Главная страница

Almaty Management University 2017 жылы магистратураға 7 бағыт бойынша оқуға қабылдайды. Университеттің магистратура бағдарламасы бакалавриат түлектеріне, диплом


Скачать 323.62 Kb.
НазваниеAlmaty Management University 2017 жылы магистратураға 7 бағыт бойынша оқуға қабылдайды. Университеттің магистратура бағдарламасы бакалавриат түлектеріне, диплом
Дата13.05.2019
Размер323.62 Kb.
ТипДиплом

МАГИСТРАТУРА
Almaty Management University  2017 жылы магистратураға 7 бағыт бойынша оқуға қабылдайды. Университеттің магистратура бағдарламасы бакалавриат түлектеріне, диплом алған мамандар мен магистрлерге ұсынылады.
Магистратура дегеніміз не?

Магистратура – жоғары білімнің бакалавриат деңгейінен кейін тереңдетілген кәсіптік мамандық беретін бағдарлама. Магистратурада білім алу 1 жыл, 1,5 жыл, 2 жыл. Білім алушы магистратурада бұрын алған мамандығын жалғастыра алады немесе басқа жаңа бағытты таңдап, екінші мамандық алады. Магистратураны аяқтаған түлектерге академиялық дәреже және жоғары білім дипломы беріледі. Магистратура дипломы докторантурада ғылыми жұмыспен айналысуға немесе алған мамандық бойынша қызмет жолын бастауға мүмкіндік береді.

Магистр дәрежесі кәсіби және қызмет жолында үлкен мүмкіндіктер береді. Бакалавр дәрежесімен салыстырғанда жақсы жалақысы бар, тиімді жұмысқа орналасады.
Магистратурада оқу формасы:

AlmaU магистратурасында мемлекеттік білім гранттары (тапсырыс) және төлемақы негізінде білім беру жүзеге асырылады.

Магистратура бағдарламасындағы оқу бағыттары:

Магистратурада кадрларды дайындау екі бағыт бойынша жүзеге асырылады:

  • Бейіндік бағыт бойынша оқу мерзімі –  1-1,5 жыл.

  • Ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша оқу мерзімі – 2 жыл.

.

Бейінді  магистратура терең кәсіби дайындықты меңгерген экономика, бизнес және қызмет көрсету салаларының кадрларын дайындайтын жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Бейінді магистратураның білім беру бағдарламаларына оқытудың қолданбалы сипаты тән, олар кәсіби менеджерлерді дайындауды қамтамасыз етуге (басқару қызметінің барлық аспектілері бойынша жалпы бейіннің жетекшілері) және басқару дағдыларын дамытуға бағытталған.

Ғылыми және педагогикалық магистратура терең ғылыми-педагогикалық дайындықты меңгерген жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылыми-зерттеу секторларына арналған кадрларды дайындайтын жоғары оқу орнынан кейінгі  білім бағдарламаларын жүзеге асырады.

AlmaU магистратурасындағы мамандықтар:

  • Менеджмент

  • Жобаларды басқару

  • Қаржы

  • Маркетинг

  • Логистика

  • Экономика

  • Информатика

  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

  • Software Engineering

  • Business Analytics and Big Data


 
Экономика

Мамандық шифры - 6М050600

Оқу мерзімі:

Бейіндік бағыт –1,5 жыл;

Ғылыми және педагогикалық бағыт– 2 жыл.
6M050600 «Экономика» мамандығы магистрлерін дайындау модульдік білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. AlmaU –да «Экономика» мамандығының магистрлік бағдарламасы экономика және бизнес саласында жоғары білікті мамандар дайындауға бағытталған.

Магистрлік білім беру бағдарламасының мазмұны бойынша мамандар кәсіби қызметін кез келген меншіктегі кәсіпорындарда (фирмаларда), білім беру, зерттеу ұйымдарында және басқа ұйымдарда, сонымен қатар мемлекеттік басқару органдарының аясында жүзеге асырылатын функциялаушы нарықтар, қаржы және ақпараттық ағымдар, өндірістік және зерттеу процестері сияқты экономика салаларында талдау, ұйымдастыру (әкімшіліктік) және білім беру (оқыту) болып табылады.Мамандар асқару және жоспарлау, өндірісті, инвестициялық және инновациялық қызметтерді ұйымдастыру, кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін анықтау туралы білімді меңгеріп шығады.

Қазақстандағы нарықты дамытуға, кәсіпкерлік факторларына, инновациялық қызметтерге, экономиканы тиімді түрде арттыруға, ұлттық экономиканың және кәсіпорын экономикасының бәсекеге қабілеттілік факторларларына, сонымен қатар қазіргі әлемдегі жаһандану мен интернационалдық үрдістерге басты көңіл бөлінеді.
Білім алудың толық курсы аяқталған соң магистранттарға сәйкес бағыт бойынша академиялық дәреже беріледі:

  • Бейіндік бағыт  — «6М050600-Экономика» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі;

  • Ғылыми және педагогикалық бағыт —«6М050600-Экономика» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі;

6M050600 «Экономика» мамандығының пререквизиттері  6M050600 «Экономика» бағдарламасына түсетін түлектер өтуі тиіс пререквизиттер:

  1. Микроэкономика (1 кредит);

  2. Макроэкономика (1 кредит);

  3. Кәсіпорын экономикасы (1 кредит).


