Главная страница

Ф-06-001/186 Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих-педагогика факультеті


Скачать 468.78 Kb.
НазваниеФ-06-001/186 Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих-педагогика факультеті
страница1/3
Дата02.04.2016
Размер468.78 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3

Ф-06-001/186

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті

Тарих-педагогика факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы
Мамандықтың пәндер каталогы


МАМАНДЫҚ (6М020300 – Тарих мамандығы)




Пән коды

Пән атауы, кредит саны,

Пререквизиттер, сабақ

түрі бойынша бөлінуі

Модуль (курс) мақсаты, міндеті,

қысқаша мазмұны

Білім алу нәтижесі

(білімі, білігі, дағдылары, құзыреттері)



















1

2

3

4




1 КУРС




1 семестр

МЕМЛЕКЕТТІК МІНДЕТТІ МОДУЛЬ

GTF 1101

Ғылым тарихы мен философиясы

2 кредит/ 3 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

1+1+0

мақсаты:

«Ғылым тарихы мен философиясы» курсы ғылымды арнайы талдау пәні ретінде қарастырады. Ғылымның тарихы мен теориясы туралы түсінік береді, ғылымға философиялық және социологиялық талдау жасайды.

«Ғылымның тарихы мен философиясы» магистранттардың ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырып, аналитикалық қабілетін және ғылыми-зерттеуіс-әрекеті дағдыларын дамытады.

міндеті: Курстық теориялық негіздеріне оқып-үйрену.

Ғылымның отандық, шетелдік методологтарының классикалық еңбектерімен және әдебиеттерімен жұмыс істеуге үйрету.

Магистранттарды өзбетінше жұмыс істеуге,

сыни баға беруге үйрету, өз ойын ай қын да ашық

айта білуге үйрету.

Қысқаша мазмұны: ғылым философиясының негізгі пәні қоғам дамуының түрлі тарихи кезеңдерінде ғылыми білімдерді өндірудің, ақиқаттығын тексеріп, негіздеудің жалпы заңдылықтарын зерттеу болып табылады.

Білімі: Негізгі ғылыми эпистемологиялық моделдерді, рационалдық ұғымын сипатын: танымның ғылымға дейінгі, ғылыми және ғылымнан тыс түрлерімен әдістерін; Әлеуметтік – гуманитарлық білімнің қазіргі кезеңдегі ыңғайларын; ғылыми – зерттеу жұмыстары барысында пайда болатын және терең, кәсіби білімді қажет ететін мәселелерді шеше білулері керек; қажетті зерттеу әдістеріне таңдай білулері қажет.

Білігі: Ғылыми танымдық әлеуметтік – гуманитарлық және жантану білімдерінің методологиясының негізде қазіргі кезеңдегі теория мен практиканың шындықтарын түсініп талдау жасай алу.

Құзыреттері: Болашақ мамандардың бойында тәуелсіз Қазақстан Республикасының болашағын қалыптастыруда ғылымның тарихы мен философиясын дамыту үшін ғылыми білімдерді іске асыру болып табылады.











Ғылыми білімді негіздеудің, дамытудың жалпы заңдылықтарын зерттей отырып, ғылым философиясы қоғам тарихының түрлі кезеңдерінде объективтік ақиқат білімдерге қол жеткізудің рационалдық әдістері мен нормаларын табады. Бұл жерде ғылым тарихшыларының көмегіне сүйене отырып, ғылым дамуының жаңа бағыттарын анықтай алады. Ғылым социологтарының зерттеулері ғылыми білім өндірудің қазіргі нақты әлеуметтік-қоғамдық жағдайлары мен мүмкіндіктерін анықтауға жағдай жасайды.




Psih 103

Психология

3 кредит / 3 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

1+1+0

Модуль мақсаты:

Ойлаудың диалектикалық логикасын қалыптастыра отырып, психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын білуі мен қатар, ғылыми психологиялық ойлау жүйесін дамытудың жолдарын меңгерту.

Модуль міндеті: - психологиялық категориялар мен ұғымдар жүйесін оқытып үйрету.

