Главная страница

Инеук – сенің болашақҚа басқан қадамың college ineu edu kz


Скачать 269.31 Kb.
НазваниеИнеук – сенің болашақҚа басқан қадамың college ineu edu kz
Дата23.05.2019
Размер269.31 Kb.
ТипДокументы




ИнЕУК – СЕНІҢ БОЛАШАҚҚА БАСҚАН ҚАДАМЫҢ


college.ineu.edu.kz



ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЕУРАЗИЯ

УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ


Студенттің жол сілтеушісі

Павлодар, 2014


ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР:

Таженов Ш.А.— Инновациялық Еуразия Университеті колледжінің директоры, ҚР білім беру ісінің үздігі, география магистрі;

Аммас И.В.— инновациялық қызмет жөніндегі директордың орынбасары, жоғары санатты оқытушы;

Кармишина Л.В.— колледждің екінші санатты оқытушысы

Жол сілтеуші Инновациялық Еуразия университеті колледжінің құрылымы, ішкі тәртіп ережесі, оқу ақысын төлеу механизмі, кітапхана мүмкіндіктерін қолдану ережесі туралы жалпы мәліметтерді қамтиды.
Анықтамада оқу үдерісін ұйымдастыруға түсініктеме ұсынылға, аралық аттестаттау мен емтихан сессиялары бойынша негізгі талаптар, студенттерді ауыстыру, шығару, қайта қабылдау механизмі және т.б. берілген.

Анықтама-жол сілтеуші Инновациялық Еуразия университеті колледжінің студенттеріне арналған.

ИнЕУ колледжінің миссиясы

«Мемлекет пен аймақтың тұрақты дамуына ықпал ету мақсатында үздіксіз білім беру және инновацияны дамыту арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлау»

Колледжді заманауи бәсекеге қабілетті деңгейге көтерудің стратегиялық мақсаты: «Колледждің білім беру жүйесін қоғам сұранысына және Павлодар аймағының индустриалдық-инновациялық экономикасының дамуына сәйкес жетілдіру, әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану» болып табылады.

Стратегиялық мақсатты жүзеге асыру үшін колледж ұжымынан келесі міндеттерді орындау талап етіледі:

- еңбек нарығын зерттеу негізінде тиімді білім беру бағдарламалар құрамын анықтау;

- білім берудің мазмұнын жаңарту;

- колледждің оқу, оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын жетілдіру;

- колледждің оқу-тәрбие, өндірістік және инновациялық қызметі мониторингісінің бағытын кеңейту;

- білім беру, өндіріс және қоғам талабының интеграциясы;

- инженерлік-педагогикалық кадрлар даярлау деңгейін арттыру және кадрлық құрамды жетілдіру;

- колледж қызметін қаржылық қамтамасыз етуді жетілдіру;

- ИнЕУК білім беру сапасын басқаруды жүйелендіру және колледжді институционалдық аккредиттеуге дайындау;

- колледждің білім беру порталын қолдана отырып, экономикалық мамандықтардың оқу бағдарламаларына қашықтықтан оқыту технологиясын енгізу;

- білім бағдарламаларын жүзеге асыратын барлық техникалық мамандықтарды дуалдық оқыту түріне ауыстыру;

-колледждің инновациялық қызметін кеңейтуге арналған жағдайларды қамтамасыз ететін ИнЕУК ақпараттық құрылымы мен материалдық базасын дамыту.


Құрметті студеттер!

Сіздер жоғары білім жүйесіндегі ауқымды өзгерістермен және еліміздің жаңарып жатқан үдерісімен бірге жетіліп, өзгеріп және өсіп келе жатқан оқу мекемесін таңдадыңыздар.

Сіздердің білім алуларыңызға тиімді жағдай жасау үшін, басшылық үнемі колледждің материалдық-техникалық базасын жетілдіріп отырады.

Оқу үдерісінде білім беруге арналған техникалық құралдар кең түрде пайдаланылады.

Сабақтарда студеттерге техникалық құралдарды пайдалана отырып, слайд-фильмдер, бейнефильмдер, оқыту бағдарламаларын, тестілеу бағдарламаларын қолданады.

Оқытушылардың шығармашылық әлеуеті мен оқу мекемесінің материалдық-техникалық базасы білім беру қызметінің аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бұл оқу мекемесі мәртебесінің өсуіне жасалған кейбір қадамдар болып табылады. Сонымен қатар алдымызға қойып отырған басты міндеттеріміздің бірі колледждің ғылыми потенциалын ұлғайту болып келеді. Осыған орай оқытушылар мен студенттердің ғылыми қоғамы құрылды. Оның міндеті – интеллектуалдық еңбекке икемділігі аясында өз ойын білдіруге және өзін жетілдіруге ынтасы бар дарынды, қабілетті студенттерді жалпы ғылыми қызығушылықтары негізінде біріктіру.

Біз студенттерді өздерінің зерттеушілік қабілеттерін белсенді түрде көрсетуге, өзіне ғылыми конференциялар мен олимпиадалар әлемін ашуға шақырамыз.

Сіздер ғылыми зерттеулер жүргізіп, конференцияларға және олимпиадаларға қатыса отырып, Қазақстанның, сонымен қатар әлемдік ғылыми қауымдастықтың бірі боласыздар.

Таженов Ш.А.

