Главная страница

Программа по предмету «Қазақ әдебиеті» для 5-9 классов уровня основного среднего образования


Скачать 414.33 Kb.
НазваниеПрограмма по предмету «Қазақ әдебиеті» для 5-9 классов уровня основного среднего образования
страница1/3
Дата24.01.2017
Размер414.33 Kb.
ТипПрограмма
  1   2   3
3. /Основная школа 5-9 кл рус++/28 Рус язык нерус шк 5-9 кл рус 2015.doc
4. /Основная школа 5-9 кл рус++/29 Рус лит нерус шк 5-9 кл++.docx
5. /Основная школа 5-9 кл рус++/30 Иностр язык 5-9 кл рус++.docx
6. /Основная школа 5-9 кл рус++/31 Математика 5-6 кл рус ++.docx
12. /Основная школа 5-9 кл рус++/37 Биология 6-9 кл рус ++.docx
15. /Основная школа 5-9 кл рус++/40-2 История Каз. 5-9 класс рус 2015.doc
17. /Основная школа 5-9 кл рус++/42 Человек Общество Право 9 кл рус 2015.doc
23. /Основная школа 5-9 кл рус++/48 Физическая культура 5-9 кл рус 2015.doc
24. /Основная школа 5-9 кл рус++/49 Рус язык рус шк 5-9 кл 2015.doc
25. /Основная школа 5-9 кл рус++/50 Рус лит рус шк 5-9 кл рус++.doc
27. /Основная школа 5-9 кл рус++/52 Каз лит для школ с неказах 5-9 кл рус 2015.doc
Программа по предмету «Русский язык» для 5-9 классов уровня основного среднего образования
Программа по предмету «Русская литература» для 5-9 классов уровня основного среднего образования
Программа по предмету «Иностранный язык»
Программа по предмету «Математика» для 5-6 классов уровня основного среднего образования
Программа по предмету «Биология» для 6-9 классов уровня основного среднего образования Пояснительная записка
Программа по предмету «История Казахстана» для 5-9 классов уровня основного среднего образования
Программа по предмету «Человек. Общество. Право» для 9 класса уровня основного среднего образования
Программа по предмету «Физическая культура» для 5-9 классов уровня основного среднего образования
Программа по предмету «Русский язык» для 5-9 классов уровня основного среднего образования
Программа по предмету «Русская литература» для 5-9 классов уровня основного среднего образования
Программа по предмету «Қазақ әдебиеті» для 5-9 классов уровня основного среднего образования


МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

НАЦИОНАЛЬНАЯ АКАДЕМИЯ ОБРАЗОВАНИЯ ИМ.И.АЛТЫНСАРИНА


ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
учебная программа
для 5-9 классов уровня основного среднего образования
(с неказахским языком обучения)

Астана

Утверждена приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 3 апреля 2013 года №115.
Зарегистрирована в Министерстве юстиции Республики Казахстан №8424 от 10 апреля 2013 года.

Внесены изменения и дополнения согласно приказу Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 июня 2015 года №393.
Зарегистрирована в Министерстве юстиции Республики Казахстан №11659 от 14 июля 2015 года.


Қазақ әдебиеті: Учебная программа для 5-9 классов уровня основного среднего образования (с неказахским языком обучения). – Астана: НАО им. И.Алтынсарина, 2015. – 24 с.


© Национальная академия образования

им. И.Алтынсарина, 2015.

Приложение 52

к приказу Министра образования

и науки Республики Казахстан

от 3 апреля 2013 года № 115  


Типовая учебная программа по предмету «Қазақ әдебиеті»
для 5-9 классов уровня основного среднего образования
(с неказахским языком обучения)
1. Түсінік хат


  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді.

  2. Бағдарлама «Қазақ әдебиеті» пәнінің мақсаты мен міндеттерін айқындай отырып, оқушыларды қазақ әдебиеті тарихының ежелгі дәуірінен бүгінгі күніне дейінгі кезеңдерін жүйелі оқытуды көздейді.

  3. Білім мазмұнын іріктеуде көркем шығармалардың жүйелі, ықшам-далып берілуі және әдебиеттiң теориялық мәселелерi, көркем шығармаларды талдау жүйесi, көркем туындының стильдiк ерекшелiктерi тұтастай емес, әр тақырыптың өзіндік ерекшелігіне қарай талдануы қарастырылды.

  4. Бағдарламаны құрастыру барысында шәкірттерге білім мазмұнын игертумен қатар, оларға ұлттық мәдени құндылықтарды таныту, оқушылардың тілдік қорын байыту, әдеби білімнің жүйелілігі, білім мазмұнының сабақтастығы мен пәнаралық байланыс ұстанымдары басшылыққа алынды.