Қысқаша мазмұны: Психология пәні, әдіс-тәсілдері. Қазіргі психология ғылымы және оның құрылысы мен зерттеу әдістері. Психология пәнінің объективтік шындықпен қатынасы заманауи психологияның сатылары. Психология және басқа да ғылым салалары. Қарым-қатынас. Іс-әрекет психологиясы және өзіндік тану процессі. Жеке тұлға психологиясы. Қабілет. Темперамент. Мінез. Ойлау мен сөйлеу. Қиял. Эмоция және сезім. Мотивация. Ерік.

Білімі: ғылыми психологиялық білімдер негізін қалыптастыру.

Білігі: жалпы психологиялық категориялар мен ұғымдар жүйесін оқытып үйрету.

Құзыреттері: студенттер өздігінен жұмыс істеу кабілеттерін арттырып, қажетті әдебиеттерді оқып үйреніп, өзіндік ептілігі мен білімін көрсетулері керек.


КӘСІПТІК МІНДЕТТІ МОДУЛЬ

OTIMK 1202


Отандық тарихтың іргелі мәселелеріне қазіргі заманғы теориялық-әдіснамалық көзқарас / 3 ECTS Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректануы

1+1+0


Модуль мақсаты:

- тарих мамандығы бойынша магистранттарды тарих ғылымының іргелі мәселелері бойынша әдістемелік және теориялық тұрғыдан мамандандыру және осы мәселелерге байланысты әртүрлі зерттеушілер көзқарастарынан жан-жақты хабардар ету және талдау жасау.

Модуль міндеті:

- Отан тарихының теориялық, әдістемелік негіздерін зерттеу;

- Түрік халықтарының этносаяси тарихына байланысты деректерді талдау;

- Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасқаны туралы пікірлер, олардың негізделуін; Қазақ хандығы, оның құрылуын, даму үрдісін, қазақ мемлекеттілігі тарихындағы рөлін, Қазақ хандарын сайлау процесін, қазақ хандықтарындағы демократиялық үрдістерді зерттеу.

Қысқаша мазмұны: Тарихи құбылыстарды зерттеу қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелердің бірі. Тарихты зерттеуде оқу барысында теориямен қатар принциптер маңызды роль атқарады. Кеңес дәуірінде қолданылып келген партиялық және таптық принциптің теориялық және практикалық маңызы жоқ. Оның орнын объективтік принцип басып отыр. Қазақ хандығының әлсіз, жартылай мемлекеттік құрылым болғаны патша үкіметіне пайдалы болған. Бүгінгі таңда қазақтың заңгері, тарихшы, ғалымдары, қазақ хандығы демократиялық жолмен құрылған өз іс-әрекеттерін демократиялық үрдістерге сүйеніп жүргізген толыққанды монархиялық мемлекет болғанын тарихи деректер дәлелдеп отыр.

Білімі:

-магистранттың тарих ғылымының теориясы мен методологиясы бойынша теориялық білімі және тәжірибелік дағдылары болуы тиіс;

- тарих ғылымының теориясы мен әдіснамасы бойынша шетелдік ғылыми мектептер мен ғылыми бағыттармен таныс болуы тиіс.

Білігі:

магистранттың пән мазмұнын меңгеруі мен белгіленген дағдыларды игеру деңгейі емтихан барысында және жазбаша тапсырмаларды орындау қабілетімен айқындалады.

Құзыреттері: Оқу бағдарламасына сәйкес «Отандық тарихтың іргелі мәселелеріне қазіргі кезеңдегі теориялық-әдістемелік көзқарас» пәні бойынша магистранттардың шынайы көзқарасын қалыптастырады, сонымен бірге бұл пән біздің тарихымыздың әртүрлі кезеңінің күрделі методологиялық мәселелерін кең және терең зерттей алатын ұрпақтардың тәрбиесіне де әсерін тигізеді және тарих ғылымын жаңа зерттеушілермен толықтырады.

TDTAM 1203


Тарихнама мен деректанудың теориялық-әдістемелік мәселелері / 3 ECTS

Пререквизиттер: Тарихи процесс және таным теориясы, тарих ғылымының методологиясы, философиясы, әлеуметтану,философия тарихы, логика, қайта өрлеу дәуірі тарихы.

1+1+0

Модуль мақсаты: Тарихтың тарихнамасы мен деректанудың теориялық және әдістемелік мәселелері тарихи білім табиғатын белгілі бір уақыттағы әлеуметтік жағдайда пайда болған, сол жағдайды бейнелейтін және өзін жасаған субъект туралы мәлімет беретін тарихи таным құралы ретінде зерттеу.