ББМ «Алматы Менеджмент Университет» аталған курстарды тапсыруға мүмкіндіктер береді.

 Скачать программу вступительного экзамена по специальности 6М050600 - "Экономика"

Менеджмент

Мамандықтың шифры  - 6М050700
Оқу мерзімі:

Бейіндік бағыт –1-1,5 жыл;

Ғылыми және педагогикалық бағыт– 2 жыл.

6M050700 «Менеджмент» мамандығы магистрлерін дайындау модульдік білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. AlmaU –да «Менеджмент» мамандығының магистрлік бағдарламасы менеджмент саласында жоғары білікті мамандар дайындауға бағытталған.

Магистрлік білім беру бағдарламасы компаниядағы экономикалық қызмет мәселелерін шешуді, шаруашылық субъектілерді дамытуда рационалды шешім қабылдауды, қызметкерлердің жұмысын, инновациялық істерді белсендіруді, даму стратегиясын қалыптастыруды ұйымдастыратын құзіреттіліктерді үйретеді.

Білім алуда басты назар қазіргі замандағы менеджменттің өзекті мәселелерін оқып білуге, риск-менеджментке, стратегиялық, инновациялық және қызметкерлерді басқаруға аударылады. Оқу барысында тәжірибе негізгі рөл атқарады: бағдарлама түлектері шынайы мәліметтердің негізінде өздерінің жеке бизнес-жоспарларын құрастырып, тәжірибеден өтетін немесе болашақта жұмыс істейтін компанияларда жүзеге асырады.
Білім алудың толық курсы аяқталған соң магистранттарға сәйкес бағыт бойынша академиялық дәреже беріледі:

  • Бейіндік бағыт  — 6М050700-Менеджмент» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі;

  • Ғылыми және педагогикалық бағыт — «6М050700-Менеджмент» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі;

6M050700 «Менеджмент» мамандығының пререквизиттері  6M050700 «Менеджмент» бағдарламасына түсетін түлектер өтуі тиіс пререквизиттер

      1. Менеджмент (2 кредит);

      2. Бизнесті ұйымдастыру (2 кредит);

 

ББМ «Алматы Менеджмент Университет» аталған курстарды тапсыруға мүмкіндіктер береді.

 


Скачать программу вступительного экзамена по специальности 6М050700 - "Менеджмент"

Скачать программу вступительного экзамена по специальности 6М050700 - "Менеджмент" (англ.)
Қаржы

Мамандықтың шифры   - 6М050900

Оқу мерзімі:

Бейіндік бағыт –1-1,5 жыл;

Ғылыми және педагогикалық бағыт– 2 жыл
6M050900 «Қаржы» мамандығы магистрлерін дайындау модульдік білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. AlmaU –да «Қаржы» мамандығының магистрлік бағдарламасы қаржы саласында жоғары білікті мамандар дайындауға бағытталған.

Магистрлік білім беру бағдарламасы заманауи қаржы нарығының өзекті мәселелерін, корпоративтік қаржы, инвестиция теориясы, тәуекел-менеджмент, қаржы мәліметтерін сараптау әдістеріне оқып білуге басты назар аударады. Оқу барысында тәжірибеден өту маңызды рөл атқарады; бағдарлама түлектері шынайы мәліметтердің негізінде өздерінің жеке бизнес-жоспарларын құрастырып, тәжірибеден өтетін немесе болашақта жұмыс істейтін компанияларда жүзеге асырады.
Бейіндік пәндер мен оқытушылар

 

Білім алудың толық курсы аяқталған соң магистранттарға сәйкес бағыт бойынша академиялық дәреже беріледі:

  • Бейіндік бағыт  — 6М050900- «Қаржы» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі;

  • Ғылыми және педагогикалық бағыт — 6М050900-«Қаржы» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі;

6М050900-«Қаржы» мамандығының пререквизиттері  
6M050900 «Қаржы» бағдарламасына түсетін түлектер өтуі тиіс пререквизиттер

     1. Ақша, кредит, банктер (1 кредит);

     2. Қаржы (2 кредит);

     3. Салық және салық салу (1 кредит).

 

ББМ «Алматы Менеджмент Университет» аталған курстарды тапсыруға мүмкіндіктер береді.

 

Скачать программу вступительного экзамена по специальности 6М050900 - "Финансы"

Маркетинг

Мамандықтың шифры   - 6М051100
Оқу мерзімі:

Бейіндік бағыт –1-1,5 жыл;

Ғылыми және педагогикалық бағыт– 2 жыл.
6М051100 «Маркетинг» мамандығы магистрлерін дайындау модульдік білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. AlmaU –да «Маркетинг» мамандығының магистрлік бағдарламасы маркетинг, басқару, экономика және бизнестің заманауи теориялық және тәжірибелік мәселелерін шеше білетін маркетинг саласындағыжоғары білікті мамандар дайындауға бағытталған.

