Главная страница

11 сыныпқа арналған тәжірибелік турдың тапсырмасы ( Тапсырманы орындау уақыты 150 минут) (барлығы 30 балл)


Скачать 21.15 Kb.
Название11 сыныпқа арналған тәжірибелік турдың тапсырмасы ( Тапсырманы орындау уақыты 150 минут) (барлығы 30 балл)
Дата07.04.2016
Размер21.15 Kb.
ТипДокументы

ОХО-2015

11 сыныпқа арналған тәжірибелік турдың тапсырмасы

( Тапсырманы орындау уақыты 150 минут)

(барлығы 30 балл)
Жұмыстың мақсаты – сулы ерітіндідегі мырыш (II) иондарының мөлшерін анықтау.

Анықтау мырыш (ІІ) иондарын стандартты комплексон ІІІ ерітіндісімен ацетатты буферлі ерітінді ортасында ксиленолды оранж индикаторының қатысында титрлеуге негізделген.
Жұмыстың барысы – сыйымдылығы 100,0 мл өлшеуіш колбаға құйылған мырыш тұзы тапсырмасы бар ерітіндінің үстіне белгіге дейін дистилденген су құйып, жақсылап араластырамыз.

Өлшеуірді (бюретканы) комплексон ІІІ стандартты ерітіндісімен толтырамыз. Зерттелетін ерітіндінің аликвотты бөлігін өлшеуіш тамшуырмен (пипеткамен) өлшеп алып конус түпті колбаға титрлеу үшін құямыз, үстіне 5 мл ацетатты буферлі ерітіндіні (рН=5) және 15-20 мл дистилденген суды ерітіндіні араластыра отырып қосамыз. Ксиленолды оранж индикаторы ұнтағының аз мөлшерін қалақшаның ұшымен қосамыз. Ерітіндідегі индикатор толық еріп кеткен соң, ерітіндінің түсі таңқурай түстен лимонды сары түске өзгергенше комплексон ІІІ ерітіндісімен титрлейміз. Титрлеу соңында комплексон ІІІ ерітіндісін зерттелетін ерітіндіні жақсылап араластыра отырып 1 тамшыдан тамызып баяу қосамыз. Титрлеуді тағы бірнеше рет (кем дегенде 3 рет) мәндері бір-біріне жақын нәтижелер алғанша қайталаймыз.

Титрлеудің нәтижесі бойынша бастапқы тапсырмадағы мырыштың массасын (грамм) есептейді.

Қосымша сұрақтар

  1. Мырыш (ІІ) тұзын комплексон ІІІ (қысқартылған Na2H2Y) пен ксиленолды оранж (HInd) қатысында титрлегенде жүретін химиялық реакция теңдеулерін (молекулалық, иондық) жазыңыздар.

  2. Металл иондарымен комплексон ІІІ әрекеттескенде тұрақтылығы жоғары комплекстің түзілуі неге негізделген? Бұл қосылыстардың тұрақтылығының себебі неде? Мырыш (ІІ) иондарының осындай комплексінің құрылымдық формуласын жазыңыздар.

  3. Мырыш пен комплексон ІІІ (Na2H2Y) әрекеттескенде түзілетін комплекстің тұрақтылық константасы теңдеуін келтіріңіздер.

  4. Металдардың комплексонаттарының тұрақтылығына катионның заряды қалай әсер етеді (дұрыс жауапты белгілеңіз): Комплексонаттардың тұрақтылығы солғұрлым жоғары, неғұрлым:

А) катион заряды аз болса;

Б) катион заряды көп болса;

В) катион заряды әсер етпейді.

5. Комплексонометриялық титрлеуде ерітіндінің сутектік көрсеткішті (рН) қатаң түрде сақталатын жағдайда жүргізілу қажеттілігін түсіндіріңіздер.