Инновациялық Еуразия университеті

колледжінің директоры

Инновациялық Еуразия университетінің

колледжі

ИнЕУ колледжі 1991 жылы, үшінші мыңжылдыққа қадам басқалы тұрғанда, бүкіл әлем үздіксіз кәсіптік білім беру туралы айтып, «Білім бүкіл өміріңізге» деген ұстанымды «Білім бүкіл өміріңіз арқылы» қағидасы ауыстырғанда құрылды.

Колледж тарихының жылнамасы, үздіксіз кәсіптік білім беру кешенінің бір баспалдағы болған және бүгінгі күні Қазақстанның жетекші ЖОО-ның бірі болып табылатын Инновациялық Еуразия университетінің құрамында болған кездегі беттерден басталады.

Колледж 2002 жылы заңды түрде дербестік алды және өткен жылдарға қарағанда Павлодар облысындағы студенттерінің саны көп, көп сатылы және көп салалы білім беру мекемесі болды.

Инновациялық Еуразия университетінің колледжі 19 мамандық бойынша мамандар даярлайды. Колледжде күндізгі және сырттай, мемлекеттік және орыс тілінде 2000 аса білім алушылар оқитын 6 бөлім бар. Колледжде жеңілдік ұсынатын тиімді жүйе, бюджеттік орындар бар.

Колледж «Инновациялық Еуразия университеті» Білім беру Мекемелерінің Ассоциациасына енеді. Студенттерді колледжде сапалы даярлау деңгейін арттыру үшін университет білім беру үдерісіне оқу алаңдарын (аудиториялар мен зертханалар), колледждегі топтарға жекелеген сабақтар өткізу үшін біліктілігі жоғары оқытушыларды сонымен қатар,оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық базаны пайдалану мүмкіндігін ұсынады. Колледж студенттері ғалымдардың жетекшілігімен университеттің студенттік ғылыми қоғамына енеді, университетте өтетін ғылыми іс-шараларға (конференциялар, семинарлар, «ИнЕУ хабаршысы» ғылыми журналына мақала жариялау) қатысады.

Республика мен аймақтың талаптарына сәйкес колледжде техникалық мамандықтар табысты дамуда: құрылыс, энергетика, жылу энергетикасы, көлік, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, азық-түлік өнімдерінің технологиясы.

Колледж гуманитарлық-педагогикалық және экономикалық бағыттар бойынша да мамандар даярлайды.

Колледжде педагогтар мен студенттер арасында сыйластық, түсіністік, мейірімділік сияқты қасиеттер жақсы қалыптасқан. Колледжде оқу кабинеттері, зертханалар, ғылыми кітапхана, анықтамалық-ақпараттық қызмет, спорт залдары, жайлы кафе-асхана бар.

Білім беру мекемесінің мамандар даярлаудағы серіктестері аймақтың ірі кәсіпорындары «Қазақстан алюминиі», «Қазақстан электролиз зауыты», «Кастинг» ЖШС, сонымен қатар, білім беру, қаржы, банк мекемелері, заң құрылымдары болып табылады. ИнЕУ колледжі Павлодар, Екібастұз қалаларының және облыс аудандарының еңбекпен қамту орталықтарымен тығыз қарым-қатынас жасайды.

Колледж түлектері оқуын жалғастыру үшін туыстас мамандықтарға, оқудың қысқартылған түрі бойынша жеңілдікпен университетке қабылданады.


ИнЕУ колледжінің басшылығы
Таженов Шалкарбай Амиржанович –колледж директоры, география магистрі, ҚР білім беру ісінің үздігі

Мекенжайы: Павлодар қ., Ломов көш. 45/2

Телефон: 65-07-95, 34-53-39 (ішкі 222)

E-mail: kineupavlodar@yandex.kz




Ташекенова Армангуль Умаровна – оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары

Мекенжайы: Павлодар қ., Ломов көш. 45/2

Телефон: 34-53-39 (ішкі 244)

E-mail: kineupavlodar@yandex.kz




Елубаева Кунсулу Петровна оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі директордың орынбасары

Мекенжайы: Павлодар қ., Ломов көш. 45/2

Телефон: 34-53-39 (ішкі 230)

E-mail: kineupavlodar@yandex.kz





Исабеков Тлеубек Темкешович – оқу-өндіріс жұмыстары жөніндегі директордың орынбасары

Мекенжайы: Павлодар қ., Ломов көш. 45/2

Телефон: 34-53-39 (ішкі 239)

E-mail: kineupavlodar@yandex.kz




Аммас Ирина Валерьевна инновациялық қызмет жөніндегі директордың орынбасары

Мекенжайы: Павлодар қ., Ломов көш. 45/2

Телефон: 34-53-39 (ішкі 214)

E-mail: kineupavlodar@yandex.kz



ИнЕУ колледжінің бөлімдері туралы жалпы ақпарат


Энергетикалық бөлім

Жусупова Зауреш Гайнулловнаэнергетикалық бөлім меңгерушісі, жоғары санатты оқытушы

Мекенжайы: Павлодар қ., Ломов көш. 45/1, № 406 каб.

