Главная страница

Дуалды оқытуды ұйымдастыру және өткізу туралы шарт


Скачать 52.26 Kb.
НазваниеДуалды оқытуды ұйымдастыру және өткізу туралы шарт
Дата23.05.2019
Размер52.26 Kb.
ТипДокументы

ДУАЛДЫ ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ШАРТ





Павлодар қ.

« » 20 ж.


Жарғы негізінде әрекет етуші директор Таженов Ш.А. атынан, бұдан әрі «Мекеме» деп аталатын «Инновациялық Еуразия Университетінің колледжі» ЖШС бір жағынан және бұдан әрі «Ұйым» деп аталатын ___________________________________________________________________________ негізінде әрекет етуші __________________________________________________________________________атынан, бұдан әрі «Тараптар»

деп аталып, төмендегі шартты жасасты.


  1. Шарттың мәні


    1. Тараптар бірлесе отырып _________________________________________________________ Мекемесінде, ______________________________________________________________мамандығының, _______________ курсы, _________оқыту түріндегі _______________________________________________________________ білім алушыларды

(Білім алушының Т.А.Ә.)

дуалды оқытуды жүзеге асыруды және ұйымдастыруды міндеттенеді.

    1. Дуалды оқытудың мақсаты білім алушылардың ҚР білім беру стандартына сәйкес кәсіптік білім бағдарламаларын сапалы меңгеруі, сонымен қатар Мекемеде жұмыс істеудің практикалық дағдыларын алуы болып табылады.

    2. Дуалды оқытуға конкурс түрінде қабылдау Ұйымның білім алушымен өткізген әңгімесінің нәтижесінде іске асады.

    3. Оқу орнындағы оқу үрдісіне оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда, сонымен қатар тікелей өндірісте және сол бағыттағы ұйымдарда өткізілетін теориялық сабақтар мен өндірістік оқыту, зертханалық-практикалық және есеп-графикалық сабақтар, кәсіптік практика, курстық және дипломдық жобалау кіреді.

    4. Кәсіптік практика мен өндірістік оқытудың көлемі, мазмұны және түрі қолданыстағы білім беру бағдарламалары негізінде сәйкес мамандық пен біліктілікке сай айқындалады.

    5. Дуалды оқытуды пайдаланатын білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларына оқу орнындағы теориялық оқыту және 60 пайыздан кем емес өндірістік оқыту, яғни Ұйым базасындағы практикалар кіреді.

    6. Өндірістік оқытуға оқу үрдісінің кестесі Ұйыммен келісілген теориялық оқыту енеді.

    7. Білім алушыларға осы Шарт бойынша Ұйымнан өтемақы төлемдері жасалмайды.



  1. Тараптардың міндеттері


    1. Мекеме міндеттенеді:

      1. . Ұйыммен дуалды оқыту бағдарламасын, Ұйым базасында оқыту мерзімін, Ұйым базасында оқу кезінде білім алушылар қызметінің негізгі бағыттарын, Мекеменің Ұйымға жіберген білім алушылар санын келісуге;

      2. . Ұйымға уақытында, оқу басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей, білім алушылардың тізім бойынша келісілген құрамын, Ұйым базасында оқытудың күнтізбелік мерзімін, сонымен қатар Ұйым сұрауы бойынша қосымша ақпаратты жіберуге;

      3. . Мекемеден білім алушылардың әрбір тобына кураторларды бекітуге;

      4. . Білім алушыларды білім беру қызметінің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес материалдармен және оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз етуге;

      5. . Білім алушылардың оқу үрдісіне сәйкес өндірістік практикадан өту туралы бұйрықтар шығаруға;

      6. . Ұйымға оқуға жіберілген білім алушылардың кәсіптік даярлығын алдын ала қамтамасыз етуге, Ұйым аймағындағы және жұмыс орындарындағы тәртіп ережесін, өндіріс жабдықтарын техникалық пайдалану ережелерін, техникалық қауіпсіздік ережелерін, еңбекті қорғау және Ұйымның басқа да нормалары мен ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауды үйретуге;

      7. . Ұйым қызметкерлеріне – Ұйымдағы оқу және өндірістік практика жетекшілеріне, практиканы өткізу бойынша уақытында әдістемелік көмек көрсетуге;

