Главная страница

Өндірістік тәжірибені өтуге шарт


Скачать 57.86 Kb.
НазваниеӨндірістік тәжірибені өтуге шарт
Дата23.05.2019
Размер57.86 Kb.
ТипДокументы



Өндірістік тәжірибені өтуге шарт

Павлодар қ. «____»_____________20___ж.



Одан әрі «Колледж» деп аталатын, «Инновациялық Еуразия университетінің колледжі» ЖШС атынан, Жарғы негізінде іс-әрекет ететін Ш.А. Таженов бір жағынан және одан әрі «Ұйым» деп аталатын, ________________________________ _____________________________________________________________________________________________________________ атынан, _______________________________________________________________________________________негізінде іс-әрекет жасайтын ___________________________________________________________________________________ одан әрі «Тараптар» деп аталатын, төмендегі мәселелер туралы шарт жасады.

  • Шарттың мәні:

1.1 Студенттер_______________________________________________________ ________________________________________________________________ _______________________________________________________________

_____________________________________________________________________ өндірістік тәжірибесін ұйымдастыру.

  • Колледж міндеттенеді:

  • Тәжірибенің басталуына дейін бір ай бұрын Ұйымға келісуге өндірістік тәжірибенің бағдарламасын және тәжірибені өтудің күнтізбелік графиктерін ұсынуға.

  • Ұйымға, тәжірибенің басталуына дейін бір апта бұрын, өндірістік тәжірибеге жіберілетін студенттердің тізімін ұсынуға.

  • Тәжірибені өтудің күнтізбелік жоспарымен қарастырылған мерзімде Ұйымға студенттерді жіберіге.

  • Тәжірибе жетекшісі ретінде ең білікті мамандарды бөлуге.

  • Осы ұйымның қызметкерлеріне міндетті еңбек тәртібі және ішкі еңбек тәртібінің ережелерін студенттермен сақтауын қамтамасыз етуге.

  • ұйымның қызметкерлері-өндірістік тәжірибе жетекшілеріне тәжірибені ұйымдастыру мен өткізуде әдістемелік көмек көрсетуге.

  • Тәжірибені өту кезінде студенттермен болған жазатайым оқиғаларды тергеу және есепке алуды бақылауға алуға.

  • Ұйымға, талаптарына сәйкес, кадрларды таңдауға және даярлауға.

  • Ұйым қызметкерлерін Колледждің лицензияланған мамандықтары бойынша келісім негізінде, егер мемлекеттік оқу грантын алу жағдайында бюджет қаражатынан оқытуға.

  • Ұйым ұсынған қызметкерлерді оқыту жұмысына және Колледж студенттерінің дипломдық жобаларына жетекшілікке тартуға, диплом жобаларын қорғауға шақыруға.

  • Колледжде келісілген тақырыптар, бағдарламалар және құны бойынша Ұйым қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын өткізуге.

  • Ұйымға өндірістік сипаттағы мәселелер бойынша кеңес беруге.

  • Ұйым өзінің ең қиын өндірістік мәселелерін шешуге колледждің ғылыми әлеуетін тарта алады. Осы қызметтердің шарттары қосымша келісіммен ресімделеді.




  • Ұйым міндеттенеді

  • Колледжге, қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспарға сәйкес студенттердің өндірістік тәжірибесін өткізуге орындарды ұсынуға.

  • Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінде өндірістік тәжірибеге жетекшілік үшін білікті мамандарды тағайындауға.

  • Студенттерге әр жұмыс орнында қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге. Ұйымда тәжірибе өту кезінде студенттермен болған жазатайым оқиғаларды Тәжірибеде жазатайым оқиғаларды тергеу және есепке алу туралы Ережеге сәйкес тергеуге және есепке алуға.

  • Студенттерге өндірістік тәжірибенің бағдарламасын орындау үшін жағдайлар жасауға. Тәжірибе бағдарламасымен қарастырылмаған және студент мамандығына қатысы жоқ жұмысқа студент-тәжірибе алушыларды рұқсат бермеуге.

  • Өндірістік тәжірибе бағдарламасы және өту графигіне сәйкес тәжірибе алушыны жалпы Ұйыммен және түрлі қызметтер қызметкерлерінің негізгі міндеттерімен таныстыру мақсатымен жұмыс орындары бойынша көшуін жүзеге асыруға.

  • Студенттермен өндірістік тәжірибе бағдарламасын орындауын қамтамасыз етуге.

  • Студент-тәжірибе алушыларға өндірістік тәжірибе туралы есеп құрастыруға көмектесуге.

  • Өндірістік тәжірибенің аяқталуынан кейін әр студент-тәжірибе алушы туралы мінездеме беруге.

  • Студенттермен қауіпсіздік техникасын және ішкі еңбек тәртібін бұзуы туралы Колледжге хабарлауға.

  • Тәжірибе алушылардың құқықтары мен міндеттері

  • Тәжірибе алушы міндеттенеді:

Тәжірибе бағдарламасымен қарастырылған барлық тапсырмаларды орындауға, тәжірибе күнделігін жүргізуге.

  • Ұйымның құрылымдық бөлімшесіндегі қолданыстағы ішкі еңбек тәртібі ережелеріне бағынуға.

  • еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өндірістік санитария ережелерін зерттеуге және қатаң сақтауға;

  • Ұйым бөлімінің басшылығы және Колледж тапсырмасымен рационализаторлық, өнертабыстық және операциялық жұмысқа қатысуға.

  • Колледжден практика жетекшісіне барлық тапсырмаларды орындау туралы жазбаша есепті және Ұйымның құрылымдық бөлімшесінен тәжірибе жетекшісі қол қойған тәжірибе күнделігін тапсыруға

  • Тәжірибе алушы құқылы:

  • Тәжірибе бағдарламасымен қарастырылмаған жұмыстарға қатыспауға;

  • Бос орын болғанда мамандық бейіні бойынша төленетін қызметке қабылдануға;




  • Тараптардың жауаптылығы және дауларды шешу тәртібі

  • тараптар осы Шарт бойынша міндеттерін орындамаған және/немесе дұрыс орындамаған жағдайда, ҚР қолданыстағы заңнамасына, "Студенттердің кәсіби тәжірибесі туралы ережеге" және қолданыстағы Техника қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес жауап береді.

  • Тәжірибе алушы өндірістік тәжірибені өту кезінде Ұйымға материалдық зиян келтірген жағдайда, келтірілген зиянды өтеу бойынша өз бетінше жауап береді.

  • Тараптар конфиденциалды ақпаратты коммерциялық мақсатта пайдалануға және жарияламауға міндеттенеді.

  • Ерекше шарттар:______________________________________________________________________




  • Осы Шарт бойынша туындаған барлық даулар келіссөз арқылы шешіледі. Келісімге келмеген жағдайда, даулар ҚР қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіпте шешіледі.

  • Шарт «_____» __________________ 20_____ж. бастап күшіне енеді және «____»________________20_____ ж. дейін қолданыста.

  • Тараптардың заңды мекенжайы:

Колледж: Кәсіпорын:

140003 Павлодар қ., _________________________________________

Ломов көш. 45. тел/факс 345339 _________________________________________

БЖК HSBKKZKX, Кбе 17 ______________________________________

ЖСК КZ906010241000017963 ______________________________________

«Қазақстан Халық банкі» АҚ __________________________________________

БСН 011240001554 ______________________________________

СТН 451500024331 _____________________________________

ИнЕУ колледжінің директоры: Жетекші:________________________ Ш.А. Таженов __________________________________________

(қолы, мөр) (қолы, мөр)