Телефон: 8(7182)34-53-39 (ішкі 236)


Бөлімде келесі мамандықтар бойынша даярлық жүргізіледі:

0901000 «Электр станциялары мен желілердің электржабдығы» (түрлері бойынша)

0902000 «Электрмен қамтамасыздандыру» (салалар бойынша)

0906000 «Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары»

0911000 «Электрлік және электр механикалық жабдықты техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу» (түрлері бойынша)


Экономикалық бөлім

Нуркина Майра Каиржановна экономикалық бөлім меңгерушісі, жоғары санатты оқытушы

Мекенжайы: Павлодар қ., Ломов көш. 45/2, № 407 каб.

Телефон: 8(7182)34-53-39 (ішкі 242)




Бөлімде келесі мамандықтар бойынша даярлық жүргізіледі:

0515000 «Менеджмент»

0516000 «Қаржы (салалар бойынша)

0518000 «Есеп және аудит» (салалар бойынша)






Ақпараттық технологиялар бөлімі

Кунц Светлана Аркадьевнаақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты оқытушы

Мекенжайы: Павлодар қ., Ломов көш. 45/2, № 311 каб.

Телефон: 8(7182)34-53-39 (ішкі 231)



Бөлімде келесі мамандықтар бойынша даярлық жүргізіледі:

1304000 «Есептеу техникалары және бағдарламамен қамтамасыз ету»

1305000 «Ақпараттық жүйелер» (қолдану салалары бойынша)

1226000 «Азық-түлік кәсіпорындардың өндірісін ұйымдастыру мен технологиясы»

Гуманитарлық бөлім

Апаева Жанна Каирбековна гуманитарлық бөлім меңгерушісі, жоғары санатты оқытушы

Мекенжайы: Павлодар қ., Ломов көш. 45/2, № 316 каб.

Телефон: 8(7182)34-53-39 (ішкі 232)




Бөлімде келесі мамандықтар бойынша даярлық жүргізіледі:

0103000 «Дене шынықтыру және спорт»

0105000 «Бастауыш білім» (бастауыш білім берудің информатика мұғалімі)

0105000 «Бастауыш білім» (шетел тілі мұғалімі)

0111000 «Негізгі орта білім» (қазақ тілі және әдебиет мұғалімі)

0512000 «Аударма ісі»


Политехникалық бөлім

Дашзэвэг Дарийга Далелхановнаполитехникалық бөлім меңгерушісі, бірінші санатты оқытушы

Мекенжайы: Павлодар қ., Ломов көш. 45/2, № 307 каб.

Телефон: 8(7182)34-53-39 (ішкі 237)






Бөлімде келесі мамандықтар бойынша даярлық жүргізіледі:

0402000 «Дизайн» (профиль бойынша)

0601000 «Стандарттау, метрология және сертификаттау»

1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

1401000 «Үйлер мен ғимараттар құрылысын салу және пайдалану»

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ

КОЛЛЕДЖІ СТУДЕНТІНІҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ
Мен, Инновациялық Еуразия университеті колледжінің студентімін, Колледждің біліктілігі жоғары, адамгершілігі мол мамандар даярлау бойынша миссиясын жүзеге асырудағы өзімнің жауапкершілігімді түсіне отырып, корпоративтік мәдениетті, студенттік қоғамды қолдауды және дамытуды, жетекші білім беру мекемесі мен Қазақстанның кәсіби кадрларын даярлау орталығы ретінде ИнЕУ Колледжінің имиджін сақтауды парызым деп есептей отырып, ИнЕУ колледжі студентінің ар-намыс Кодексін қабылдаймын және оны мінсіз орындауды міндетім деп танимын.

1 бап. ҚР заңнамасын, ИнЕУК Жарғысын, ішкі тәртіп ережесін және Колледждің нормативтік актілерін сақтау.

2 бап. Студенттік қауымдастықта өзара сыйластық пен сенімді, жоғары академиялық мәдениетті қолдауға көңіл бөлу. Кез келген түсінбеушілікті дұрыс шешуге тырысу және басқа студенттерге әлімжеттік көрсетуге жол бермеу.

3 бап. Оқу үдерісінде әділетсіздік, адамгершілікке жат қасиеттер, немқұрайлылық болмау керектігін ескере отырып, оқыту мен білімді бақылаудың барлық түрлеріне жауапкершілікпен қарау.

4 бап. Оқытушыларға, қызметкерлерге, Колледж әкімшілігінің өкілдеріне мейірімділік таныту, оларды тегімен атауға жол бермеу және дөрекілік көрсетпеу.

5 бап. Колледж мәртебесіне немесе студенттік қауымдастықтың беделіне нұқсан келтіретін іс әрекеттен аулақ болу.

6 бап. Әр түрлі зиянды қылықтардан бас тарту.

7 бап. Колледждің мүлкін сақтауға ниет білдіру және вандализмге жол бермеу.

8 бап. Сыртқы киім үлгісі этикалық нормаларға сай болуы қажет және оқытушылардың немесе студенттердің көңілін аудармауы, сабаққа кедергі келтірмеуі керек.





«ИнЕУ колледжіндегі ішкі тәртіп ережелерінен» көшірме

Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Заңнамасымен және Колледж Жарғысымен белгіленеді.

Студенттердің құқықтары:

1. Колледжбен келісе отырып, ҚР заңнамасымен бекітілген талапқа және шарттарға сәйкес техникалық және кәсіптік білім маманын даярлау бойынша шарт жасасуға, өзгертуге және бұзуға;

2. білім беру мекемесі айқындаған талаптарға сәйкес бір оқу бағдарламасынан және оқу түрінен басқасына ауысуға;

3. кітапханалық-ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға;

4. өз ойын еркін жеткізуге және дәлелдеуге, өз жұмыстарын баспаға ұсынуға.