  5. Бағдарламаның білім мазмұнына қазақ әдебиетінің үздік шығармалары ұсынылып, олардың ой қазығы, сюжеті, композициясы, жанрлық сипаты мен кейіпкерлерін, ондағы халықтық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлер көрінісін, табиғат суреті мен қаламгерлердің сөз қолданыстарын зерделеуге баса мән беріледі.

  6. Пәнді оқыту мақсаты:

қазақ әдебиетінің озық классикалық үлгілері арқылы оның басты идеялық бағытын, тақырыптық, мазмұндық мақсатын саралай білетін және қазақ халқының рухани әлемін, дәстүрін, әдебиеті мен мәдениетін бағалай алатын, танымы жоғары, өркениеттi қоғамға сай тұлға қалыптастыру.

  1. Пәнді оқыту міндеттері:

    1. әдеби көркем туынды арқылы оқушының мемлекеттік тілді меңгеру мүмкіндігін арттыру;

    2. қазақ халқының әдебиеті, тарихы, тілі, мәдениеті, өнері туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыру;

    3. көркем әдебиетті оқытуда шығарманың тақырыптық-идеялық мәнін меңгерту және рухани-мәдени құндылықтар жөнінде пікір алмасуға үйрету;

    4. оқушылардың әдеби-теориялық бiлiмдерiн тереңдетiп, шығарманың мазмұндық, жанрлық-стильдiк ерекшелiктерiн таныту;

    5. әдебиет тарихы бойынша тиісті мәліметтер мен әдебиеттану ұғымдарын пайдалана отырып, көркем шығармаларды оқу мен талдау дағдыларын меңгерту;

    6. қазақ тілінде сөйлеу әрекеттерін еркін орындау, әдеби тіл үлгісін пайдалана отырып, пән бойынша өз ойларын қазақ тілінде өзгеге және топта қорғай білу.

  2. Қазақ әдебиеті танымдық, тәрбиелiк қызмет атқаратындықтан, бағдарламада көрсетiлген әдеби бiлiм мазмұны осыған дейінгі сыныптарда берiлген базалық бiлiмнiң табиғи жалғасы, бiртұтас құрамдас бөлiгі болып табылады. Қазақ әдебиетiн бiртұтас, жүйелi сипатта оқыту оқушылардың үйлесiмдi дамуына қызмет етеді.

  3. Пәнаралық байланыс оқушының дүниетанымдық деңгейін арттырып, туған әдебиетінен өзге ғылым салаларын игеру мақсатында пайдалануына мүмкіндік береді:

    1. «Қазақ тілімен»: көркем әдебиет мәтіндерінен стильдің түрлерін, кірме сөздерді, архаизм, жаңа сөздерді (неологизм) табуға бағыт беріледі. Сөйлемдердің грамматикалық нормаларға сәйкестігін, құрылымын қарастырады;

    2. «Қазақстан тарихымен»: әдеби оқиғалардың тарихи факторлармен тығыз байланыста болатындығын түсінуіне, тарихи деректерді орынды пайдаланып, өзіндік ой-тұжырымдар жасай білуіне жол ашады;

    3. Жаратылыстану циклі пәндерімен: танымдық бағытта берілетін материалдар жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болғандықтан, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырады;

    4. «Музыка» пәнімен: әннің идеялық-көркемдік және эстетикалық маңызын, ұлттық әуеннің қазіргі әндермен ұқсастықтары мен айырмашылық-тарын, көркемдік ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді.

  4. Оқу жүктемесінің көлемі:

    1. оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде:

5-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

6-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

7-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

8-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

    1. оқыту орыс, ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде:

5-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

6-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

7-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

8-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында –34 сағат.

2. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны


  1. Пәнді оқыту үшін шығармаларды оқып, талдауға 26 сағат, тіл ұстарту, шығармашылық жұмыстарға 4 сағат, сыныптан тыс оқыған шығармалары туралы әңгімелеуге 4 сағат, барлығы 34 сағат бөлінген.

  2. Оқу пәнінің білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:

    1. «Кіріспе» (1 сағат).Әдебиеттің өнердің бір саласы және оқу пәні ретіндегі сипаты. Әдебиет пәнінің мақсаты мен міндеті.

  3. «Халық ауыз әдебиеті»(13 сағат):

    1. «Тұрмыс-салт жырлары» (3 сағат). Олардың түрлері, ерекшелігі. Жан-жануарларға және Наурызға байланысты жырлар. Наурыз жырларындағы малшылық кәсіпке ықылас пен сүйіспеншілік, еңбекті дәріптеу, төрт түлік туралы. Әдебиет теориясы: өлең туралы. Тіл дамыту: «Мен өз халқымның салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеймін» деген тақырыпқа шағын эссе жазу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Төрт түлік – қазақтың асыл қазынасы» деген тақырыпта ойтолғау;