Білім беру бағдарламасы маркетинг міндеттерін шеше білуді, дұрыс шешім қабылдай білуді, компанияны тұрақты түрде дамыта білуді үйретеді. Магистрлік бағдарлама білімді арттырып және кеңейтуге, кәсіби деңгейін жоғарылатуға және қосымша аналитикалық, зерттеу құзіреттіліктерін үйренуге мүмкіндік береді.

Қазақстандағы қызмет көрсету және тауар нарығы, жарнама, тауарды сату стратегиясын оқып үйренуге үлкен көңіл бөлінеді.

 

 

Бейіндік пәндер мен оқытушылар

 

Білім алудың толық курсы аяқталған соң магистранттарға сәйкес бағыт бойынша академиялық дәреже беріледі:

  • Бейіндік бағыт  - «6М051100-Маркетинг» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі;

  • Ғылыми және педагогикалық бағыт - «6М051100-Маркетинг».мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі;

6М051100 «Маркетинг» мамандығының пререквизиттері

6М051100 «Маркетинг» бағдарламасына түсетін түлектер өтуі тиіс пререквизиттер

     1. Маркетинг (2 кредит);

     2. Менеджмент (2 кредит).

  

ББМ «Алматы Менеджмент Университет» аталған курстарды тапсыруға мүмкіндіктер береді.


Скачать программу вступительного экзамена по специальности 6М051100 - "Маркетинг"

Скачать программу вступительного экзамена по специальности 6М051100 - "Маркетинг" (англ.)


Жобаны басқару

Мамандықтың шифры   - 6М051800
Оқу мерзімі:

Бейіндік бағыт –1-1,5 жыл;

Ғылыми және педагогикалық бағыт– 2 жыл.
6М051800 «Жобаны басқару» мамандығы магистрлерін дайындау модульдік білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. AlmaU –да «Жобаны басқару» мамандығының магистрлік бағдарламасы жобаны басқару, басқару, экономика және бизнестің заманауи теориялық және тәжірибелік мәселелерін шеше білетін, инновация және инвестициялық үрдістерді интеграциялай білетін, тұрақты дамуды қамтамасыз ететін компанияның жобаларын кешенді түрде жоспарлауды жүзеге асыра білетін, жобаны басқару саласындағы жоғары білікті жаңашыл мамандар дайындауға бағытталған.
Бағдарламаның ерекшелігі, тыңдармандаржобаны модельдеу, инвестиция және тәуекел үрдістерінен іргелі дайындықтан өтеді. Бұл жағдайлар ғылыми қызметтер жасауға, зерттеулер жүргізуге, аталған әдістемелерді іс ж.зінде қолдануға мүмкіндік береді. Бағдарлама түлектері инвестициялық жобаларды бағалай білетін жоғары құзіретті қабілетті меңгереді.

Білім алудың толық курсы аяқталған соң магистранттарға сәйкес бағыт бойынша академиялық дәреже беріледі:

  • Бейіндік бағыт  - «6М051800- Жобаны басқару» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі;

  • Ғылыми және педагогикалық бағыт - «6М051800- Жобаны басқару» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі;


Мамандығының пререквизиттері  «6М051800- Жобаны басқару» бағдарламасына түсетін түлектер өтуі тиіс пререквизиттер
     1. Менеджмент (2 кредит);

     2. Жобаны басқару (2 кредит).

 

ББМ «Алматы Менеджмент Университет» аталған курстарды тапсыруға мүмкіндіктер береді.

 


Скачать программу вступительного экзамена по специальности 6М051800 - "Управление проектами"

Скачать программу вступительного экзамена по специальности 6М051800 - "Управление проектами" (англ.)

Логистика

Мамандықтың шифры6М090900 
Оқу мерзімі:

Бейіндік бағыт –1-1,5 жыл;

Ғылыми және педагогикалық бағыт– 2 жыл.
6М090900 «Логистика» мамандығы магистрлерін дайындау модульдік білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. AlmaU –да «Логистика» мамандығының магистрлік бағдарламасы мемлекеттік және корпоративтік деңгейде логистика үрдісін басқару, жеткізуді дұрыс та тиімді жолға қою арқылы, логистика жүйесіндегі келеңсіздіктерді азайтуды қамтамасыз ете білетін, логистика саласындағыжоғары білікті мамандар дайындауға бағытталған.

Білім беру бағдарламасы ның ерекшелігі магистранттар, Еуропалық логистер ассоциациясы талаптарына сәйкес келетін халықаралық сертификация бекіткен кәсіби құзіреттіліктерді меңгереді. Аталған құжаттар арқылы мамандардың деңгейі логистика саласындағы заманауи нарық талаптарына сай екендігін көрінеді.
Білім алудың толық курсы аяқталған соң магистранттарға сәйкес бағыт бойынша академиялық дәреже беріледі:

  • Бейіндік бағыт  - «6М090900 - Логистика» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі;

  • Ғылыми және педагогикалық бағыт - «6М090900 - Логистика».мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі;

6М090900 – «Логистика» мамандығының пререквизиттері. 6М090900 - Логистика» бағдарламасына түсетін түлектер өтуі тиіс пререквизиттер:

     1. Логистика жүйесіндегі тауар қозғалысы (1 кредит);

     2. Логистика негіздері (1 кредит);

     3. Жаһандық логистика жүйесі (1 кредит).