Білім беру бағдарламаларын тиімді меңгеруді қамтамасыз ету мақсатында колледж студенттері міндетті:

1. сабақтардың кестесін және өтетін орнын білуге;

2. сабаққа белгіленген уақыттан қалмай келуге. Сабаққа келмеудің себептері болуы керек, мәселен ауырып қалса медициналық анықтама құжатымен расталу қажет және оқу бөлімі себепті деп таныған басқа да себептер болуы мүмкін;

3. техника және өрт қауіпсіздігі Ережесін, еңбекті қорғау Ережесін қатаң сақтауға;

4. Колледж құрылымдық бөлімшелерінің қызметін қолдану Ережесін қатаң сақтауға (кітапхана, компьютер сыныптары, спорт залдары, асхана);

5. білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарына сәйкес қарастырылған барлық тапсырма түрлерін белгіленген уақытында орындауға, аралық аттестаттаудан өтуге және басқа бақылау түрлерін уақытында тапсыруға;

6. колледж өткізетін мәдени-көпшілік іс-шараларға және қоғамдық-пайдалы еңбекке белсенді қатысуға;

7. колледж мүлкіне зиян келтірген жағдайда қолданыстағы Заңнама нормаларына сәйкес материалдық жауапкершілікті тануға;

8. жасалған шарт талаптарына сәйкес оқудың ақысын төлеуге;

9. оқытушылар мен әкімшілік аудиторияға кірген уақытта орнынан тұруға;

10. оқу мекемесіне кірген кезде рұқсат құжатын ұсынуға.

Колледж студенттеріне тыйым салынады:

1. сабақ барысында оқытушының рұқсатынсыз оқу аудиториясына кіруге және аудиториядан шығуға;

2. Колледж ғимаратында және аумағында шылым шегуге, алкогольдік, нашақорлық заттарды қолдануға және сатуға;

3. Колледждің ішінде және басқа да ғимараттарында, оқу аудиторияларында қоқыс тастауға;

4. Колледждің ішінде бас киіммен және сыртқы киіммен жүруге (жаман сөздерді пайдалануға);

5. қоғамдық тәртіпті және рұқсатпен кіру ережесін бұзуға;

6. Санитария және гигиена нормаларын, мүлік пен жасыл желекті бұзуға;

7. Колледж әкімшілігінің рұқсатынсыз әр түрлі құрал-жабдықтарды зертханадан, оқу аудиторияларынан және басқа да кабинеттерден шығаруға;

8. Сабақ кезінде ұялы (мобильді) телефонды қолдануға (калькулятор қызметінен басқасын);

9. Колледж мәртебесіне немесе мүлкіне зиян келтіретін құқыққа қайшы немесе басқа этикалық әрекетке жатпайтын қылықтар жасауға.


Инновациялық Еуразия университетінің колледжіне қайта қабылдау және ауыстыру ережесінен көшірме
Күндізгі және кешкі оқу бөлімінде оқитын студенттердің ауысуы және қайта қабылдануы туралы өтініштерін Колледж директоры жазғы және қысқы демалыс уақытында, бес жұмыс күні мерзімінде, кезекті академиялық кезең басталғанға дейін қарастырады. Сырттай бөлім студенттерінің ауысу және қайта қабылдану туралы өтініштерін Колледж директоры білім мекемесі қабылдайтын кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бір ай мерзімнен кешіктірмей қарастырады.

Студенттерді ауыстыру және қайта қабылдау кезінде жұмыс оқу жоспарындағы пәндер бойынша, өткен академиялық кезеңнің академиялық айырмашылығы анықталады.

Жұмыс оқу жоспарындағы пәндер бойынша академиялық айырмашылықты, қабылдайтын оқу мекемесі, оқуды аяқтамаған тұлғаларға берілген анықтамада немесе транскрипте (әрі қарай - анықтама) көрсетілген оқыған пәндерінің тізімі, бағдарламалары және академиялық сағат көлемі немесе кредиті негізінде анықтайды.

Шет ел ұйымдарының студенттерін ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде оқу бағдарламасын меңгергені туралы құжат (академиялық анықтама, транскрипт), сонымен қатар белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасында нострификациялаудан өтуді талап ететін аяқтаған білім деңгейі бойынша құжат ұсынылады.

Жұмыс оқу жоспарындағы пәндер бойынша академиялық айырмашылықты тапсыру үшін студент академиялық кезеңдегі барлық сабақтарға қатысады, ағымдағы барлық бақылау түрін тапсырады, қорытынды бақылауға рұқсат алады және осы пәндерге жазылады.

Жұмыс оқу жоспарындағы пәндер бойынша академиялық айырмашылық белгіленген уақытында тапсырылмаса, кейін академиялық қарыз болып есептеледі.

Колледжде бір мамандықтан немесе белгілі бір оқу түрінен басқасына ауысу колледж директорының бұйрығымен жүзеге асырылады.

Егер студент колледжбен білім беру қызметін көрсету туралы (әрі қарай - шарт) жеке шарт жасасса, оның басқа оқу мекемесіне немесе бір мамандықтан басқа мамандыққа ауысуы кезінде шарт өзгертілуі немесе бұзылуы керек.