    2. «Мақал-мәтелдер» (2 сағат). Олардың ерекшеліктері. Онда қазақ халқының тыныс-тіршілігінің көрініс табуы. Адамгершілік, ерлік, өнер, білім тақырыбындағы мақал-мәтелдер. Әдебиет теориясы: астарлау, метафора. Тіл дамыту: мақал-мәтел айтудан сайыс өткізу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: көркем шығармалардан мақал-мәтелдер қолданылған үзінділерді тауып, ондағы автордың ойын түсіндіру;

    3. «Жұмбақтар» (2 сағат). Олардың мәні. Жұмбақтардың ой шапшаңдығына тәрбиелейтін ерекшеліктері. Әдебиет теориясы: астарлау. Тіл дамыту: мақал-мәтел, жұмбақтарды жатқа айту. Мақал-мәтелдер сайысын ұйымдастыру. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» жинағы;

    4. «Ертегілер. «Қаңбақ шал», «Түлкі мен ешкі», «Мақта қыз бен мысық» ертегілері» (4 сағат). Ертегінің ұлттық, жанрлық ерекшелігі, түрлері. Ертегілерден көрінетін халықтың арман-тілегі, даналығы. Жауыздық пен зұлымдықты ізгіліктің жеңуі. Халықтың арман-қиялы. Әдебиет теориясы: дамыту, баяндау. Тіл дамыту: сюжеттік жоспар құру арқылы ертегілерді көркем баяндау. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Қазақ ертегілері» кітабы;

    5. «Аңыз әңгімелер.«Қожанасырдың тойға баруы», «Алдаркөсе мен қу жауырын», «Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?» (2 сағат). Қожанасырдың тапқырлығы. Шешен сөзі. Ұтқыр жауабы. Аңыз әңгіменің тәлім-тәрбиелік маңызы. Әдебиет теориясы: астарлау. Тіл дамыту: шешендік сөз үлгілерін мәнерлеп оқу, жаттау. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, кино («Алдаркөсе» фильмі). Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Алдардың шық бермес Шығайбайға қонақ болуы».

  4. «ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» (3 сағат):

    1. «Ыбырай Алтынсарин. «Әке мен бала» әңгімесі» (1 сағат). Өмірі мен шығармашылығына шолу. «Әке мен бала» әңгімесіндегі адамгершілік тақырыбы, еңбекке үндеу, жақсы мінезге баулу мәселесі. Әдебиет теориясы: сюжет, әдеби кейіпкер ұғымы. Тіл дамыту: рөлге бөліп оқу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ы.Алтынсарин. «Бақша ағаштары» әңгімесі;

    2. «Абай Құнанбайұлы.«Қыс», «Жазғытұры» өлеңдері» (2 сағат). Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы. «Қыс» өлеңіндегі табиғат көріністерінің адам кейпінде бейнеленуі. «Жазғытұры» өлеңінде көктемнің жан-жануарға, айналаға әсері туралы. Әдебиет теориясы: пейзаж туралы түсінік. Тіл дамыту: «Қыс» өлеңіндегі бейнелі сөздерді (ақкиімді, үсті-басы ақ қырау, аязбенен қызарып, бұрқ-сарқ етіп долданғанда) қолданып, ауызша әңгімелеу. Эпитет, кейіптеу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті, электрондық оқулық («Дара Абай – дана Абай» телесабағы).

  5. «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» (9 сағат):

    1. «Ахмет Байтұрсынұлы. «Балаларды оқуға шақыру» өлеңі» (1 сағат). А.Байтұрсынұлы – ақын, тіл және әдебиет зерттеушісі, педагог, қоғам қайраткері. «Балаларды оқуға шақыру» өлеңі арқылы балаларды оқу-білімге, еңбекке үндеуі. Әдебиет теориясы: лирика туралы. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, электрондық оқулық (А.Байтұрсынұлы мұражайы). Өзіндік ізденіс жұмыстары: М. Жұмабаев. «Балалық шақ» өлеңі;

    2. «Міржақып Дулатов. «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі» (1 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы. Өлеңдегі ананың балаға деген махаббаты, баланың ананы қадірлеуі. Әдебиет теориясы: эпитет. Тіл дамыту: мәнерлеп, түсініп оқу, өз аналары туралы әңгімелеу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: А.Байтұрсынұлы. «Анаға хат» өлеңі;

    3. «Мағжан Жұмабаев. «Мен жастарға сенемін» өлеңі» (1 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы. «Мен жастарға сенемін» өлеңіндегі ақынның жастарға сенімі. Халықтың тағдырын, елдің ертеңін жастарға аманат етуі. Әдебиет теориясы: лирика жанры. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Жұмабаев. «Тез барам» өлеңі;

