Главная страница

11 сынып Қазақстан тарихы Ашық сабақ жоспары


Скачать 40.98 Kb.
Название11 сынып Қазақстан тарихы Ашық сабақ жоспары
Дата31.03.2016
Размер40.98 Kb.
ТипДокументы


11 сынып

Қазақстан тарихы
Ашық сабақ жоспары

Тақырыбы: ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның ауыл шарушылығы

Пән мұғалімі: Ибраева Б. Ш.


Тақырыбы: ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның ауыл шарушылығы
Мақсаты: Білімдік

  • Жаңа экономикалық саясат, ұжымдастыру жылдарындағы ауыл шаруашыдығына сипаттама бере отырып, осы саясаттың қазақ халқының тағдырына , оның ауыл шарушылығына тигізген кері әсері, орын толмас қайғы-қасіреті жайлы білімдерін толықтыру:

Дамытушыдық

  • Негізгі оқиғаларды анықтау, оны жадында сақтау, салыстыру, логикалық ойлау абілеттерін дамыту;

Тәрбиелік

  • Аға ұрпаққа құрмет, Отанға деген патриоттық сезімдерін тәрбиелеу;


Керекті: Интербелсенді тақта, телевизор – видео фильм: «Ұлы жұт», қосымша құжаттар
Барысы: І Ұйымдастыру сәті
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау (Интербелсенді тақтада берілген тапсырмаларды орындау)

І.Тапсырма: 1917 ж көктем мен жаз айларындағы қоғамдық-саяси өмір. (Дұрыс жауаптың астын сызу)

1.Ақпан төңкерісінен кейін елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқан қазақ зиялылары: С. Сейфуллин, М, Әуезов, Т. Рысқұлов

Ә. Бөкейханов, М. Тынышпаев, М. Шоқай

Ф. И. Голощекин, Е. Ерназаов, М. Дулатов

2. Қазақстанда саяси ой пікірді дамытуда белсенді әрекеттер жасаған Ресейдің оппозициялық партиялары: кадеттер, большевиктер

анархистер, октябристер

алаш, үш жүз

3.Кадет партиясы Орталық комитетінің мүшесі:

А. Розыбақиев Ж. Бабаев Ә. Бөкейханов

4. Кадеттер ұйымы жұмысын жандандырған қала:

Семей Алматы Қызылорда

5.Ә. Бөкейхановтың кадеттер партиясынан шығу себебі кадеттер жақтады:

тәуелсіз республиканы конституциялық монархияны ұлттық автономияны

ІІ.Тапсырма: Қазақстанда жастар қозғалыстары мен жастар ұйымдары (Ойды жалғастырып, толықтыру)

1.Қазақ зияыларын қалыптастыруда айтарлықтай роль атқарған университеттер ....

( Петербург, Мәскеу, Варшава, Қазан)

2.Петербург университетін бітірген, қазақтан шыққан тұңғыш заңгер .... (Ж. Ақбаев)

3.1917 ж қазан төңкерісі қарсаңында жарық көрген М. Дулатұлының жинағы ... ( «Оян, қазақ»)

4.1917ж Ақмолада құрылған қазақ жастарынң ұйымы ... ( «Жас қазақ»)

5. Меркеде құрылған жастар ұйымының жетекшісі ... (Т. Рысқұлов)

6. Қазақ жастары ұйымдарынң мақсаты .... (Өнер, білімді дамыту, ел істеріне араластыру)

ІІІ.Тапсырма: Алаш қозғалысы (оқиғаларды топтастыру)

І Жалпы қазақ сьезі ІІ Жалпы қазақ сьезі

Алашорда 1917ж 21-26 шілде

Орынбор қазақ саяси партиясы

Ә. Бөкейханов мемлекет билеудің түрі

Уақытша халық кеңесі «Қазақ»газеті

Бағдарлама 10 бөлім

Орынбор Жер және қазына

ІҮ.Тапсырма: Алашорда және кеңес өкіметі (сұрақтың жауабын анықтау)

1.Ұлттық келісім тактикасын жүргізген қазақ халқының ағартушысы әрі гуманисі ? (А. Байтұрсынов)

2. Алаш партиясы қайраткерлері кеңес өкіметі жағына шықты ? (1919 ж наурыз)

3.Алаш арыстарының талап тілектері ескеріліп Қазақ Автономиялы Кеңес Социалистік Республикасы құрылды ? (1920 қазан)

4.Кеңес ұкіметі құрамына кірген алаш қайраткерлері ? (А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов)
ІІ Жаңа сабақты меңгеру барысы:
А. Сыныпты төрт топқа бөлу, әр топтың міндетін түсіндіру:

І топ. Кіріспе – әр берілген тапсырмаға шолу жасау.

ІІ топ. Негізгі ой - әр тапсырмадан ҰБТ-да келетін сұрақтарды анықтау.

ІІІ топ. Толықтыру - әр тапсырмаға толықтыру жасау.

ІҮ топ. Қорытынды - әр тапсырманы жинақтап қорытындылау.
Б. Мұғалімнің кіріспесі: : ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның ауыл шарушылығына жалпы шолу
С. І тапсырма: Жаңа экономикалық саясат. Жер-су реформасы. Назар аударатын негізгі мәселелер:

  • Азық түлік салғырты мен азық-түлік салығының айырмашылығы

  • ЖЭСтің мәні

  • ЖЭСтің қиыншылықтары

  • Жер-су реформасы: қажеттігі, маңызы, нәтижесі

  • ЖЭСтің нәтижесі

Бекіту сұрақтары:

    1. 1.РК(б)П Х съезінен кейін енгізілген салық түрі?

    2. Қазақстанды аштық жайлаған жылдар?

    3. Ашыққан халықтың саны?

    4. Жер-су реформасы қашан жүргізілді

    5. Жер-су реформасы бойынша қазақ шаруаларына қайтарылып берілген жерлер?

    6. Жер реформасын тиянақты түрде жүзеге асыру үшін 1921ж. құрылған ұйым?

    7. 1928ж. мал саны?


ІІ тапсырма: Ауыл шаруашылығын ұйымдастыру «Ұлы жұт» фильмін көру және оқулықтағы материалды оқу. Назар аударатын негізгі мәселелер:

  • Ұжымдастырудың принципі

  • Ұжымдастыру мен отырықшыландырудағы бұрмалаушылықтар

  • Ашаршылық

  • Атамекенінен тыс жерлерге қоныс аудару

  • Асыра сілтеу мен зорлық-зомбылыққа қарсы наразылықтар

Бекіту сұрақтары:

    1. Ұжымдастыру саясаты жүрген жылдар?

    2. Ұжымдастыру жылдарындағы Қазақстан өлкелік партия ұйымының хатшысы?

    3. 1933ж. 1қаңтарында қалған мал саны?

    4. Ашаршылық жылдары қырылған қазақтардың үлесі ? (%)

    5. Республикадан тыс жерлерге көшіп кеткен қазақ саны ? Қайтып оралғаны ?

    6. Аштық пен оның себептері туралы өлкелік партия ұйымының І хатшысына жазылған хат ?

    7. 1933ж. Сталинге хат жазған кім ?


ІІІ Сабақты қорыту: «Ұмыту өткен тарихты, болашақ үшін қауіпті» - оқушылардың ой пікірлері

ІҮ Рефлексия, Бағалау

Ү Үйге тапсырма: $ 16, қосымша деректер