Бірінші курс студентін бірінші семестр аяқталғаннан кейін туыстас мамандыққа ауыстыруға болады.

Басқа оқу мекемесіне ауысқысы келетін студент оқып жатқан мекеме директорының атына өз еркімен ауысу туралы жазбаша өтініш береді және ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша рұқсат алғаннан кейін қызығушылық танытқан оқу мекемесінің басшысына барады. Қабылдайтын оқу мекемесі басшысының атына, ауысу туралы жазылған өтінішпен бірге Колледж директорының қолымен куәландырылған студенттің сынақ кітапшасының көшірмесі (немесе үлгерім кітапшасы) берілуі керек.

Ауысу туралы мәселені шешу барысында студентті қабылдайтын оқу мекемесінің басшысы сабаққа қатысуына, оқу жоспарындағы айырмашылықты тапсыруына рұқсат беру туралы бұйрық шығарады, бұрын оқыған оқу мекемесіне жеке ісін жіберу туралы жазбаша сұраныс береді.

Оқу мекемесінің студенттері қатарына қабылдау туралы бұйрық бұрын оқыған оқу мекемесінен жеке ісін алынған соң шығарылады.

Бұрын оқу мекемелерінде оқыған тұлғалар бұрынғы немесе басқа оқу мекемесіне оқуға қайта қабылдана алады. Студенттің қайта қабылдануының міндетті шарты бір семестрді аяқтауы керек және қайта қабылдау туралы мәселе оның жеке өтініші негізінде қарастырылады. Студенттер бірінші курсқа бірінші семестр аяқталған соң сәйкес немесе туыстас мамандыққа қайта қабылдана алады.

Оқудың төлемақысын семестр бойы төлемей оқудан шығарылған ақылы негізде оқитындар, қарыздарын төлеген жағдайда шығарылған күннен бастап төрт апта мерзімде қайта қабылдануға құқылы, осыған орай студент қарызын төлегені туралы құжатты ұсынған кезде Колледж үш жұмыс күні мерзімінде қайта қабылдайды.

Бұрын басқа білім беру мекемесінде оқыған білім алушыларды қайта қабылдау келесі жағдайда жүзеге асырылады: курс және мамандық бойынша тиісті оқу топтары болса; оқуын аяқтамаған тұлғаларға берілген жұмыс оқу жоспары бойынша оқу пәндерінің тізімі бар Анықтамада көрсетілген оқу пәндерінің айырмашылықтары қабылдайтын оқу ұйымымен салыстырғанда төрт оқу пәнінен көп болмаған жағдайда.

Жұмыс оқу жоспарының пәндері мен оқу сағаттарының айырмашылығын Колледждегі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары белгілейді. Оқу жоспарының айырмашылығын тапсыру мерзімі мен реті директордың бұйрығымен бекітіледі.

Бұрын оқыған білім алушы басқа білім беру мекемесіне қайта қабылданса, бұрын оқыған оқу мекемесінің басшысы қабылдаған жақтың жазбаса сұранысы негізінде студенттің жеке ісін жібереді, ал өзінде Анықтаманың көшірмесін, сынақ кітапшасын және жіберілетін құжаттардың тізімін қалтырады.

Бұрын оқыған білім алушы қайта қабылдануы үшін Колледж директорының атына өз оқуын жалғастырғысы келетіні туралы өтініш жазады, осыған орай қайта қабылдау туралы өтінішке қосып Анықтама ұсынады.

Колледж ұсынылған Анықтаманың негізінде, қайта қабылдану туралы өтінішті, берген уақытынан бастап екі аптаның ішінде курсын және пәндер бойынша айырмашылықтарын анықтап, қарастыруы керек.






Шәкіртақымен қамтамасыз ету

Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттерге, білім беру мекемелерінде оқитын жекелеген категорияларға мемлекеттік шәкіртақы төлеу туралы Ережелерге сәйкес (ҚР БжҒМ 17.02.2008ж. бекітілген №116 және 18.07.2011ж. №815 бұйрықтары) белгілі мөлшерде (ағымдағы жыл шәкіртақысының мөлшері ҚР «Бюджет туралы» Заңына сәйкес өзгеруі мүмкін) ай сайын төленетін мемлекеттік шәкіртақы тағайындалады. Мемлекеттік білім беру гранты бойынша түскен бірінші (екінші) курс студенттеріне, бірінші семестрде мемлекеттік шәкіртақы тағайындалады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттердің келесі оқу семестріне шәкіртақы, өткен емтихан сессиясының қорытындысы бойынша тағайындалады және төленеді. Шәкіртақыны мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын, емтихан сессиясының нәтижесі мен білімді бақылау түрлерінің барлығы бойынша «жақсы», «үздік» баға алған, үлгерімі жақсы студенттерге тағайындайды және емтихан сессиясы өткен соң келесі айдың бірінші күнінен бастап, ай сайын төленеді.

Оқу төлемақысының тәртібі
Оқудың төлемақысын екі жолмен жүзеге асыруға болады:

Оқу жылына ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін 100% көлемде алдын ала төлеу.