Модуль міндеті:

- деректерді іздеп табу, таңдау және сыни талдай білу қабілетін қалыптастыру;

- тарихи зерттеудің өкілетті тарихи-ақпараттық негізін жасау;

Қысқаша мазмұны: Деректану тарихнамамен қатар келешек маманның теориялық-методологиялық және арнайы дайындығын қамтамассыз ететін пән. Деректанудың іргелілігі ең алдымен тарих ғылымының өзіндік ерекшелігінен туындайды.

Білімі: Тарихтың тарихнамасы мен деректанудың теориялық және әдістемелік мәселелері пәні дүниежүзілік тарихтың негізі болған деретерді тану, әлемдік тарихты оқып білу, зерттеудің негізгі шарттарымен білімгерлерді оқытуды оны игеруді мақсат етеді.

Білігі: Тарихтың тарихнамасы мен деректанудың теориялық және әдістемелік мәселелерінің ұғымдық-терминологиялық ақпаратын меңгеру.

Құзыреттері: Дүниежүзілік тарихтың негізгі кезеңдерінің деректері мен тарихнамасымен олардың ерекшеліктерімен танысу.

TGM 1204

Тарих ғылымының методологиясы

/5ECTS Пререквизиттер: тарихи процесс және таным теориясы, әлеуметтану, деректану, логика, қайта өрлеу дәуірі тарихы.

2+1+0

Модуль мақсаты:

- тарихтың философиясы мен методологиясының негізгі түсініктерімен таныстыру;

- белгілі теориялық бағыттармен, мектептермен, концепциялармен және оның өкілдерімен таныстыру;

- түрлі тарихи кезеңдердегі әлеуметтік ұйымдарды зерттеу;

-методологиялық және гносеологиялық мәндегі күрделі сұрақтардың – егер зерттеліп отырған құбылыстардың уақыттық өлшемі өте қашық болса, объектіні нақты түрде қалпына келтіру мүмкін бе; егер өткен тарихты тану мүмкін болса, онда өткенге терең бойлаудың құралдары мен әдістері қандай; егер тарихшы тарихи таным объектісін қалпына келтіретін болса, онда бұл салада бейнелеу принципі қолданыла ма деген сұрақтардың қазіргі кезеңдегі жауаптары туралы түсінік беру;

- түрлі тарихи кезеңдердегі мәдениетті зерттеу.

Модуль міндеті:

- Тарихи зерттеу әдістері пәнінің ғылыми категориялық аппаратты меңгеру;

- адамзат тарихының дамуын формациялық және өркениеттік тұрғыдан қарау негіздерін түсіндіру;

- жас тарихшылардың бойында тарих ғылымының қазіргі даму дәрежесіне сай зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Тарих ғылымының методологиясы пәнінің докторант-тарихшы мамандарын дайындауда кредиттік технологияға негізделген міндетті мемлекеттік стандартқа сай енгізілген пән. Дүниежүзілік тарихтың негізі болған тарих ғылымының методологиялық зерттеу бағдарламалары мен әдіснамаларының басымдылықтарын жаңа заманғы көзқарастарға негіздеп, оқытуды мақсат етеді. Нақты деректерді методологиялық тұрғыдан зерттеу оны студенттерге игерту тарихшы мамандардың теориялық-методологиялық және арнайы мамандандырылған пәндерге қосылады. Оны негізгі ерекшелігі іргелі пән ретінде тарихи теория мен оның негізгі категорияларын жан-жақты түсіндіру болып табылады.


Білімі:

- Тарихты зерттеуде әлеуметтік тарихтың әдістері мен түрлері туралы түсінігі болуы керек;

- Отан тарихының әлеуметтік жағдайларға шынайы баға беруді білуге тиіс;

- Тарих ғылымындағы жаңа концепциялар қоғамдағы қозғаушы күш ретіндегі ролі мен орнына баға бере алуы қажет.

Білігі: Тарих ғылымының методологиясы пәнін оқып аяқтағаннан кейін білімгер мемлекеттік емтихан тапсырып, курс бойынша білік деңгейі анықталады.

Құзыреттері: Оқу бағдарламасына сәйкес Тарих ғылымының методологиясы пәні білімгерлердің терең білімдерін қалыптастыру, оқуға берілген кредит саны шеңберінде әлемдік тарихтың өзекті мәселелерін меңгеру болып табылады.