 

ББМ «Алматы Менеджмент Университет» аталған курстарды тапсыруға мүмкіндіктер береді.
  Скачать программу вступительного экзамена по специальности 6М090900 - "Логистика"

Информатика
«Информатика». Мамандығының сипаттамасы.

Аталған бағдарлама мектеп, колледж және ЖОО-ның педагогикалық қызметкерлеріне және білім саласындағы әкімшілік қызметкерлерге арналған. Типтік оқу бағдарламасындағы пәндерді қамтиды (оқу мәселелері мен білімді информатизациялау, педагогика, психология, шетел тілдері), сонымен қатар флип және жоба әдістеріне бағытталған оқу технологияларын үйретуді кеңінен қамтиды. Білім беру барысында оқытудың интерактивті құралдарды қолдануды, оқу жоспарларын жасай білу мәселелерін, кредиттік оқу технологиясының әртүрлі деңгейдегі бағдарламаларын құрастыра білуді үйретеді. Элективті пәндер шағын топтарда ағылшын тілінде жүргізіледі.
Оқытылатын пәндер тізбесі:

  • Информатиканы оқытудағы интерактивті құралдарды қолдану;

  • Флип-әдісті іс жүзінде қолдану;

  • Жобаға бағытталған оқу тәжірибесі;

  • Кредиттік технология қолданылған оқу бағдарламаларын жасау әдістері;

  • оқу мәселелері мен білімді информатизациялау;

  • педагогика;

  • психология;

  • бағдарлама бойынша олимпиадалық есептерді шығару тәжірибесі мен әдістері.



«Информатика» мамандығының түлектері жұмыс істей алатын орындар:

  • мектеп, колледж және ЖОО-ның педагогикалық қызметкерлері

  • білім саласындағы әкімшілік қызметкерлер ( сонымен қатар мемлекеттік органдардағы басшылық қызметте).


6М011100 - «Информатика» мамандығының  пререквизиттері. 6М011100 - «Информатика» бағдарламасына түсетін түлектер өтуі тиіс пререквизиттер:

  1. Информатиканың теориялық негіздері (3 кредит);

  2. Информатиканы оқыту әдістері (3 кредит);

  3. Бағдарлама (3 кредит);


ББМ «Алматы Менеджмент Университет» аталған курстарды тапсыруға мүмкіндіктер береді.
Магистратураның ағылшын тілінде оқытатын бейіндік бағыттағы бағдарламаға түсу емтихандары НЦТ құрастырған технология бойынша өткізіледі.


Тест тапсырмалары (2нұсқа):

  1. По направлению "Образование" (1 вариант)

  2. По направлению "Образование" (2 вариант)



Инженерлік менеджмент мектебі

AlmaU Инженерлік менеджмент мектебі «Software Engineering» и «Business analytics and Big Data» бағдарламалары бойынша білім беру қызметтерін жүзеге асырады.
Аталған мектеп туралы жоба Қазақстан мен Франция президенттері Франсуа Олланд пен Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуі нәтижесінде 2015 жылы пайда болды. Сол уақытта екі елдің білім министрлері қазақстандық жоғары оқу орындары мен француз жоғары инженерлік мектебі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қойды. Аталған бағыттағы жоба құрылымдары қатысушыларының бірі-Almaty Management University.

 

Мектептің миссиясы – басқару құзіреттілігі бар инженерлерді дайындау, әр саланың тоғысқан жерінде инновация жасай отырып, «ашық мұхит» жолын жасай білетін мамандар даярлау.

Оқу жоспары  Мектеп халықаралық жоғары стандарттарға сәйкес құрылған және білімді іс жүзінде қолдана білуге үйрететін іргелі, негізгі пәндерді оқытады. Білім беру шағын топтарда ағылшын тілінде жүргізіледі.
 

Мамандықтың сипаттамасы:

AlmaU кәсіпкерлік университет болғандықтан, Инженерлік менеджмент мектебінің білім беру бағдарламалары инженер-кәсіпкер тәрбиелеп-оқытып шығаруды мақсат етеді. Аналитика, техника және бизнес машықтарды қамтитын жаңаша ойлауды оқытып, үйретеді. «Software Engineering» және «Business analytics and Big Data» бағдарламасы бизнес ортада start-up мәдениеті деп аталатын техникалық прогрес-ілгерілеуге қажетті дүниетанымды қалыптастырады.
 

Software Engineering – инновациялы технологиялық үрдіс машықтарына бағытталған.

Бағдарламашы инженер-компанияның start-up жобасын жасай алатын маман иесі. Сонымен қатар студент нарық пен бизнес туралы жеткілікті дәрежеде түсінік алады, жоба жетістікке жету үшін қандай мамандарды қатыстыру керек екендігін біледі.
 