Оқу жылының бойында ай сайын әрбір айдың 1-не дейін жылдық құнының 10% кем емес көлемде бөліп төлеуге болады. Осыған орай, оқу семестрінің төлемақысы әр сессия басталғанға дейін, жылдық құнының жартысы көлемінде төленуі керек, бітіруші топтың студенттері екінші сессия және (немесе) дипломалды немесе басқа кәсіптік практика басталғанға дейін толық төлеуі қажет.

Бірінші және соңғы оқу курсының төлемақысы Университет кассасына М.Горький көш. 102/4 мекенжайы бойынша 224 каб. сағ. 9.00 бастап 16.00 дейін ақшалай қаражатты төлеу арқылы жүзеге асырылады. Басқа курс төлемақыларын ИнЕУ есеп шотына БТА Банкі, Цесна Банк, Темір Банк, Казпоштаның төлем терминалдары мен барлық бөлімшелері арқылы аударуға болады.
Инновациялық Еуразия университетінің Колледжі келесі жеңілдіктерді ұсынады:

 Орташа балл бойынша жеңілдік – 15 % дейін

 Отбасылық жеңілдік – 20 % дейін

 Үздік оқуы үшін жеңілдік – 12 % дейін

 Қызметкерлер мен олардың балалары үшін – 50 % дейін

 Жетекші спортшылар үшін – 12 % дейін

 Университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін – 50 % дейін

 кәсіптік бағдар беру жұмысына белсенді қатысқаны үшін – ТЕГІН оқығысы келетіндерге!!!

ИнЕУ колледжінің түлектері Инновациялық Еуразия университетіне түссе, 25 % дейін жеңілдік беріледі.

Студенттік кадрлар бөлімі (СКБ)

Студенттік кадрлар бөлімінің негізгі міндеті студенттік кадрлар бойынша қалыптасқан құжаттаманы жүргізуді және ресімдеуді бақылау болып табылады.

Студенттік кадрлар бөлімінің функциялары:

- студенттік кадрлар бойынша қалыптасқан құжаттаманы жүргізу;

- студенттік кадрлар бөлімінде сақтау үшін жаңа қабылданған студенттердің жеке істерін қабылдау;

- дипломдарды нострификациялау және растау үшін анықтама беру;

- студенттердің жеке істерін жіберу бойынша Қазақстанның басқа колледждерінен келген сұраныстарға құжаттарды дайындау;

- бұрын алған білімі бойынша анықтама беру;

- жеке іс мұрағатын жүргізу және белгіленген сақтау уақыты өткен құжаттарды колледждің мұрағатына тапсыруға дайындау.
Жұмыс кестесі: Дс-Жм 9.00 – 17.00 дейін, түскі үзіліс 13.00 – 14.00 дейін

Сн 9.00 – 14.00 дейін

Мекенжайы: Павлодар қ. М.Горький көш. 102/4, №208 каб.

Телефон: (87182) 57-17-67 (ішкі 109)

Әскери-мобилизациялық бөлім (ӘМБ)

Әскери-мобилизациялық бөлім жүзеге асырады:

- әскери комиссариаттарға бекітілген үлгі бойынша құжаттар ұсынады;

- әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың отбасылық жағдайы, мекенжайы, тұратын орны, қызмет жағдайы, білімі бойынша өзгерістерін жүйелі түрде есепке алады және әскери комиссариатка хабарлайды.

- колледжде бекітілген ережелер мен талаптар бойынша әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың есебін жүргізеді және ұйымдастырады.

- әскери міндеттілерді білімі бойынша брондауды уақытында жүзеге асырады;

- шақыруға дейінгі жасөспірімдер тізімін ұсынады және оларды әскери комиссариатта тіркеуді ұйымдастырады;

- ИнЕУК қызметкерлерінің, жұмысшыларының және студенттерінің жеке карточкаларын әскери билеттегі жазбалармен салыстырады;

- колледждегі әскери міндеттілер есебін жүргізу және брондау жағдайы бойынша әскери комиссариат пен жоғары тұрған мекемелер тексерістерінің журналын толтырады;

- колледждің негізгі мұрағатына тапсыру үшін студенттердің жеке істерін қалыптастырады.
Жұмыс кестесі: Дс-Жм 9.00 – 17.00 дейін, түскі үзіліс 13.00 – 14.00 дейін

Сн 9.00 – 14.00 дейін

Мекенжайы: Павлодар қ. М.Горький көш. 102/4, №208 каб.

Телефон: (87182) 57-17-67 (ішкі 109)

ИнЕУ ғылыми кітапханасында жұмыс істеу Ережесі
Жалпы ереже.
1. Кітапхана оқырмандарға кітапханада бар кітаптарды және ақпарат көздерін уақытша пайдалануға беруді жүзеге асырады

2. Колледждің оқытушылар құрамының, студенттер мен бөлімшелер қызметкерлерінің ИнЕУ кітапханасын тегін қолдануға құқығы бар

3. Оқырмандарды кітапханаға жазу колледжде оқитынын немесе жұмыс істейтінін куәландыратын құжат бойынша жүзеге асырылады: студенттер үшін – студенттік билет, оқытушылар үшін – кадр бөлімінен анықтама

4. Оқырманға кітапханада жұмыс істеу құқығын беретін оқырман билеті табыс етіледі, абонементте оқырман формуляры толтырылады.