KTOAN 1205

Қазақстан тарихын оқытудың әдістемелік негіздері / 3 ECTS

Пререквизиттер: Тарихты оқыту әдістемесі, Қазақстан тарихы

1+1+0

Модуль мақсаты: Магистранттарға Отан тарихын оқытудың маңыздылығы ашып көрсетіліп, мемлекеттік саясаттың тарихи сананы қалыптастырудағы негізгі басымдықтары айқындалады. Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі жетістіктерін игеруге, оқыту әдістемесінің шеберлік дағдыларын қалыптасуы мен дамуының әмбебаптық заңдылықтары мен негізгі түрлерін меңгеруге және әлемдік оқыту әдістемесінің інжу-маржанын өз беттерімен игеріп-білуге, кәсіби деңгейлерін одан әрі арттыруға бағдарлау болып табылады.

Модуль міндеті: -Қазақстан тарихын оқытудың әдістемесі пәнінің қалыптасуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын айқындау;

- Отанға деген сүйіспеншілік, бар күш-жігер мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсауға тәрбиелеу;

- Туып-өскен жеріне, ана тіліне, өз халқының, елінің әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;

- Қазақстан тарихын оқытудың әдістемесі жетістіктерінің, мәдени-өркениеттілік тәжірибесін игеру, олардың тұтастығы мен өзара ерекшеліктерін сараптау;

- Қазақстан тарихын оқытудың әдістемесі шеберлік мектептердің идеяларын, олардың бағыттарын талдау;

- Қазақстан тарихын оқытудың пәнінің қазіргі даму жағдайы мен бағыттарына оқыту әдістемелік ғылыми тұрғыдан сипаттама беру;

- Отандық тарихты оқыту әдістемесі жетістіктерінің тарихын, оның қазіргі мәселелерін және даму болашағын зерделеу.

Қысқаша мазмұны: Қазақстан Республикасының Президентінің 2050 жылға дейінгі елді дамытуға арналған стратегиясы табыспен жүзеге асуда. Елбасының бастамасымен Қазақстанның дүние жүзінің таңдаулы елу елінің қатарына кіру жоспары жасалды.

«Қазақстан-2050» стратегиясындағы негізгі бағыттардың бірі ретінде білімі мен біліктілігі жағынан шетелдердегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін, сонымен қатар, бойында ұлттық ділі сақталған, отаншылдық рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған. Демек, Қазақстан тарихының білім беру жүйесіндегі негізгі мақсаты - студенттерді адамзат баласының оқыту әдістемесінің жетістіктерін игеруге, мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының әмбебаптық заңдылықтары мен негізгі түрлерін меңгеруге және әлемдік оқыту әдістемесінің шығармашылық шеберлігін өз беттерімен түсініп-білуге, кәсіби деңгейлерін одан әрі арттыруға ықпал етеді.

Білімі: - Бүгінгі қоғамның сұранысына орай, білім мазмұнын қалыптастырып игеру. Білім беру жүйесін дамыту мен оның техникалық жетістіктерін меңгере білумен кәсіби шеберлік дағдыларын нығайтуға ерекше көңіл бөліну.

- Отандық тарихты оқыту әдістемесінің ғылым ретіндегі мазмұнын, оның гуманитарлық білім жүйесіндегі орнын тану;

-Ұлттық тарихи құндылықтар мен мұраттарымызды танып біліуге үйрену;

Білігі: Қазақстанның білім беру жүйесінің жетекші салаға айналуы, бәсекеге қабілетті экономиканы, бәсекеге қабілетті білім беруді, бәсекеге қабілетті ұлтты құру үшін алғышарттарды туғызады. Білімге және ғылыми әлеуметке негізделген қоғам ғана еліміздің әл-ауқатын және бәсекеге қабілеттілігін, ұлттық қауіпсіздікті, еліміздің әрбір азаматының жағдайын қамтамасыз ете алады.

Құзыреттері: Қазіргі кездегі тарих ғылымының даму жағдайы туралы, Қазақстанның тарихи ғылыми мектебі туралы, білім беру саласындағы стратегиялық міндеттер туралы түсінігі болуы керек.