Business analytics and Big Data –ірі компаниялардың жұмысында мамандандырылады. Мысалы: «Самрұқ-Қазына», «ҚазМұнайГаз» және т.б. Орта көлемдегі start-up мекемелермен салыстырғанда үлкен компанияларда ақпарат алу күрделірек және бюрократиялық басым. Аталған мамандық иелері ірі компанияларда жұмыс істеуге бағытталған жаңашыл инженерлерді дайындайды.
 

Академиялық ұтқырлық: Малайзия, Қытай, Израиль және Еуропадағы серіктес-жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бойынша білім алады. Жазғы және қысқы мектептерде кейбір пәндерді оқу қарастырылған. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы үшін грант жүйесі де бар.

 

Гранттар:  Жұмыс берушілер студенттерді болашақта жұмысқа қабылдау үшін университетте оларға грант беру жүйесі қарастырылған. Біздің бағдарламаларымызға ынта білдіруші мекемелер: Almatel, AlmaTV, Колеса.kz, Есенов қоры және т.б.
 

Аталған тақырып бойынша жарияланған мақалалар сілтемесі: 

https://republic.ru/specials/data-economics/articles/learning_to_count/
http://buduguru.org/profession/39#anchor2

Мемлекеттік және жергілікті басқару

Мамандықтың шифры6M051000
Оқу мерзімі:

Бейіндік бағыт –1-1,5 жыл;

Ғылыми және педагогикалық бағыт– 2 жыл.
6М051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы магистрлерін дайындау модульдік білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. AlmaU –да «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының магистрлік бағдарламасы Мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік қызмет, саясат мәселелерін шеше білетін маркетинг саласындағы жоғары білікті мамандар дайындауға бағытталған.

Білім беру магистрлік бағдарламасы Қазақстан Республикасында мемлекеттік және саяси реформалар жүргізу мәселесінде, басқару және экономикалық пәндерді оқыту әдістерін пайдалануда, елдің саяси дамуында, мемлекеттік басқару әдістерін қолдану құзіреттіліктерін үйретіп, пайдалана білуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік басқару және басқару шешімдерін қолдана білудің негізгі қағидалары туралы білім береді. Қазақстандағы мемлекеттік және жергілікті басқаруға, мемлекеттік саясат факторларына, басқару қызметіне, мемлекеттік басқару мен саясат тиімділігін арттыруға оқу барысында басты көңіл бөлінеді.
Білім алудың толық курсы аяқталған соң магистранттарға сәйкес бағыт бойынша академиялық дәреже беріледі:

  • Бейіндік бағыт  - 6М051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі;

  • Ғылыми және педагогикалық бағыт 6М051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі;

6М051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының пререквизиттері. 6М051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» бағдарламасына түсетін түлектер өтуі тиіс пререквизиттер:

  1. Мемлекеттік басқару теориясы (2 кредит);

  2. Аймақтық экономика және басқару (2 кредит);


ББМ «Алматы Менеджмент Университет» аталған курстарды тапсыруға мүмкіндіктер береді.

.

 Скачать программу вступительного экзамена по специальности 6М051100 - "Государственное и местное усправление"

Almaty Management University магистратурасында оқудың ерекшеліктері


  •  Almaty Management University қазіргі уақыттағы еліміздегі жоғары сапалы білім беретін, беделді жоғары оқу орындарының бірі және Қазақстан мен шетелдік сараптама нәтижесінде алынған іскери атқтары бар.

  • Almaty Management University магистерлік бағдарламалары білім саласындағы алдыңғы қатарлы рейтингтік және сараптама Eduniversal Best Masters Ranking агенттіктерінің жоғары бағаларын үздіксіз алып отырады.

  • Almaty Management University студенттерге шетелдік серіктес университет пен AlmaU –дың қос дипломын бірден алуға мүмкіндік береді.

  • Магистранттар білім алу барысында алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік компаниялардан тәжірибеден,тағылымдамадан өтеді.

  • Түлектермен жұмыс және мансап жолын жоспарлау орталығы университеттің түлектеріне еңбек жолын қалыптастыруға көмектеседі.

  • Университет қазақстандық және шетелдік оқытушылар, ғалымдармен үнемі ынтымақтастықта жұмыс істейді.

  • Кәсіпкерлік ортаны дамыту мақсатында AlmaU-да инновациялық және кәсіпкерлік орталығы жұмыс істейді, бұл орталық студенттерге Қазақстанның табысты кәсіпкер, оқытушы және қызметкерлерімен танысуға мүмкіндік береді.

Халықаралық ынтымақтастық

Халықаралық ынтымақтастық сапалы біліммен қамтамасыз ету саласының халықаралық стандарттарға сай болуы үшін AlmaU –дың жасайтын маңызды істерінің бірі. Шетелдік ынтымақтастықты дамыту-университеттің стратегиялық мақсаты ретінде, AlmaU-дың әлемдік ғылым және білім беру кеңістігіне өтуінде халықаралық байланыстар маңызды рөл атқарады. AlmaU көптеген шетелдік университеттер мен Еуропа, Азия, Америка және ТМД халықаралық ұйымдарымен тұрақты байланыс орнатқан.

