Главная страница

Баспасөз хабарламасы 2016 жылдың 14-15 қаңтарында сағат 10. 00-де


Скачать 16.52 Kb.
НазваниеБаспасөз хабарламасы 2016 жылдың 14-15 қаңтарында сағат 10. 00-де
Дата06.02.2016
Размер16.52 Kb.
ТипДокументы




L.N. Gumilyov Eurasian national university


БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2016 жылдың 14-15 қаңтарында сағат 10.00-де (ЕҰУ, Қ.Сәтбаев көшесі 2. Бас ғимарат) Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті QS рейтингтік агенттігі (Ұлыбритания) және “Study Innovations” білім беру холдингімен бірлесе отырып, Қазақстан университеттерін ғаламдық білім беру алаңына алға жылжытудың мәселелері жөнінде «Қазақстандық университеттер халықаралық білім беру алаңында: даму бағдары» атты халықаралық семинар өткізеді.

Семинардың мақсаты: QS рейтингтік әдістемесін зерттеу мен талқылау: ғаламдық, аймақтық, пәндік; қазақстандық білім беру брендін халықаралық алаңда алға жылжыту бойынша ұсыныстар әзірлеу, шетелдік студенттер мен магистранттардың рекрутингі.

Халықаралық семинарға ЖОО ректорлары, топ-менеджерлер, академиялық мәселелер және халықаралық қызмет бойынша департамент басшылары, офис-тіркеушілер мен қабылдау комиссиясының өкілдері қатысады деп күтілуде.

Семинарды өткізу барысында: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі және «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізу; QS рейтингісін шолу – әдістемелердің, қамту мен мақсатты аудиторияның айырмашылықтары; университеттердің халықаралық нарықта танымалдылығын жоғарылату жөнінде әдістемелік ұсыныстар мен шетелдік студенттердің рекрутинг бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар; университеттерді ғаламдық білім беру кеңістігінде алға жылжыту үшін QS алаңының тұсакесер рәсімін өткізу секілді бірнеше іс-шаралар жоспарланып отыр.


Пресс-служба Баспасөз қызметі Press office

ЕНУ им.Л.Н.Гумилева Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ L.N.Gumilyov ENU

Казахстан,г.Астана,ул.Мирзояна 2 Қазақстан,Астана қ.Мирзоян 2 к-сі Kazakhstan,Astana,Mirzoyan st 2

Тел: +7 (717) 270-95-48 Тел: +7 (717) 270-95-48 Tel: +7 (717) 270-95-48

www.enu.kz www.enu.kz www.enu.kz

lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com