гуманитарлық пәндер жүйесіндегі Қазақстан тарихын оқыту әдістемесінің орнын, оның объектісі мен спецификасын, неғұрлым өзекті проблемаларды айқыңдай отырып, интеллектіні дамыту және таным көкжиегін кеңейту, шығармашылық қызметке, үздіксіз білімін көтеру қажеттілігіне қызығушылық тудыру қажет.


AEMOM 1206

Археология, этнология мен музеологияның өзекті мәселелері

/ 5 ECTS Пререквизиттер: Археология теориясы, Этнология теориясы, Музейтану

2+1+0

Модуль мақсаты: Археология, этнология мен музеологияның өзекті мәселелерін қарастыру басты мақсаты болып табылады.

Модуль міндеті:

- Қазіргі кезеңдегі отандық және шетелдік археология, этнология және музеология саласында зерттеу жұмыстары барысында пайда болған мәселерді қарастыру басты мақсаты болып табылады ;

- Қазақстан және шетел археологтарының тарих мәселелерді қарастыру барысында пайдаланған әдістерді қарау.

Қысқаша мазмұны: Қазақстан мен Орта Азия археология, этнология мен музеологияның өзекті мәселелерін нақты материалдар негізінде қарастырады

Білімі: Археология, этнология мен музеология пәндерінің проблемалары мен оларды шешу бағытындағы ізденістер жолдарын білу қажет.

Білігі: Археология, этнология мен музеологияның әдіснамалық ережесін меңгеру қажет.

Құзыреттері: Археология, этнология мен музеологияның өзекті мәселелерін аражiгiн ажыратуды ұғындыру қажет.

ЖЕКЕ БІЛІМ ТРАЕКТОРИЯСЫ МОДУЛІ (ЖБТ)


KTME 1304



Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері (UNESCO) / 5 ECTS Пререквизиттер: жоқ

2+1+0

Модуль мақсаты: ЮНЕСКО-ның Дүниежүзiлiк Мәдени және Табиғи Мұра тiзiмiне енген халықаралық маңызы бар тарихи, ғылыми, сәулеттiк, көркемдiк, мемориалдық тұрғыдан құнды тарих және мәдениет ескерткiштерiн қарастыру басты мақсаты болып табылады.

Модуль міндеті:

- тарихи-мәдени мұра объектiлерiне залал келтiргенi үшiн жауапкершiлiк шараларын белгiлерін қарастыру;

- ЮНЕСКО-ның Дүниежүзiлiк Мәдени және Табиғи Мұра тiзiмiне енген халықаралық маңызы бар тарихи, ғылыми, сәулеттiк, көркемдiк, мемориалдық тұрғыдан құнды тарих және мәдениет ескерткiштерiн қарау.

Қысқаша мазмұны: бүкiл елiмiздiң тарихы мен мәдениетi үшiн айрықша маңызы бар, тарихи, ғылыми, сәулет, көркемдiк және мемориалдық тұрғыдан құнды айрықша маңызы бар, тарихи, ғылыми, сәулет, көркемдiк және мемориалдық тұрғыдан құнды жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн қарастырады

Білімі: тарихи-мәдени мұра объектiлерiн, оларды қорғауды және пайдалануды үйрену қажет.

Білігі: тарихи-мәдени мұра объектiлерiне тарих және мәдениет ескерткiшi мәртебесiн бекiтудің ережесін меңгеру қажет.

Құзыреттері: мемлекеттiк органдардың тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау саласындағы құзыретiнiң аражiгiн ажыратуды ұғындыру қажет.


TMTZ 1304



Түркі мемлекеттері тарихының зерттелуі /5 ECTS

Пререквизиттер: Түркі мемлекеттерінің тарихы, тарихнама, теориялық деректану, дүниежүзінің ежелгі, орта, жаңа, қазіргі заман тарихы.

2+1+0

Модуль мақсаты: Әлемдік тарих ғылымдарындағы түркі мемлекеттері таихы тарихнамасы мәселелерін қарастыру. Араб, парсы орыс, қытай жазба ескертіштеріндегі түркі халықтары тарихының зерттелінун салыстыра отрып баға беру.

Модуль міндеті: Ежелгі дәуі, орта ғасырлардағы, жаңа және қазәргі замандағы түркі мемлекеттерінің пайда болуы, дамуы құлдырауы және қайта жаңғыруы мәселелеріне тарихшылар, саяхатшылар, географтар еңбектері негізінде анализ жасау.