 AlmaU –дың халықаралық байланыс саласындағы басты бағыттары:

  • Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық;

  • Халықаралық рейтингтерге қатысу;

  • Халықаралық аккредитациядан өту;

  • Оқытушылар мен студенттер шетелдік тағылымдамадан өтіп білім алу;

  • Шетелдік қонақтармен AlmaU-да кездесулер өткізу;

  • Халықаралық жобаларға қатысу;

  • Халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту;

  • Халықаралық іс шаралар мен жәрмеңкелерге қатысу;

  • AlmaU-ды шетелде насихаттау.

Almaty Management University-дің халықаралық серіктестері

Международные партнеры Almaty Management University 

Білім алмасу бағдарламасындағы серіктес жоғары оқу орындарының тізімі:

IESEG School of Management, Франция
http://www.almau.edu.kz/images/uploads/6cf61e4ea2dd8d56016fd58074b6e3ae.gif

http://www.ieseg.fr/

ESC Rennes, Франция


http://www.almau.edu.kz/images/uploads/a39717e430bbcdeea64225039d28abb5.jpeg

https://www.esc-rennes.fr/

ISM University of Management and Economics, Литва

http://www.almau.edu.kz/images/uploads/83a4841576a656e9978914b4a7dedcad.gif

http://www.ism.lt/

 Riga International School of Economics and Business Administration RISEBA, Латвия

http://www.almau.edu.kz/images/uploads/85ce029912c0f2bc89820539b29f20ba.jpeg

http://www.riseba.lv/ru/

 

Solbridge International School of Business, Woosong University, Южная Корея
http://www.almau.edu.kz/images/uploads/549179826a6d87018d6d5da94936509a.jpeg
http://www.solbridge.ac.kr/

 

Nagoya University of Commerce and Business, Япония

http://www.almau.edu.kz/images/uploads/8d5d0ec469730ca35866fea609d59b88.jpeg

http://www.nucba.ac.jp/en/

Американский Университет Гирне Кипр

http://www.almau.edu.kz/images/uploads/06e790c118dd543dec6720223a013be9.jpeg

http://www.gau.edu.tr/

International Business School at Vilnius University, Литва

http://www.almau.edu.kz/images/uploads/07f8b58a4b37e357322e936de2b1844a.png

http://www.tvm.vu.lt/en

University of New York in Prague, Чехия

http://www.almau.edu.kz/images/uploads/29b29a2dad2d0d207325b1fb9c1267a7.jpeg

https://www.praguecollege.cz

Институт развития образования ГУ «Высшая школа экономики», Россия

http://www.almau.edu.kz/images/uploads/911d5e62907d6e6d74bd32e9da18951a.png

http://www.hse.ru/




Almaty Management University-дің түлектермен жұмыс және олардың еңбек жолын жоспарлау орталығы университеттің студенттері мен түлектеріне еңбек жолын қалыптастырып, мансаптарын одан әрі дамытуға, бір-бірімен, оқу орнымен байланыста болуларына ықпал етіп, көмектеседі
Студенттердің оқу бағдарламаларында төмендегідей жағдайлар қарастырылған:

Студенттердің білім алу кезеңінде дамыту мен дайындаудың түрлі бағыттары бойынша әртүрлі компанияларда тәжірибеден өту мүмкіндіктері қарастырылған:

  • 2 апталық мерзімді- таныстыру іс тәжірибесі

  • Диплом алдындағы өндірістік тәжірибе -10 аптаға дейін

Студенттер білім алу барысында әр курс кезеңінде түрлі деңгейде дайындайтын тағылымдамалардан өтеді, бұл студенттерге өз қабілеттерін жетілдіруге және келешекте жақсы жұмысқа орналасуға мүмкіндіктер береді.

Оқу кезінде студенттерге ең үздік экономистер, спортшы, қоғам қайраткері, өз саласының жақсы мамандары шебер-сыныптар мен тренингтер өткізеді. Бұл жұмыстар олардың жеке адами қасиеттерін қалыптастырып, өз саласының жақсы маманы болу үшін өткізіледі.

Жұмыспен қамтамасыз ету

Бакалавриат бағдарламасының 60% түлегі алғашқы 3 айда және 85% астамы 6 ай

мерзімінде жұмысқа орналасады.

 Түлектердің жұмыс атқаратын салалары

http://priem.almau.edu.kz/uploads/images/trudoustroistvo/%d0%b8%d0%bd%d1%84%d0%be%d0%b3%d1%80%d0%b0%d1%84%d0%b8%d0%ba%d0%b0.jpg

 

71% жалдамалы жұмыс

8% кәсіпкерлер

6 % әскерде борышын өтейді

6 % болашақ аналар

9 % жұмыс іздеумен айналысады


Серіктес -компаниялар

http://priem.almau.edu.kz/uploads/images/trudoustroistvo/%d0%ba%d0%be%d0%bc%d0%bf%d0%b0%d0%bd%d0%b8%d0%b8.jpg

 

AlmaU түлектерінің шетелде жұмысқа орналасуы

8,5% түлек Қазақстаннан шет жерде жұмысқа орналасады.

