаева «Жайсан – Шу өзені түріктердің жері» атты еңбекті PhD докторы Нұрболат Бөгенбаймен бірге жазған. Тас мүсіндерден, жартастағы петроглиф суреттерден, руналық жазулардан, ескі қалалардың орындарынан Қазақ хандығының тарихына байланысты көп мағлұматтар алуға болады.
Шараны Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Қазақстан тарихшылары ұлттық конгресінің ұйымдастырып отыр. Тұсакесер рәсімге белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері және түркітілдес мемлекеттердің Елшілік өкілдері қатысады деп күтілуде. |
|
|