Қысқаша мазмұны: Ежелгі дүниеден бүгінгі таңға дейінгі уақыт аралығындағы түркі мемлекеттерінің саяси, әлеументтік-экономикалық және мәдени дамуы, Сыртқы мемлекеттермен қарым қатынасы, түркі халықтарының халықаралық аренадағы орны туралы зерттеуерді айшықтау. Солар арқылы кенже қалып қойған түркі халықтары тарихының тарихнамасы мәселелерін қайта жаңғырту.


Білімі: Дүние жүзі тарихындағы түркі мемлекеттерін әр дәуірде алған орнына баға бергген зерттеушілер еңбектерімен танысады;

-Антикалық, Ежелгі Шығыс зерттеушілері еңбектері негізінде түркі тайпаларының жеткен жетістіктеріне сараптама жасайды;

- Орта ғасырлық ғалымдардың түркі өркениеті туралы зерттеулеріне баға береді;

- Жаңа және қазіргі замандағы Батыс және Шығыс зерттеушілерінің зерттеулерін салыстыра отырып түркі мемлекеттерінің тарихын зерттеп, паш етудің неге кенже қалып қойғандығына сараптама жасайды.

Білігі: Пәнді оқып аяқтағаннан кейін білімгер емтихан тапсырады, курс бойынша біліктілік деңгейі анықталады.

Құзыреттері: Пәнді меңгеру арқылы білімгердің түркі халықтары тарихының зерттелінуі деңгейі жайлы түсінігі қалыптасады




2 семестр

МЕМЛЕКЕТТІК МІНДЕТТІ МОДУЛЬ

ShT 1102

Шетел тілі

2 кредит/ 4 ECTS

Пререквизиттер: жоқ

1+1+0

Модуль мақсаты:

Ағылшын тілін оқыту мақсаты – студенттердің коммуникативті және кәсіптік біліктілігін қалыптастыру.

Модуль міндеті:

Ағылшын тілінің міндеттері дискурстық қабылдау және құрылуына, өзара әрекетке (диалогтық қарым-қатынас) және баланысты сөйлеу әрекетінің барлық түрлеріндегі: сөйлеу, тыңдап түсіну, оқу және жазу коммуникативті біліктеріне қойылатын талаптарда нақтыланады.

Кысқаша мазмұны: Қоғамда болып жатқан жаңа үдерістер, Қазақстан Республикасының халықаралық аренаға шығуы жоғары оқу орындарының алдына сапалы деңгейдегі түрлі бағыттағы мамандарды дайындауға жаңа міндеттер қояды. “Шетел тілі” білім беру саласындағы әлеуметтік тапсырыстың міндеті-мамандардың шетел тілін мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде игеруін қамтамасыз ету. Шетел тілі студенттердің жеке басының ақыл ой және эмоцияналдық дамуын ынталандыру жолы, бөтен мәдениетті объективті қабылдауға және адамзат құндылықтарына араласуға дайындайды.


Білімі: Коммуникацияның ауызша және жазбаша түрлері бойынша: - мәлімет беруге дайындық және қабілет, ақпарат беру, ақпарат сұрау, сұрақтар қою, сұрастырып білу, кеңес беру, ұсыныс жасау, сендіру, сақтандыру, бағалауыш сөйлесімдердің, тұжырымдардың көмегімен сипаттау, мейірім білдіру және жақтырмау, қызығушылық-немқұрайлылық, үмітті сезімді білдіру.

-Диалог барысында қайталауларды, перифраздарды және тағы басқа құралдарды қолдана отырып, дайын сөздер негізінде қарапайым әңгіме жүргізу, әңгімені жалғастыру үшін қысқа сөз оралымдарымен ой бөлісу.

-Монолог барысында өз отбасын, оқуын, тұратын орнын, курстастарын, күн-тәртібін, ауа-райын, жыл мезгілдерін және т.б. қарапайым фразалармен сипаттау.

-Жазбаша коммуникация барысында туған-туысқандарды, өзінің айналасындағыларды, олардың іс-әрекеттері, үй және т.б. сөйлеу фразалары бойынша сипаттау.

-Тыңдап түсіну барысында оқытушының және өзінің курстастарының сөзін нұсқауларын түсіну, күнделікті тұрмыста қолданылатын күнделікті
  1   2   3