 

Университет түлектерінің жұмыс істейтін елдері:

Ресей Федерациясы

Қырғызстан Республикасы

Швейцария Корольдігі

Ұлыбритания

Венгрия

Малайзия

Латвия

Біріккен Араб Әмірліктері

Польша

Германия Федеративтік Республикасы
Жаңадан шыққан жұмыс орындары мен пайдалы да қызықты ақпараттарды біздің топтардан ала аласыз:

https://vk.com/almaucareerlab

https://www.facebook.com/groups/almaucareerlab/

 
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАР

Жыл сайын  магистратура бағдарламасына мемлекеттік гранттар бөлінеді. Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алу үшін оқуға түсу емтиханында 150 балдан жоғары жинау қажет:

  • Шетел тілі (максималды балл - 100 балл);

  • Бейіндік пән (максималды балл - 100 балл).  


AlmaU ІШКІ ГРАНТТАРЫ МЕН ЖЕҢІЛДІКТЕРІ

Жыл сайын  Almaty Management University білімге құштар талапкерлер мен студенттерге қолдау көрсету мақсатында университеттің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 120 миллион теңге қаржы бөледі.

Магистранттарға  МОТИВАЦИЯ беретін гранттар мен жеңілдіктер:

БМ«Алматы Менеджмент Университет» түлектеріне магистратурада оқу үшін жеңілдіктер беріледі.
Жеңілдік түлектің академиялық үлгеріміне қарай бөлінеді.

  • 25% – БМ «Алматы Менеджмент Университетін» үздік дипломмен аяқтаған түлектерге беріледі.



  • 15% – БМ «Алматы Менеджмент Университет» түлектеріне беріледі.



КОМПАНИЯЛАР МЕН ҚОРЛАР

Almaty Management University өз студенттері мен талапкерлеріне гранттар бөлумен қатар, қаржылай көмек көрсету үшін әртүрлі қор, ұйым және компаниялармен бірлесе жұмыс істейді.

. http://priem.almau.edu.kz/uploads/images/fin_main/1.jpg

Қоғамдық «Ержан Тәтішев қоры»

«Ержан Тәтішев қоры» табыс түсірмейтін қоғамдық қайырымдылық қор болып табылады, конкурстық негізде білім беру гранттарын бөледі.

Толық ақпаратты төмендегі сайттан алуға болады www.tatishevfoundation.kz

http://priem.almau.edu.kz/uploads/images/fin_main/2.png

"KAZENERGY" ассоциациясы

"KAZENERGY" ассоциациясы еліміздің кадр резервтерін кеңейту мақсатында қазақстандық жастарды қолдап, Солтүстік-Каспий және Қарашаған жобасы аясында бөлінетін қаржы арқылы оқу ақысын төлеу үшін білім алушылар арасында іріктеу жүргізеді. Конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

  • жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназия, кәсіби мектеп түлектері

  • ЖОО және ОАБМ студенттері;

  • мемлекеттік қызметкерлер;

  • Қазақстан Республикасының азаматтары.

Толық ақпаратты төмендегі веб-сайттан алуға болады http://www.kazenergy.com

http://priem.almau.edu.kz/uploads/images/fin_main/3.jpg

Конрад Аденауэр атындағы қор

  • Конрад Аденауэр атындағы қор –жергілікті Sur-Place стипендиясына конкурс өткізеді (5 ай мерзімге жарамды).

  • Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқып, конкурстық іріктеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қордың степендиаты бола алады.

Толық ақпаратты төмендегі веб-сайттан алуға болады  http://www.kas.de/kasachstan/ru

Назар аударыңыз! Мемлекеттік, ішкі және сыртқы гранттар мен жеңілдіктерді беруде өзгерістер болуы мүмкін. Толық ақпаратты университеттің қабылдау комиссиясынан анықтап білуге болады.

http://priem.almau.edu.kz/uploads/images/fin_main/4.png

Қаржы орталығынан студенттік кредиттер

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ ведомствалық ұйымы білім беру кредиттеріне кепілдеме береді, жоғары оқу орындарының ақылы негізде оқитын талапкерлері/студенттері екінші деңгейлі банктерден кредит алуларына мүмкіндіктері бар.

Білім беруге кредит бөлу бағдарламасының қатысушылары «Қазақстанның Халық банкі» АҚ, «Ресей Сбербанк» АҚ еншілес банкі және "Fortebank" АҚ.

Қазақстанның оқу орындарында білім алу үшін студенттік кредиттер береді.

  • кепілсіз;

  • «Қаржы орталығы» АҚ кепілдеме беру арқылы;

  • кредит беру мерзімі 12 жыл;

  • оқу орнын аяқтаған соң 6 айдан кейін кредитті жабуға болады;

  • кредит студенттің атына рәсімделеді;

  • кредит көлемі шектеулі емес;

  • кредитті рәсімдеу кезінде қолдау көрсетіледі.

Толық ақпаратты төмендегі веб-сайттан алуға болады  http://www.fincenter.kz

 Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі

 Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі (МБЖЖ)- бұл кез келген Қазақстан Республикасы азаматының өз атына немесе баласының атына депозит ашып, болашақта Қазақстанда немесе шетелде кәсіби-техникалық және жоғары білім алу үшін төлеуге болатын қаржы.