    4. «Бауыржан Момышұлы. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» («Ұшқан ұя» кітабынан үзінді)» (2 сағат). Ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығы туралы. Қарлығаштың адамзатқа ізгілікті қарым-қатынасы, оның ерлігі. Қарлығаштың қасиеті, жыланның әрекетін суреттеуі. Әдебиет теориясы: әңгіме жанры. Тіл дамыту: мәнерлеп, түсініп оқу, тақырыпқа сәйкес ой бөлісу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, электрондық оқулық («Ерлер есімі – ел есінде»). Өзіндік ізденіс жұмыстары: Б.Момышұлы. «Моя семья» повесі (үзінді оқу);

    5. «Мұқағали Мақатаев.«Үш бақытым» өлеңі» (1 сағат). Ақынның шығармашылық өмірі туралы. Ақынның халыққа, тілге, Отанға деген перзенттік сезімі. Өлеңдегі азаматтық рух, мақтаныш сезімі. Әдебиет теориясы: өлең ырғағы туралы. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Мақатаев. «Қара өлең»;

    6. «Төлеген Айбергенов. «Көктем әуендері» өлеңі» (1 сағат). Ақынның жыл мезгілдерін суреттеуі, көктемнің айналаға әсері. Ақынның тілі, ой-өрнегі туралы. Әдебиет теориясы: ұйқас түрі. Тіл дамыту: мәнерлеп, түсініп оқу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу өнері. Өзіндік ізденіс жұмыстары: І.Жансүгіров. «Көктем» өлеңі;

    7. «Бердібек Соқпақбаев. «Менің атым – Қожа» повесінен үзінді»
      (2 сағат). Шығарманың кейіпкері Қожа қиялшыл, сезімтал, зейінді бала. Бала табиғатына тән мінездердің көрінуі. Әдебиет теориясы: хикаят туралы. Тіл дамыту: түсініп оқу, әңгімелеу. Пәнаралық байланыс: «Менің атым – Қожа» фильмінен үзінді көру. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ғ.Мүсірепов. «Жаңа достар» әңгімесі («Қазақ солдаты» романынан үзінді).


3. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны


  1. Пәнді оқыту үшін шығармаларды оқып талдауға 26 сағат, тіл ұстарту, шығармашылық жұмыстарға 4 сағат, сыныптан тыс және қосымша оқуға ұсынылған шығармалар туралы әңгімелеуге 4 сағат, барлығы 34 сағат бөлінген.

  2. Оқу пәнінің білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:

    1. «Кіріспе» (1 сағат). Көркем әдебиеттің адам өміріндегі орны. Әдебиеттің өнердің басқа түрлерімен (музыка, бейнелеу, театр, кино) байланысы. Оқулықпен жұмыс істеу дағдысын дамыту (мазмұны мен құрылымы туралы).

  3. «Халық ауыз әдебиеті» (9 сағат):

    1. «Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік» (1 сағат). Ауыз әдебиетінің түрлері: ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, аңыз әңгімелер. Ертегі туралы. Мақал-мәтелдердің тақырыптары. Жұмбақтардың түрлері;

    2. «Ертегілер» (1 сағат). Қиял-ғажайып ертегілері. Олардың өзіндік ерекшеліктері туралы. Әдебиет теориясы: баяндау. Тіл дамыту: сюжеттік жоспар құру арқылы ертегілерді көркем баяндау. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Қазақ ертегілері» кітабы;

    3. «Алтын сақа» ертегісі (1 сағат). Ертегінің кейіпкерлері және олардың іс-әрекеттері туралы. Тіл дамыту: түсініп оқып, мазмұндау. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Халық ертегілері;

    4. «Әбділда Тәжібаев.«Толағай» (ерлік туралы аңыз)» (1 сағат). Әдеби ертегілердің халық ертегілерінен айырмашылығы. Толағайдың ерен іс-әрекеті. Шығарманың отансүйгіштік мәні. Тіл дамыту: түсініп оқып, әңгімелеу, негізгі ойтүйіні бойынша сұрақтар құрастыру білу. Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ө.Тұрманжанов. «Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос құдалар»;

    5. «Мақал-мәтелдер» (1 сағат). Мақал-мәтелдер – халық даналығы. Мақал-мәтелдің мағыналары. Адамгершілік, туған жер тақырыбындағы мақал-мәтелдер;

    6. «Жұмбақтар» (1 сағат). Жұмбақтардағы ой қисыны, олардың тапқырлыққа, ой ұшқырлығына тәрбиелейтін ерекшелігі. Әдебиет теориясы: астарлау. Тіл дамыту: мақал-мәтел, жұмбақтарды жатқа айту. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» жинағы;

    7. «Аңыз әңгімелер» (2 сағат). «Жиренше мен хан», әл-Фараби туралы аңыздар. Аңыз әңгімелердің тарихта болған адамның іс-әрекетіне байланысты туындауы. Әдебиет теориясы: астарлау. Тіл дамыту: аңыз әңгімелерден үзінділер жаттау. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу;

    8. «Айтыс» (1 сағат). Айтыс туралы түсінік. Айтыстың даму ерекшеліктері. Айтыстың түрлері, айтылу дәстүрі, жанрлық ерекшеліктері. Драмалық жанрмен ұқсастығы. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу, сұрақтар дайындау. Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: жұмбақ айтысы.