5. Оқырман билетінің мерзімі 1 жыл. Жыл сайын (оқу жылы басталғанға дейін) кітапхана қызметкерлері оқырмандарға тіркелген барлық әдебиеттерді көрсете отырып, қайта тіркейді.

6. Оқырман билеті кітапхана қызметін пайдалануға құқық беретін жалғыз құжат

7. Кітапханадан кітап алуы үшін оқырман билетін басқа тұлғаға беруге рұқсат етілмейді. Оқырман билетін жоғалтқаны үшін 500 теңге айып төлейді және оқырман 1 ай кітапханада жұмыс істеу құқығынан айырылады.

8. Оқырман барлық өзгерістер туралы Т.А.Ә., жұмыс орны, оқуы, тұратын жері, телефон нөмірі ауысқан жағдайда кітапханаға хабарлау керек.

9. Оқырман колледжден кеткен кезде алған кітаптарын, оқырман билетін кітапханаға қайтарады және кету қағазына қол қойғызады.

10. Оқырмандарға абонементте және оқу залдарында қызмет көрсетіледі. Кітапханада жалғыз данасы бар энциклопедиялар, анықтамалар, сөздіктер, диссертациялар, сирек және құнды басылымдар оқу залында жұмыс істеу үшін ғана беріледі.

11. Оқырман абонементте және оқу залында әдебиетке сұраныс берген жағдайда талаптарын толтырады және оқырман билетін ұсынады.

12. Кітапхана ережесін бұзған және зиян келтірген оқырман қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік және материалдық жауапкершілікке тартылады.

13. Басылымдарды жоғалтып алған немесе қасақана бүлдірген оқырмандар 3 күннің ішінде сондай немесе бағасы мен мазмұны сәйкес кітапқа ауыстырады немесе басылымның нарықтағы нақты бағасын төлейді.

Кітапханада жұмыс істеу ережесі.
1.Абонементтегі әдебиет үйге келесі мерзімге беріледі:
- оқу және оқу-әдістемелік әдебиет – 1 айға

- ғылыми және арнайы – 15 күнге

- көркем әдебиет – 10 күнге.

2. Егер сұраныс болмаса, басылымды қолдану мерзімі ұзартылуы мүмкін

3. Сирек және құнды басылымдар әрбір нақты жағдайға байланысты, кітапхана бекіткен мерзімге толық кепілзат құны бойынша беріледі.
Оқу залында жұмыс істеу ережесі.

1.Оқу залында кітаптар тек қана оқырман билетімен беріледі

2. Оқырман әрбір басылымның формулярына тобы мен күнін жазып, қолын қояды

3. Оқу залында берілетін кітаптар мен басқа материалдар санына шектеу қойылмайды

4. Оқырманға оқу залындағы кітап 1 түнге «Түнгі абонемент» қосымша қызметі ретінде ғана берілуі мүмкін

5. Оқу залына жеке кітаптармен және журналдармен, басылымдардан алынған материалдармен кіруге болмайды

6. Оқу залынан кітапханашының рұқсатынсыз кітап алып шығуға болмайды
Оқырманның құқықтары мен міндеттері

Оқырман құқылы:

-кітапхана-библиографиялық ресурстардың негізгі түрлерін тегін қолдануға;

- каталог және карточка жүйесі арқылы кітапхана қоры туралы толық нақты ақпарат алуға;
Оқырман міндетті:

- әдебиет алғанда оқырман билетін көрсетуге, талап парақтарын толтыруға және әрбір басылымның кітап формулярына қол қоюға;

- кітаптарға ұқыпты қарауға, қажет болған кезде абонементке тапсырар алдында басылымға жөндеу жасауға;

- кітапханадан алған басылымдарды белгіленген уақытында қайтаруға;

- оқырман билетіне, кітапхана жиһаздары мен құралдарына ұқыпты қарауға;

- кітапхананың ішінде тазалық сақтауға.
3. Оқырманға рұқсат етілмейді:

- кітапханаға сыртқы киіммен келуге;

- оқу залына сөмкелермен кіруге;

- кітапханадағы тәртіп пен тыныштықты бұзуға;

- өз оқырман билетін басқа тұлғаларға беруге немесе әдебиет алу үшін басқаның оқырман билетін қолдануға;

- кітапханадан құжаттарды толтырмай кітап алып шығуға;

- кітапхана басылымдарына зиян келтіруге (оларды сызуға, белгі қоюға, беттерін жыртуға, шеттерін бүктеуге, иллюстрациялар мен сызбаларды калька арқылы белгілеуге);

- карточкалар мен каталогтардан карточкаларды алуға;

- қызметтік орынға, кітап қоймасына рұқсатсыз кіруге;

- оқу залдарында тағам өнімдерін пайдалануға.

Кітапхананың құқығы мен міндеттері.