      8. . Білім алушыларды өндірістік практика күнделіктерімен қамтамасыз етуге, оқу бағдарламасын орындау үшін жеке тапсырмалар беруге;

      9. . Ұйымдағы өндірістік практиканың ажырамас бөлігі болып табылатын дуалды оқыту нәтижесі бойынша өндірістік емтихан өткізуді қамтамасыз етуге;

    2. Ұйым міндеттенеді:

      1. . Білім алушыларды ұйымның Мекемемен келісіп, анықтаған уақыты және саны бойынша оқуға қабылдауға;

      2. . Ұйым қызметкерлерінің құрамынан студенттердің оқуы мен практикадан өтуіне және ұйымдастыруға жауаптыларды тағайындауға;

      3. . Білім алушыларды оқытудың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес, коммерциялық құпия болып табылатын ақпараттардан басқа, практикалық материалдармен және үрдіспен қамтамасыз етуге;

      4. . Қауіпсіздік техникасы бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізу, студенттерді жұмыс орындарына бөлу және дуалды оқыту бағдарламасының әрбір бағыты (пәні) бойынша Ұйым базасында білім беру үшін өндірістік оқыту шеберлері ретіндегі практика жетекшілерін білікті қызметкерлерден тағайындауға;

      5. . Студенттерге практика бағдарламасын орындауға қажетті ақаусыз жабдықтар, құралдар, сипаттамалар, кестелер мен жұмыс материалдарын ұсынуға;

      6. . Студенттерді практика бағдарламалары мен кәсіптік оқыту бағдарламаларына сәйкес жұмыстарға тартуға;



      1. . Студенттердің өндірістік практика күнделіктеріне уақытында және жүйелі түрде өндірістік практика бағдарламасының орындалуы туралы жазба енгізуге, студенттердің практика объектілеріне баруын бақылауға;

      2. . Білім алушының қорытынды және аралық аттестаттауға қатысуына;



  1. Тараптардың құқықтары


    1. Мекеме құқығы

      1. Ұйымда студенттердің дуалдық технология бойынша оқуына бақылау жасауға;

      2. Ұйымның келісімімен кәсіптік пәндер оқытушыларын Ұйымға тағылымдамадан өтуге жіберуге;

    1. Ұйым құқығы:

3.2.1. Оқу кезінде еңбек тәртібі ережелерін бұзған жағдайда студенттерді тәртіпке шақыру іс-шараларын қолдануға;

3.2.2. Білім беру мекемесін бітіргеннен кейін студентті өндіріске жұмысқа орналастыру мүмкіндігі туралы ұсыныс енгізуге;

3.2.3 Қызметтің бейіндік түрі бойынша кәсіптік стандарттар талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларына (вариативтік бөліміне) өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жасауға;

  1. Шарттың мерзімі


    1. Бұл шарт Тараптар қол қойғаннан бастап күшіне енеді және 2 жыл бойы жарымды.

    2. Өзгерістер мен қосымша шарттар енгізу он күн ішінде Тараптармен қарастырылады және қосымша келісіммен рәсімделеді.

    3. Шартқа енгізілген қосымшалар Тараптар қол қойғаннан бастап оның ажырамас бөлігі болып табылады.



  1. Тараптардың жауапкершілігі


    1. Тараптар осы шарт бойынша өз міндеттерін орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді.

    2. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттерін орындамаған жағдайда, егер бұл орындай алмайтын жағдай болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.



  1. Басқа шарттар


    1. Осы Шартпен реттелмеген сұрақтар, ҚР заңнамасына сәйкес шешіледі.

    2. Осы Шартты орындау барысында туындаған даулар мен келіспеушіліктер, Тараптар арасындағы келісімдер арқылы шешілетін болады.

    3. Әрбірінің бірдей заң күші бар Шарт, екі данада әзірленді.


Тараптардың заңды мекенжайы мен реквизиттері



Мекеме Ұйым

«Инновациялық Еуразия Университетінің Колледжі» ЖШС

Павлодар қ., Ломов көш., 45 БИН 011240001554

«Қазақстан халық банкі» АҚ ИИК KZ906010241000017963 БИК HSBKKZKX

Кбе 17,КНП 861


Директор Жетекші
Ш.А. Таженов