  4. «Ежелгі дәуір әдебиеті» (3 сағат):

    1. «Ежелгі дәуір әдебиеті туралы түсінік» (1 сағат). Ежелгі дәуір әдебиеті туралы. Түркі халықтарына ортақ құндылықтарға шолу. Заманымыздан бұрынғы жазу-сызулардың сыры. Тіл дамыту: талдау, ой бөлісу, көне сөздермен жұмыс. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы (Түрік қағанаты туралы мәлімет). Өзіндік ізденіс жұмыстары: Күлтегін жыры;

    2. «Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт» (1 сағат). Аңызға айналған Қорқыттың бейнесі. Қорқыт айтқан нақыл сөздердің тәрбиелік мәні. Қазіргі қолданыстағы мақал-мәтелдермен ұқсастығы. Тіл дамыту: мақал-мәтелдерді жатқа айту, мазмұнын қарасөзбен айту. Пәнаралық байланыс: музыка (Қорқыт күйлері). Өзіндік ізденіс жұмыстары: Қорқыт ата кітабы;

    3. «Дерсеханұлы Бұқашжан туралы жыр» (1 сағат). Жырдың тарихы. Ерлік істері. Тіл дамыту: жырды мәнерлеп оқу, мазмұнын әңгімелеу. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Алпамыс батыр» жыры.

  5. «ХІХ ғасыр әдебиеті» (2 сағат):

    1. «Шоқан Уәлиханов. «Ғылымға бастаған жол» (1 сағат). Ұлы ғалым туралы мәлімет, өмірбаяны мен балалық шағы, достарының берген бағасы. Әңгіме туралы түсінік. Тіл дамыту: түсініп оқу, диалог құру. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, кино («Шоқан Уәлиханов» фильмі). Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Мұқанов. «Аққан жұлдыз» романы (үзінді);

    2. «Абай Құнанбайұлы. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі» (1 сағат). Өлеңнің тағылымдық-тәрбиелік мәні. Жастарды өнер-білім, ғылым үйренуге шақыру. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу, ой бөлісу. Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Әсемпаз болма әр неге» өлеңі.

  6. «ХХ ғасыр әдебиеті» (10 сағат):

    1. «Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Адамдық борышың» өлеңі» (1 сағат). Шәкәрім – Абайдың рухани ізбасары. Ақынның өскен ортасы, шығармашылығы. Ақын, ұлы гуманист. Адамгершілік идеялары. Бақыттың сырын ұғындыруы. Абай шығармаларымен үндестігі. Өлең құрылысындағы ерекшелік. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу, түсінгенін әңгімелеу, елі мен ата-ана алдындағы міндет пен борыш туралы пікірлесу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: мұғалімнің ұсынуы бойынша;

    2. «Ахмет Байтұрсынұлы. «Аққу, шортан, һәм шаян» мысал өлеңі»
      (1 сағат). Ақынның өмірі, шығармашылығы. «Аққу, шортан, һәм шаян» мысалының ерекшелігі, тәрбиелік мәні. Әдебиет теориясы: мысал туралы. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу, түсінгенін әңгімелеу. Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті;

    3. «Жамбыл Жабаев. «Алатау»өлеңі» (1 сағат). Жамбылдың өмірі мен шығармашылығы. Алатаудың көрінісі, суреті. Көркемдік ерекшелігі. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу, жаттау. Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті, бейнелеу өнері. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Жамбыл. «Абайдың суретіне»;

    4. «Сәкен Сейфуллин. «Дала» өлеңі» (1 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу. Дала келбетінің өлеңде көрініс табуы. Өлеңдегі көтеріңкі көңілкүй, жаңарған тіршілік;

    5. «Ілияс Жансүгіров. «Көкшетау» («Құлагер» поэмасынан үзінді)»
      (1 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу. Көкшетаудың сұлу табиғаты туралы, туған жерге деген сүйіспеншілік. Оқжетпес суреттері. Тіл бейнелілігі. Тіл дамыту: өлеңді нақышына келтіріп оқу. Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті, бейнелеу өнері. Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Сейфуллин. «Біздің жақта» өлеңі;

    6. «Сапарғали Бегалин. «Бала Шоқан» повесі (үзінді)» (1 сағат). Болашақ ұлы ғалымның өмірге, адамдарға деген адамгершілік қарым-қатынасының әңгімедегі көріністері. Шоқан мен мүсінші Мысықтың достығы. Тіл дамыту: әңгімені мазмұндау, сценарий құрып, рөлдерге бөліп оқу. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Қырдың жас түлегі»;

