Главная страница

Тәжірибені өту туралы шарт Павлодар қаласы 20 ж. Одан әрі «Колледж» деп аталатын, «Инновациялық Еуразия университетінің колледжі»


Скачать 51.75 Kb.
НазваниеТәжірибені өту туралы шарт Павлодар қаласы 20 ж. Одан әрі «Колледж» деп аталатын, «Инновациялық Еуразия университетінің колледжі»
Дата23.05.2019
Размер51.75 Kb.
ТипДокументы

Тәжірибені өту туралы шарт
Павлодар қаласы «_____»__________________ 20____ж.
Одан әрі «Колледж» деп аталатын, «Инновациялық Еуразия университетінің колледжі» ЖШС атынан, Жарғы негізінде іс-әрекет ететін Ш.А. Таженов бір жағынан және одан әрі «Кәсіпорын» деп аталатын, ________________________________ _____________________________________________________________________________________________________________ атынан, _______________________________________________________________________________________негізінде іс-әрекет жасайтын ___________________________________________________________________________________ одан әрі «Тараптар» деп аталатын, төмендегі мәселелер туралы шарт жасады.


  1. Келісім мәні

    1. Шарттың мәні Тараптардың, мемлекетке жоғары білікті мамандарды даярлауда көмектесу мақсатында екі жаққа да тиімді және жемісті ынтымақтастық негізінде бірлескен қызметі.

    2. Кәсіпорын келесі мамандықтар бойынша Колледж студенттері үшін тәжірибе базасы ретінде болып келеді: ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________

  1. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

    1. Тараптар осы шартты орындау барысында бірге қызмет етуге міндеттенеді, ол үшін олар:

  • өз қызметі туралы ақпаратпен тұрақты алмасып отырады;

  • бірге ғылыми және зерттеу жобаларын әзірлеп жүргізеді;

  • бірлескен жарнама жобаларын дайындайды және жүзеге асырады;

  • Кәсіпорында сұранысы бар мамандықтарды үгіттеу мақсатында газет мақалаларында, теле-, радиорепортаждарында және шығаратын жарнама өнімдерінде жақсы бірлескен қызметінің жарнамасын қолданады;

  • Серіктестің биік беделін қолдайды.

    1. Колледж міндеттенеді:

- жаңа оқу жылына тәжірибені өтудің күнтізбелік жоспарын ұсынуға;

  • Тәжірибенің басталуына дейін бір ай бұрын кәсіпорынға тәжірибенің жұмыс бағдарламасын және тәжірибе өтушілердің тізімін ұсынуға;

  • Кәсіпорынға оның сұраныстарына сәйкес кадрларды таңдауға және даярлауға;

  • Бірлескен қызмет барысында алған Кәсіпорын туралы ақпаратты тек қана оқу, ғылыми мақсаттарда қолдануға.

    1. Колледж құқылы:

  • Кәсіпорын қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін Университеттің лицензиялық мамандықтары бойынша келісім негізінде оқытуға;

  • Кәсіпорын ұсынған қызметкерлерді шығару жұмыстарына жетекшілік етуге, қорғауға шақыруға;

  • Келісім негізінде Кәсіпорын сұраныстарына сәйкес әртүрлі сұрақтар бойынша кеңес және ақпараттық қызмет көрсетуге;

  • Кәсіпорынның жетекші мамандарын студенттерге сабақ беруге шақыруға.

    1. Кәсіпорын міндеттенеді:

  • 1.2. т. көрсетілген мамандықтар бойынша Колледж студенттерін тәжірибеге шақыруға, тәжірибеге және шығару жұмысына жетекшілік ету мақсатымен жауапты қызметкерлерін бөлуге, контрагенті болып келетін кәсіпорынға тәжірибеге орналастыруға көмектесуге;

  • Тәжірибені өту және ұйымдастыру үшін қажетті жағдайларды жасауға (үйжай, жабдық, қажетті құжаттаманы бөліп беру);

  • Тәжірибе бағдарламасымен қарастырмаған және оқитын мамандыққа қатысы жоқ қызметтерге рұқсат бермеуге;

  • Тәжірибе бағдарламасын орындау және жеке зертханалық пен практикалық сабақтарды (қосымша келісім бойынша) өткізу үшін оқушыларға кітапхананы, нормативтік-техникалық құжаттаманы қолдануға мүмкіндік беруге;

  • Тәжірибе соңында әр тәжірибе алушының жұмысы туралы мінездеме беруге;

  • сала стандарттарына сәйкес оқушыларға ТҚ бойынша нұсқаулық беруді қаматамсыз етуге;

  • тәжірибе кезінде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, белгіленген тәртіпте жазатайым оқиғаларды тергеуге;

  • барлық жазатайым оқиғалар, оқушылармен қауіпсіздік техникасын және ішкі еңбек тәртібін бұзуы туралы Колледжге хабарлауға. .