1.Кітапхана құқылы:
- берілген кітаптарды, баспа шығармаларын және кітапхана қорының басқа материалдарын кітапханаға қайтарудың үнемі бақылауын жүргізу,

- кітапханада жұмыс істеу ережесін бұзған оқырмандарға айып түрлерін, әкімшілік ықпал ету шараларын қодануға;
2. Кітапхана міндетті:
- оқырмандарға барлық ұсынылатын қызмет түрлері бойынша ақпарат беруге;

- ұсынылатын қызмет пен кітапхана қорын насихаттауға, дамытуға және кітапқа деген қызығушылықты ынталандыруға;

- кітапхана қызметін және ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіру, жаңа технологиялар мен қызметтерді енгізу;

- қордағы құжаттарды бекітілген ережеге сәйкес қолдану, сақтау, есебін жүргізу;

- жалпыұлттық, мәдени игіліктің бөлігі болып табылатын қордың сақталуына жауап беру;

- оқырмандардың кітапханада жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасау және қолдау.
Пайдалы ақпарат

1. «Medex» медициналық орталығы
2009 жылғы 6 наурыздағы № 00852DS мемлкеттік лицензия.
Медициналық орталық 2009 жылғы 29 ақпаннан бастап облыс пен қала халқына медициналық қызмет көрсетеді.

Инновациялық Еуразия университетімен бірлесе қызмет көрсету туралы шартқа сәйкес ИнЕУ колледжінің студенттері мен білім алушыларына кейбір қызметтер тегін көрсетіледі.

Олардың арасында:

 терапевттің қабылдауы мен емдеуі,

 вакцинация (прививкалар),

 флюорографиялық тексеруден уақытында өтуді бақылау,

 туберкулезбен және жұқпалы ауырулармен ауырғандармен қарым-қатынас жасаған тұлғаларды бақылау,

 паразиттік ауырулармен ауыратындарды бақылау,

 жаппай-спорттық іс-шараларда медицина қызметкерінің кезекшілік жасауы,

 жедел қызмет көрсету.


Профессорлық-оқытушылар құрамына (жеңілдік жасау тізімі бойынша) зертханалық зерттеуден басқа барлық қызметтер тегін көрсетіледі.

Шағын мамандану дәрігерлерінің қабылдауы (невропатолог, ЛОР, хирург және т.б.) студенттер мен білім алушылар үшін 50 % жеңілдікпен, флюорография 35 % жеңілдікпен жүргіледі.

ИнЕУ және ИнЕУ колледжіне түсетіндерге «Medex» медициналық орталығында мед. тексерістен өту бағасы (50% жеңілдікпен) – 400 тенге
Түлектердің назарына! «Medex» (ф-086у) мед.тексерістен және флюорографиядан 1 күнде өткізеді. Мед.тексеріс бағасы – 790 тенге, флюорография – 380 тенге.
Өзімен бірге болуы қажет:

1. 3х4 фотосурет

2. Жеке куәлік

3. Күндізгі бөлімге түсетіндерге – егу картасы
2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2012 жылғы 31 мамырға дейін ИнЕУ қызметкерлері мен студенттеріне жасалған жеңілдік - 1 миллион тенгеден асты.

«Medex» ұсынатын қызметтердің толық тізімі:

1. Мед.тексерістің барлық түрлері: ГАИ, оқуға (086у), шет елге (082), жұмысқа орналасқанда, жыл сайын өтетін (мерзімді), зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндерге, санминимум мен рұқсат берілген жеке медициналық кітапшалар! (сатушыларға, медициналық мекемелердің қызметкерлеріне, балабақша, монша, шаштараз қызметкерлеріне және т.б. – 1 күнде! Қоғамдық тамақтану кәсіпорны қызметкерлеріне 3-5 күнде.

2. Флюорография нәтижесі сол күні беріледі!

3. Қабылдауды қаланың тәжірибелі дәрігерлері жүргізеді: гинеколог, невропатолог, окулист, кардиолог, ЛОР, аллерголог, эндокринолог, уролог, дерматовенеролог, хирург, онколог, рентгенолог және терапевт.

4. Клинико-биохимиялық зертхана анализдің барлық түрлерін жасайды, сонымен бірге аллергенге сынама алады.

5. Процедуралық кабинет: инъекцияның барлық түрлері, сонымен қоса капельницы (системалар).

6. Функционалдық зерттеулер (ЭКГ)

7. Массаж (классикалық, нүктелік, косметикалық, антицеллюлиттік).

8. Физиоемдеу.

9. Тіс емдеу кабинеті тіс емдеуге қатысты барлық қызметтерді көрсетеді, сонымен қоса ортодонт қызметі (тістеуді түзету, скобалар, брекет–жүйелер және т.б.)
Біздің басымдылықтарымыз: кезектің жоқтығы, дәрігерлер біліктіліктілігінің жоғарылығы, жайдары персонал. Зейнеткерлерге 20% жеңілдік.
Жұмыс кестесі: Дс-Жм 9.00 – 18.00 дейін Түскі үзіліс 13.00 – 14.00 дейін

Сн 9.00 – 13.00 дейін Тіс емдеу кабинеті 22:00 дейін жұмыс істейді

Мекенжайы: Павлодар қ. М.Горький көш. 102/4 (ИнЕУ ғимаратының артынан)

Телефон: 8 (7182) 57-10-84,

ұялы: 87776253760; 87004622057; 87074965749
2. Жүру кестесі

1, 2 корпус Қазақстан 140000 Павлодар, Ломов 45



Автобус маршруттары: 21, 22, 66, 104, 157 ("Пионерская" аялдамасы) 5, 003, 777 ("ИнЕУ"/"Эльдорадо" аялдамасы) 1, 10, 31, 50, 111, 151, 157 ("Затонский рынок" аялдамасы)



Трамвай маршруттары: 1, 2, 4, 5, 6 ("ИнЕУ"/"Эльдорадо" аялдамасы)