    7. «Мұхтар Әуезов. «Әжемнің әңгімесі» («Абай жолы» романынан үзінді)» (1 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу. Зере мен Ұлжан сияқты аналардың рухани байлығы. Әже мейірімі. Тіл дамыту: әңгімені оқып, өз сөзімен әңгімелеу, шығарманың идеясын ашу. Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Әуезов. «Оқудан қайтқанда» (романның 1-кітабынан үзінді);

    8. «Сәбит Мұқанов. «Каронмен күрес» («Балуан Шолақ» повесінен үзінді)» (1 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу. Балуан Шолақтың дүниежүзінің чемпионы, ағылшын балуаны «Қара масканы» жеңуі. Балуан Шолаққа тән жүректілік, қажырлылық. Үзіндіде берілген күресу тәсілдері туралы. Тіл дамыту: әңгімені оқып, мазмұнын әңгімелеп айту. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Нұрмағанбеттің Балуан атануы (повестен үзінді);

    9. «Ғабит Мүсірепов. «Тимка-Димка» (1 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы. Әңгімеде суреттелген қарапайымдылық пен қайырымдылық. Тіл дамыту: әңгімені оқу, түсінгендерін өз сөзімен әңгімелеу. Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Аңға шыққанда» («Ұлпан» повесінен үзінді);

    10. «Сырбай Мәуленов. «Менің Республикам», «Мен елімді сүйемін» өлеңдері» (1 сағат). Ақынның Қазақстан жеріне деген мақтанышы мен сүйіспеншілігі. Тіл дамыту: өлеңді мәнерлеп оқу, жаттап алу. Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Наурыз», «Жаңбыр» өлеңдері.

  7. Қорытындылау (1 сағат).


4. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны


  1. Пәнді оқыту үшін шығармаларды оқып талдауға 30 сағат, тіл ұстарту, шығармашылық жұмыстарға 2 сағат, сыныптан тыс шығармалар туралы әңгімелеуге 2 сағат, барлығы 34 сағат бөлінген.

  2. Оқу пәнінің білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:

    1. «Кіріспе» (1 сағат). Әдебиеттің адам өмірінде атқаратын қызметі туралы. Көркем әдебиеттің қоғамдық, эстетикалық, тәрбиелік мәні. Қазақ әдебиеті пәнінің мақсаты мен міндеттері.

  3. «Халық ауыз әдебиеті» (5 сағат):

    1. «Батырлар жыры туралы түсінік. «Қобыланды батыр» жыры» (2 сағат). Батырлар жырының тақырыбы мен идеясы. Батырлар жырының өзіндік ерекшеліктері. «Қобыланды батыр» жырының тақырыбы мен мазмұны. Жырдың кейіпкерлері. Қобыланды бейнесі, оның ерлік істері мен адамгершілік тұлғасы. Жырдағы Құртқа бейнесі. Тайбурыл образы. Әдебиет теориясы: эпостық жырлар. Тіл дамыту: жырды оқу мақамы (аудио/бейне таспалардан үзінділер тыңдату), жоспар құру, баяндау, кейіпкерлерге салыстырмалы мінездеме беру. Пәнаралық байланыс: театр (М.Әуезов. «Қарақыпшақ Қобыланды» пьесасы). Өзіндік ізденіс жұмыстары: мұғалімнің ұсынуы бойынша;

    2. «Шешендік сөздер туралы түсінік» (2 сағат). Шешендік сөздердің мәні мен маңызы. Шешендік сөздердегі астарлы ой, көркемдік таным мәселелері. Қазақ билерінің қоғамдағы қызметі. Олардың айтқан сөздерінің өмірлік ұстанымдармен бірлігі. Шешендік сөздердің ерекшеліктері. Әдебиет теориясы: шешендік сөз туралы ұғымды кеңейту. Тіл дамыту: билердің сөздерін мәнеріне келтіріп жатқа оқу, қысқаша мазмұнын әңгімелеп беру. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, электрондық оқулық (сандық білім беру ресурсы). Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Үш пайғамбар». Алматы, 1992;

    3. «Қанатты, нақыл сөздер» (1 сағат). Қанатты, нақыл сөздердің мақал-мәтелдерге ұқсастығы мен айырмашылығы. Олардың көбінесе авторының болуы. Қазақ нақыл сөздерінің мән-мағынасы, ішкі философиялық, эстетикалық, этикалық сыр-сипаты. Қанатты, нақыл сөздер қорының молығуы. Әдебиет теориясы: қанатты, нақыл сөздер. Тіл дамыту: достық, сыйластық, туыстық сезім туралы қанатты, нақыл сөздер тауып жазу. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі. Өзіндік ізденіс жұмыстары: өздері қалаған қанатты, нақыл сөздер негізінде ребус құру.