    1. Кәсіпорын құқылы:

  • Мамандықтарда сұранысына сәйкес Колледж түлектеріне жұмыс орындарын ұсынуға және контрагенті болып келетін кәсіпорындарда жұмысқа орналасуға көмектесуге:

  • Әртүрлі мамандықтарда қажеттілігі туралы Колледжге тапсырыс дайындауға;

  • Консалтинг қызметін, ішкі аудитті, инженерлі-экономикалық талдау мен сараптаманы, маркетинг зерттеулерін және т.б. ұйымдастыру үшін колледж мамандары мен студенттерін келісім негізінде тартуға.

    1. Тәжірибе алушы міндетті:

  • тәжірибе бағдарламасымен қарастырылған тапсырмаларды орындауға, тәжірибе күнделігін жүргізуге.

  • Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесіндегі қолданыстағы ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтауға;

  • Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария ережелерін зерттеуге және қатаң сақтауға;

  • Кәсіпорын бөлімшесінің басшылығы мен кафедралардң тапсырмасы бойынша рационализаторлық, зерттеу жұмыстарына қатысуға;

  • Кафедрадан практика жетекшісіне барлық тапсырмаларды орындау туралы жазбаша есепті және тәжірибе күнделігін тапсыруға;

    1. Тәжірибе алушы құқылы:

  • Тәжірибе бағдарламасымен қарастырылмаған жұмыстарға қатыспауға;

  • Бос орын болғанда мамандық бейіні бойынша төленетін қызметке қабылдануға;




  1. БАСҚА ШАРТТАР

    1. Тәжірибе күнделігі есеп құрастыру үшін негіз болып келеді, оқушымен толтырылады, орындаған жұмыс туралы жазулар күнде жазылады және Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесінен тәжірибе жетекшісінің қолымен расталады.

    2. Тәжірибені өту туралы есеп нақты орындаған жұмыс туралы, Кәсіпорын бөлімі құрылымының қысқаша сипаттамасын, еңбекті қорғау, экономика мәселелерін, тұжырымдар мен қорытындыларды қамту керк.

    3. Осы шартта көрсетілген бірлескен жұмыстың бағыттары екі жаққа да тиімділік негізінде құрылады. Тараптар арасындағы өз-ара есептесулер шарттары жеке келісімдермен анықталады.

    4. Осы шарттың орындалуы үшін жауапты болып Кәсіпорын жағынан __________________________________________________________________________________________________
      Колледжа жағынан _______________________________________________________________________________тағайындалады.




  1. ҚОРЫТЫНДЫ ШАРТТАР

    1. Шарт қол қою күнінен бастап күшіне енеді және «_________» ____________ 20____ж. дейін өз күшінде.

    2. осы шартты тұтас немесе жеке жағдайларда орындамауда Тараптар пайда болған қиыншылықтар туралы бір-біріне хабарласуға міндеттенеді.

    3. Тараптар, бірлескен қызмет кезінде серіктес туралы анық болған конфиденциалды ақпаратты жарияламауға міндеттенеді.

    4. Осы шарт мерзімінен бұрын Тараптар келісімі бойынша, немесе біржақты тәртіпте бұзу күніне дейін бір ай бұрын жазбаша ескертумен бұзылу мүмкін

    5. осы шарттың барлық өзгертулері мен толықтырулары, тек олар жазбаша түрде ресімделген және оған Тараптар қол қойған кезде ғана жарамды деп танылады.

    6. Осы шартпен қарастырылмаған басқа сұрақтарда Тараптар ҚР қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

    7. Осы шарт екі дана болып жасалған.




  1. ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕНЖАЙЫ МЕН ҚОЛДАРЫ


Колледж: Кәсіпорын:

140003 Павлодар қ., _________________________________________

Ломов көш. 45. тел/факс 345339 _________________________________________

БЖК HSBKKZKX, Кбе 17 БЖК ______________________________________

ЖСК КZ906010241000017963 ЖСК ______________________________________

«Қазақстан Халық банкі» АҚ __________________________________________

БСН 011240001554 БСН ______________________________________

СТН 451500024331 СТН ______________________________________

ИнЕУ колледжінің директоры: Жетекші:________________________

___________________ Ш.А. Таженов __________________________________________

(қолы, мөр) (қолы, мөр)