Мемлекеттік білім беру жинақтаушы қорына ақша салу үшін қажетті құжаттар

    1. «Қаржы орталығы» АҚ –дан байланыс телефондары арқылы кеңес алу

    2. Бағдарламаға қатысушы банктердің бірін таңдау керек. Білім депозитін ашып, алғашқы жарнаны салу қажет.

    3. Банктің сыйақысын, сонымен қатар мемлекеттің үстемеақысын алуға болады.

    4.  Қазақстанда немесе шетелде коледжде / жоғары оқу орнында білімін төлейсіз. Грантқа түскен жағдайда мемлекеттің де, банктің де пайыздарын аласыз! 

Толық ақпаратты төмендегі веб-сайттан алуға болады : 

http://www.fincenter.kz

 

Құжат тапсыру мерзімі 3 – 31шілде

Оқуға түсу емтихандарын тапсыру мерзімі 10 - 20 тамыз.

Оқуға түскендерді қабылдау мерзімі 25 тамызға дейін  (келісім шарт жасап оқу ақысының 1-ші бөлігін төлеу)

Магистратураға түсу үшін ЖОО-ға төмендегідей құжаттар тапсырылады:

  • университет ректорының атына жазылған өтініш;    

  • нотариалды расталған жоғары білім туралы диплом қосымшасымен;

  • кадрларды тіркейтін жеке іс парақ және еңбек жолын растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғаларға);

  • еңбек кітапшасының көшірмесі (еңбек өтілі бар жағдайда);

  • жұмыс істейтін орыннан анықтама;

  • 6 фото сурет (көлемі 3x4);

  • медициналық анықтама 086-У форма ( флюорография суретімен

  • жеке басты растайтын құжат және оның көшірмесі

  • ғылыми еңбектер мен әдістемелік жұмыстарының тізімі (бар болған жағдайда);

Барлық көшірмемен бірге құжаттардың түпнұсқасы да өткізіледі, құжаттарды салыстырып, тексерген соң түпнұсқа қайтарылады.

Магистратураға түсу үшін екі емтихан тапсырылады:
                 Шетел тілінен емтихан
 Шетел тілінен емтихан (ағылшын, француз, неміс тілдері) ҚР Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік білім беру стандартының Ұлттық тестілеу орталығы технологиясы бойынша алдын ала белгіленген күні емтихан тест түрінде өткізіледі.
Тест 3 бөлімнен тұрады:       

1. Тыңдалым
2. Лексико-грамматикалық тест
3. Оқылым
Тілді меңгергендігі туралы сертификаттар

Шетел тілін білетіндігі туралы Жалпы еуропалық құзіреттілікке (стандартқа) сәйкес халықаралық сертификаты бар Қазақстан Республикасы азаматтары магистратураның шетел тілінен тапсыратын емтиханынан босатылады.
     1. Ағылшын тілінен:

  • Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP –460 балдан кем емес)

  • Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, ең төменгі балл – 87 –ден кем емес), (TOEFL ең төменгі - 560 балдан кем емес)

  • International English Language Tests System (IELTS, ең төменгі балл – 6.0 –ден кем емес).

     2. Неміс тілінен:

  • Deutsche Sprachprufung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/ деңгей С1),

  • TestDaF-Prufung (Niveau C1/ деңгей С1).

     3. По французскому языку:

  • Test de Franзais International™ (TFI - B1деңгейінен төмен емес, оқылым жән еаудирования)

  • Diplome d'Etudes en Langue francaisе (DELF, В2 деңгей)

  • Diplome Approfondi de Langue francaisе (DALF, С1 деңгей)

  • Тest de connaissance du francais (TCF - 400 балдан кем емес);



 магистратураның шетел тілінен тапсыратын емтиханынан босатылады.
Мамандықтар бойынша Магистратураға түсу емтихандарының қорытындысы :

  1. Менеджмент

  2. Қаржы

  3. Маркетинг

  4. Логистика

  5. Экономика

  6. Жобаны басқару

  7. Іскери әкімшілік

  8. Мемлекеттік және жергілікті басқару


 

Магистратураға түсу туралы қабылдау комиссиясының шешімі:

                   

  1. Менеджмент

  2. Қаржы

  3. Маркетинг

  4. Логистика

  5. Экономика

  6. Жобаны басқару

  7. Іскери әкімшілік

  8. Мемлекеттік және жергілікті басқару


Мамандық бойынша тапсырылатын емтихан

Шетел тілінен жеткілікті балл жинаған магистранттар екінші мамандық бойынша тапсыратын емтиханға жіберіледі.
Магистратураға оқуға түсу емтихандары тапсыру мерзімі 10 - 20 тамыз.

Оқуға түскендерді қабылдау мерзімі 25 тамызға дейін  
Назар аударыңыздар!  AlmaU-дың болашақ магистранттары үшін ағылшын тілінен және бейіндік пәндерден ТЕГІН ДАЙЫНДЫҚ КУРСТАРЫ жүргізіледі.
http://almau.edu.kz/images/uploads/c99b7065cf808ed563001fb7eaaea193.jpeg