  4. «ХІХ ғасыр қазақ әдебиеті» (4 сағат):

    1. «Дулат Бабатайұлы.«О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі» (1 сағат). Өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет. Ақынның қазақ поэзиясындағы орны.«О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңінің жеке адамға арнау үлгісінде айтылуы. Ақынның ел болашағы – жастарға деген бата-тілегі, үміті мен сенімі. Ақын арманының риторикалық сұрау арқылы берілуі, өлеңнің көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: өлең туралы. Тіл дамыту: өлеңді мәнерлеп оқу, шығармашылық жұмыс – ата-әже, ата-аналарының тілек-баталарын жазу, жаттау. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Дулат Бабатайұлы. «Аягөз, қайда барасың» өлеңі;

    2. «Махамбет Өтемісұлы. «Тарланым» өлеңі» (1 сағат). Ақын жырларындағы Исатай бейнесі. Исатайдың батырлығымен қоса, оның сабырлы, парасатты азаматтық бейнесінің көрінуі. Өлеңдегі көркемдегіш құралдар. Әдебиет теориясы: теңеу. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу, теңеулерді табу, оларға түсінік беру, эпиграф таңдап алу, «Туады ерлер ел үшін» деген тақырыпта ойтолғау жазу. Пәнаралық байланыс: тарих. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Өтемісұлы. «Мен едім» өлеңі;

    3. «Абай Құнанбайұлы. Жетінші қарасөзі» (2 сағат). Абай – ұлы тұлға, кемеңгер ақын. Абайдың қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі орны. Ақынның туып-өскен, тәрбие алған ортасы. Шығармашылық жолы. Жетінші қарасөз. Абайдың прозалық үлгіде жазылған шығармалары туралы түсінік. Қарасөздерінің жазылу себептері. Ондағы философиялық ой, тәлім-тәрбиенің молдығы. Абайдың сөз өнері туралы айтқан пікірлерінің құндылығы. Әдебиет теориясы: қарасөз туралы түсінік. Тіл дамыту: мәнерлеп, түсініп оқу. Пәнаралық байланыс: тарих, география. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Абай. «Он жетінші сөз».

  5. «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» (19 сағат):

    1. «Ахмет Байтұрсынұлы. «Егіннің бастары» (1 сағат). А.Байтұрсынұлы – ақын, педагог, қоғам қайраткері. Шығармашылығына шолу. А.Байтұрсыновтың аударма мысал өлеңінің кейіпкерлеріне мінездеме. Өлеңдегі негізгі ой, басты идея – қарапайымдылық. Ақынның жастарды адамдыққа үндеуі. Әдебиет теориясы: мысал туралы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: А. Байтұрсынұлы. «Қара бұлт» өлеңі;

    2. «Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен қазақ» өлеңдері» (1 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы. Сұлтанмахмұт поэзиясындағы ел мен жер тағдыры, өнер, білімге деген құштарлығы және оның ақын поэзиясында көрінуі. Өлеңге арқау болған ақын арманы, өмірлік мұраты. Оның өз шығармаларында надандық пен қараңғылықты сынауы. «Алаш» ұранын ту етуі. Әдебиет теориясы: лирикалық қаһарман. Тіл дамыту: өлеңді жатқа оқу,туған жерге деген сезімді шағын ойтолғау арқылы беру. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география;

    3. «Жүсіпбек Аймауытов. «Әнші» әңгімесі («Қартқожа» романынан үзінді)» (2 сағат). Ж.Аймауытовтың ХХ ғасыр басындағы көрнекті ақын, жазушы, сыншы екендігі. ХХ ғасыр басындағы қала жастары өмірінің көрінісі. Олардың өнерді жоғары бағалауы. Әмірқандай әншінің прототипі қазақтың атақты әншісі, дарынды тұлға Әміре Қашаубаев екендігін түсіндіру. Балаларды әнді, өнерді құрметтеуге үйрету. Әншінің үнтаспаға жазылған әнін тыңдату. Әдебиет теориясы: әңгіме туралы. Тіл дамыту: түсініп оқу, жоспар құру, жоспар бойынша мазмұндау, талқылауға арналған сұрақтар әзірлеу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Әміре Қашаубаев туралы;

    4. «Мағжан Жұмабаев. «Сүйемін» өлеңі» (1 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы. Мағжанның өлеңдеріндегі адами биік қасиеттер. Өлеңдегі ақынның ішкі толқыныстары. Отанға, елге, жерге, отбасына деген махаббаттың орны. Әдебиет теориясы: лирика туралы. Тіл дамыту: мәнерлеп оқу, жаттау. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Жұмабаев. «Сағындым» өлеңі;

    5. «Бейімбет Майлин. «Айт күндері» әңгімесі» (2 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы. Әңгімедегі айт мерекесінің көріністері. Құрбан айттың өзіндік дәстүрлері. Адамдардың көңіл күй сезімдері және ақ тілектер. Айтқа қатысты тұрақты тілдік оралымдар. Әдебиет теориясы: әңгіме туралы түсінікті дамыту. Тіл дамыту: түсініп оқу, әңгімелеу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Торайғыров. «Қымыз» өлеңі;

    6. «Ілияс Жансүгіров. «Анам тілі», «Домбыра» өлеңдері» (2 сағат). Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы. Ана тілінің адамның дүниені танып, азамат болып қалыптасу жолындағы рөлі туралы. Домбыра өлеңінің мазмұны. Күй құдіретінің поэзия тілінде бейнеленуі. Әдебиет теориясы: лирика туралы. Тіл дамыту: ана тілі, домбыра, күй өнері туралы өзіндік пікірлерін білдіру. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка. Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Жұмабаев. «Қазақ тілі» өлеңі;

    7. «Мұхтар Әуезов. «Көксерек» әңгімесі (үзінді)» (2 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы.«Көксерек» әңгімесінің тақырыбы. Басты кейіпкер Құрмаш пен Көксеректің достығы. Әңгімедегі адам – табиғат арақатынасы. Жазушының басты мақсатының көрінісі. Әдебиет теориясы: әңгіме туралы түсініктерін кеңейту. Тіл дамыту: жоспар құру, жоспар бойынша мазмұндау, пікір алмасу. Пәнаралық байланыс: кино («Көксерек» кинофильмі). Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Әуезов. «Жетім» әңгімесі;

    8. «Ғабит Мүсірепов. «Автобиографиялық әңгіме» (1 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мәлімет. «Автобиографиялық әңгіме» - жазушының өз өмірінен алынып жазылған шығарма екендігі. Бекет Өтетілеуовтің ұстаздық тағлымының жазушыға өмірлік өнеге болуы. Шығарманың тақырыбы мен идеясы. Жанрлық ерекшелігі. Әңгіменің баяндау тілінің көркемдігі. Әдебиет теориясы: баллада туралы ұғым. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, электрондық оқулық (Ғ.Мүсірепов мұражайы телесабағы);

    9. «Зейін Шашкин.«Доктор Дарханов» романы (үзінді)» (3 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мәлімет. «Доктор Дарханов» романы дәрігерлердің өмірі мен қызметі туралы тұңғыш шығарма екендігі. Дәрігер Дарханов образы. Ұлттар арасындағы достық идеясы. Әдебиет теориясы: роман туралы. Тіл дамыту: әңгімені оқу, мазмұнын баяндау, образдарға мінездеме беру. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Х.Досмұхамедовтің еңбектері;

    10. «Жұбан Молдағалиев. «Мен – қазақпын» поэмасы (үзінді)» (1 сағат). Өмірі мен шығармашылығы туралы. Поэманың айрықша мән-маңызы. Қазақ елінің отаршылдық кезеңіндегі сыңаржақ түсініктер, ана тілін менсінбеу, өзінің қазақ екенін айтуға қорлану, туған халқын сатып жіберуге икемделген мәңгүрттер туралы. Поэманың халқымыздың ұлттық сана-сезімін оятуға, өзіне деген сенімін арттыруға, өз-өзіне құрметпен қарауға, отаншылдықты нығайтуға қосқан үлесі. Дастандағы халқымыздың жүріп өткен тарихи бел-белестеріне шолу, бүгінгісін бағамдауы. Поэманың көркемдік ерекшелігі. Әдебиет теориясы: поэма туралы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Тұманбай Молдағалиев. «Ана тілі» өлеңі;

    11. «Шерхан Мұртаза. «Жүз жылдық жара» әңгімесі (үзінді)» (2 сағат). Жазушының шығармашылық жолы туралы қысқаша мағлұмат. Әңгіменің тақырыбы. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қазақ ауылының ауыр тұрмысын суреттеуі. Байшынардың тарихынан әңгімелер. Мыңбұлақ аулының әсем табиғатын, Бақтияр бағының шипалы шөптерін көркем бейнелеуі. Әңгімедегі Жуанқұл, Дадабай, Қабасақал, Кенжекүл, Ахмет образдары. Халықтың наным-сенім, ырымдары хақында. Жуанқұлдың тағдыры арқылы жазушының айтпақ ойы. Жазушының экология мәселесін көтеруі. Әдебиет теориясы: әңгіме туралы. Тіл дамыту: әңгімені бөлімдерге бөліп, мәнерлеп оқу. Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ш.Мұртаза. «41-жылғы келіншек» әңгімесі (үзінді);

    12. «Қадыр Мырзалиев. «Жеті» өлеңі» (1 сағат). Ақын шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беру. Жеті санының мұсылман халықтары үшін, қазақ үшін қасиетті сан екендігін түсіндіру. Жеті ата, жеті қазына, т.б. туралы мысал келтіру. Әдебиет теориясы: лирика туралы. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Қ.Мырзалиев. «Мектеп» өлеңі.

  6. Қорытындылау (1 сағат).

  1   2   3